Онлайн газет



Бұл жолдау - ел ертеңі үшін жасалған

Е.Мырзақұлов,
Байзақ ауданы төтенше жағдайлар бөлімі бастығының міндетін атқарушы, өртке қарсы қызмет подполковнигі.

Тәуелсіздіктің 21 жылдығын салтанатты атап өту қазақ халқының жадындағы тарихи сәттердің біріне айналары

хақ. Олай деуге себеп: Қазақстанның Тұңғыш Президенті-Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев кешегі Тәуелсіздік күні салтанатына арналған жиында жұртшылыққа Жолдау арнап, мәңгілік ел болудың 2050 жылға дейінгі жаңа межесін айқындады. Тағы бір жағымды жайт, Тәуелсіздіктің салтанатты мәжілісі Елордадағы қазақ мәдениетінің ең биік тұғырына айналған, теңдесі жоқ өнер ордасы – «Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театрында тұңғыш рет өтіп, ғажайып мәдениет ордасының шымылдығы Қазақстанның жаңа стратегиялық бағдарын айқындайтын Жолдаумен ашылды.
Елбасы әдеттегідей Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты жиындағы сөзін ең алдымен еліміздің өткенінен бастады. Қазақ елінің 21 жыл бұрынғы тағдырлы тарихын көз алдына елестете отырып, бүгінгі биікті бағамдап берді. «Өткен күннен алысы жоқ, келер күннен жақыны жоқ» деген бабалардан қалған сөз бар. Тәуелсіздіктің 20 жылдық көкжиегінен көз жіберетін болсақ, біз ғасырларға татитын тарихи жолдардан өттік. Осыдан 21 жыл бұрын әлем жұртшылығы тәуелсіздігін енді ғана жариялаған Қазақстан Республикасын былай қойғанда, қазақ деген халықтың бар-жоғын әлі танып-білмейтін еді. Бүгінде әлем таныған, күллі дүниежүзі мойындаған Қазақстанның 21 жыл бұрынғы жағдайы дәл осындай болады деп сенудің өзі, шынында да, қиын еді. Бірақ бұл – бәріміз куә болған ақиқат дүние. Содан бері 21 жылда ұланғайыр ұлы табыстарға қол жеткізе алдық», – деді Н.Назарбаев. Сонымен қатар, Президент ел дамуының берік іргетасы қаланып, Ата заңымыз қабылданғанын, жаңа заңнамалық жүйе қалыптасқанын айтты. «Қазақстан – 2030» стратегиялық бағдары айқындалып, Тәуелсіздіктің төл перзенті – барша жұртшылық таңғалатын Астана салынғанына тоқталды. «Осылайша, Қазақстан қазір жаңғыру кезеңін артқа тастап, жаңа кезеңге аяқ басты. Дәл осы белес жаңа замандағы жаңа Қазақстанның орнын анықтады», – деді салтанатты жиынды ашып, сөз сөйлеген Нұрсұлтан Әбішұлы. Бұдан әрі Мемлекет басшысы елдіктің ендігі міндеті егемендік жылдары қол жеткізгеннің барлығын сақтап, ХХІ ғасырда орнықты дамуды жалғастыру екеніне тоқталды. Демек, басты мақсат – 2050 жылға қарай мықты мемлекеттің, дамыған экономиканың және жалпыға ортақ еңбектің негізінде берекелі қоғам құру. Ал мықты мемлекет дегеніміз не, сонда? Мұны Елбасының сөзімен сабақтасақ, мықты мемлекет экономикалық жедел өсу жағдайын қамтамасыз ету үшін аса маңызды болмақ. Мықты мемлекет күнкөріс саясатымен емес, жоспарлау саясатымен, ұзақ мерзімді дамумен және экономикалық өсумен  айналысады. «Мінеки, дәл осы себептен Тәуелсіздік күні қарсаңында, қымбатты менің отандастарым, сіздерге жаңа Жолдау  ұсынып отырмын. Бұл – еліміздің даму перспективаларына жасаған өзіндік пайымдауым. Бұл – жаңа саяси бағыт», – деп түйіндеді өз сөзін Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы.

 

Обновлено 10.01.2013 11:58
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін1584
mod_vvisit_counterКеше1876
mod_vvisit_counterОсы аптада7601
mod_vvisit_counterӨткен аптада10080
mod_vvisit_counterОсы айда33168
mod_vvisit_counterӨткен айда25735
mod_vvisit_counterБәрі2203898

Серіктестер