Онлайн газет



ДАЙЫНДЫҚ ШАРАЛАРЫ ПЫСЫҚТАЛДЫ

М.Манекеев,
«Ауыл жаңалығы».

Кеше, аптаның сейсенбісі күні аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудандық аумақтық сайлау комиссиясының ұйымдастыруымен Парламент Мəжілісі депутаттарының кезектен тыс жəне жергілікті мəслихат депутаттарының кезекті сайлауын өткізу мен дайындық жұмыстарына арналған   семинар-кеңес болып өтті.
Басқосуға аумақтық комиссиялардың төрағалары мен төрайымдары, орынбасарлары мен хатшылары қатысты. Сондай-ақ, сайлаудың өтетін күнінде немесе үгіт-насихат науқанында түрлі жағдайдың болу мүмкіндігін ескеріп, семинар-кеңеске аудандық прокуратура, әділет, мемлекеттік кіріс, ұлттық қауіпсіздік комитетінің аудандық бөлімшесі, төтенше жағдай, қазынашылық департаменттері, жергілікті полиция, ауылдық округ әкімдері жəне бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері шақырылды.
Семинар жұмысын аудан әкімі аппаратының басшысы Б.Ақбаев ашып, саяси науқанды әзірлеу мен өткізуді ұйымдастыру жауапты міндет екенін алға тартып, күн тәртібімен таныстырды.
Семинар барысында Қазақстан Республикасы Парламент Мəжілісі депутаттарының кезектен тыс жəне жергілікті мəслихат депутаттарының кезекті сайлауын әзірлеу мен өткізуді ұйымдастыру  туралы аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы А.Төлепбергенов баяндама жасады. Абдан Баяуұлы алдағы электораттық науқанның барлық қырларын нақты талқылай келе, электораттық үдерістің барлық қатысушыларына сайлау заңнамасы бойынша егжей-тегжейлі түсінік берді. Аудан тұрғындарын алдағы сайлау туралы ақпараттандыру жөнінде ауқымды жұмыс басталғанын айта отырып, аталған жұмыс шеңберінде сайлаушылардың сайлау күні дауыс беруге келуі үшін байзақтықтардың азаматтық белсенділігін арттыруға баса назар аударды.
Сондай-ақ сайлау науқанын өткізу барысында террорлық актілерге қарсы іс-қимыл туралы ҚР ҰҚК  Жамбыл облысы бойынша департаменті Байзақ аудандық бөлімшесінің аға жедел уәкілі Б.Мамыраев, науқан барысында заңдылықтың сақталуы жайында аудандық прокурордың аға көмекшісі Б.Қалыбаев, науқан уақытында өрт қауіпсіздігін сақтау мен төтенше жағдайлардың алдын алу туралы аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің бас маманы Г.Жамантаевалар хабарлама жасады.
Семинар жұмысын қорытындылаған Б.Ақбаев алдағы сайлаудың маңыздылығына көңіл аударып, оның өтуі барысында комиссиялар тарапынан кемшіліктің орын алмауы керектігін ескертті.

Обновлено 18.02.2016 10:50
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін114
mod_vvisit_counterКеше1189
mod_vvisit_counterОсы аптада1303
mod_vvisit_counterӨткен аптада10971
mod_vvisit_counterОсы айда40304
mod_vvisit_counterӨткен айда34753
mod_vvisit_counterБәрі2247690

Серіктестер