Онлайн газет



МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕР - ЕЛДІГІМІЗДІҢ АЙҒАҒЫ

М.Манекеев,
«Ауыл жаңалығы».

Кез келген елдің тәуелсіздігін оның мемлекеттік рәміздерінен бөліп алып қарауға

болмайды. Еліміздің егемендігі мен тәуелсіздігінің қасиетті нышандарын қадірлеу – Қазақстанды Отаным дейтін, өз тағдырын және ұрпақтарының келешегін қазақ жерімен байланыстыратын барша қазақстандықтың Отан алдындағы қасиетті міндеттерінің бірі.
Жуырда Сарыкемер ауылындағы «Қазақстанның 40 жылдығы» атындағы орта мектебінің акт залында Жамбыл облысы әкімдігі ішкі саясат басқармасының қолдауымен «Жамбыл облысы білімгерлер және жастар одағы» жастар қоғамдық бірлестігінің ұйытқы болуымен «Мемлекеттік рәміздер – елдігіміздің айғағы» тақырыбында конференция өткізілді. Аталмыш конференцияға аудан әкімдігі ішкі саясат бөлімінің бастығы М.Махамбетов, аудандық жастар орталығының директоры А.Абдуалиев, облыстық студенттік құрылыс тобы штабының төрағасы А.Әжібаев, «Жас патриот» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Б.Мурбеков, мектеп әкімшіліктері мен ұстаздар және оқушылар қатысты.
Жиын барысында конференция ұйымдастырушысы «Жамбыл облысы білімгерлер және жастар одағы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы О.Мурбеков мемлекеттік рәміздерге деген құрмет бала күннен бастау алуы қажет екенін, әсіресе, жастар арасында қолдауға ие болғаны дұрыстығын айта келе, «Отанға деген құрмет мемлекеттік рәміздерге деген ыстық ықыластан басталады. Сондықтан, біз, жастар мемлекеттік нышандарымызды қастерлеп, қадірлеуіміз қажет. Жастар – қоғамның біртұтас күші. Бірлік пен береке болған жерде алар асуымыздың биік болары анық. Ұлттығымызды, егемендігімізді айғақтайтын белгілерді жүрегімізде сақтайық»-деді.
Жастар атынан сөз алған «Қазақстанның 40 жылдығы» атындағы орта мектептің 11-сынып оқушысы Е.Убайдалов еліміз үшін бағалы белгілерді құрметтеп, олардың қадір-қасиетін жастардың бойына сіңіруге бар күш-жігерлерін салатындықтарын жеткізді.
Өз кезегінде сөзге шыққан аудан әкімдігі ішкі саясат бөлімінің бастығы М.Махамбетов: «Биыл еліміздің Мемлекеттік рәміздерінің қабылданғанына 20 жыл толды. Әнұран, Елтаңба мен көк байрағымыз - Қазақстанның егемендігін, азаттығын паш ететін нышандар. Еліміздің өткені мен болашағының сабақтастығы, алтын діңгегі. Баршамыз үшін қымбат та қастерлі құнды белгілер. Мемлекеттік нышандарымыз республикамыздағы бірліктің бітімі, берекенің бастауы болғаны белгілі. Халқымыздың қаһармандығы мен даналығын айғақтайтын рәміздеріміз елдік рухты көтеріп, абыройымызды асқақтатты. Тәуелсіздігіміз тұғырлы болып, Мемлекетіміздің әлемдік аренадағы бақ-беделі арта берсін» деген ізгі тілегін жеткізе отырып, конференция ұйымдастырушыларына ризашылық сезімін білдірді.

 

Фото: А.Алдабергенов

Обновлено 10.01.2013 11:52
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін1255
mod_vvisit_counterКеше1876
mod_vvisit_counterОсы аптада7272
mod_vvisit_counterӨткен аптада10080
mod_vvisit_counterОсы айда32839
mod_vvisit_counterӨткен айда25735
mod_vvisit_counterБәрі2203569

Серіктестер