Онлайн газет



Ауыл тынысы

Бурыл ауылдық округі

Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың «Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты атты Жолдауында «Бесекеге қабілетті дамыған мемлекет болу үшін біз сауаттылығы жоғары елге айналуымыз керек... Қазіргі әлемде жай ғана жаппай сауаттылығы жеткіліксіз болып қалғаны қашан. Біздің азаматтарымыз үнемі ең озық жабдықтармен және ең заманауи өндірістерде

жұмыс жасау машығын меңгеруге дайын болуға тиіс» деп атап көрсеткен болатын.
Осыған орай PIRLS халықаралық зерттеулер аясында бастауыш сынып оқушыларының функционалдық сауаттылығын қалыптастыру қолға алына бастады.
PIRLS зерттеуі – бастауыш сынып оқушыларының мәтінді оқу және түсіну сапасын зерттеуге арналған. Халықаралық жоба бесжылдық мерзіммен өткізіледі (2001, 2006, 2011, 2016) 2015 жылы апробациялық зерттеуі, ал 2016 жылы негізгі зерттеуі өткізіледі.
Ауданымызда «PIRLS-2016 Халықаралық апробациялық зерттеуге дайындық» Бурыл орта мектебінде болып өтті. Оған аталмыш оқу ошағындағы 4 «ә», 4 «г» сыныптарының оқушылары қатыстырылды. Нәтижесін байқау мақсатында Бурыл орта мектебінде жуырда аудандық семинар ұйымдастырылды. Іс-шараны ашқан аудан әкімдігі білім бөлімінің әдіскері А.Нургелова PIRLS халықаралық зерттеуі, оның басты мақсаты жөнінде түсіндіріп өтті. Семинар барысында мектептің мұғалімдері ашық-сабақтар мен тренингтер жүргізді, өзге мектептерден келген мұғалімдермен тәжірибе алмасты.

Дихан ауылдық округі

Пайғамбарымыз (с.ғ.с)  туылған күні Мәулітке орай  аудан аумағындағы  мешіттерде  «Мәуліт-пайғамбарды ұлықтау мерекесі», «Қош келдің, Мәуліт!» атты  шаралар өтті.
Дихан ауылдық округіндегі “Дихан ауылы” мешітінде   өткен Мәуліт мерекесінде имам Әбдіқұл қажы, “Қалмұрат баба” мешітінің имамы  Бақытбек Сағымбаев,  “Аймантөбе“ мешітінің имамы Кенжехан Рахманов, “Ақжар” мешітінің имамы Лесбек қажы, “Жантай ата” мешітінің имамы  Бекжан Жұмағұловтар  жиналғандар алдында Алла тағаланы ұлықтап, барша мұсылман қауымы ардақ тұтар Мұхаммед пайғамбарымызға (с.ғ.с) салауат айтты. Мәуліттің шығу тарихына, пайғамбарымыздың (с.ғ.с) өнегелі өміріне  тоқталды.  Қасиетті айда жасалатын  игілікті істер туралы уағыз айтылды. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Кім мені сүйсе, менімен жаннатта бірге болады», немесе «Маған бір салауат айтсаңдар, мен сендерге он салауат айтамын», - деген. Мәулітті ұлықтаған шарада ардақты  пайғамбарымызға (с.ғ.с)  айтылған салауаттар мен  оқылған Құранның  аяттарынан рухани азық  алған көпшілік кең жайылған  дастарханнан дәм татты. 
Шара соңында  көп балалы тұрмысы төмен отбасыларға азық-түлік өнімдері үлестірілді.

Суханбаев ауылдық округі

Өткен жылы елімізде Қазақ хандығының 550 жылдығы кең көлемде аталып өтілгендігі белгілі. Тарихымызды өнеге тұту ұлы парыз. Аталмыш даталы күнге байланысты Қарасу орта мектебінің оқушылары түрлі аудандық, облыстық, республикалық деңгейдегі жарыстарға қатысып, алдыңғы қатардан көріне білді.
«Қасым ханның қасқа жолы, Есім ханның ескі жолы» атты ғылыми жұмысымен аталмыш мектептің 8-сынып оқушысы Д.Қуанышқызы І дәрежелі Дипломмен марапатталса, Алматы қаласында өткен республикалық байқауда жыр-дастан оқудан 6-сынып оқушысы С.Рахманқұл бас жүлдені жеңіп алды. Бұл додадан қарасулық жас жеткіншек Е.Ержас та жүлдемен оралды. Ермек жарыстың үшінші тұғырынан көрінді. Қазақ хандығының 550 жылдығына орай өткізілген қолөнерлер сайысында бұл мектептің 5-сынып оқушысы Ж.Боранбайқызы «Ұлы даланың дарабоздары» тақырыбындағы қол өнер туындысымен жүлделі ІІ орынды иемденді. Айта кетерлік бір жәйт, өнерлерімен өзгелерді таңқалдырып, аудан абыройын, мектеп мәртебесін арттырған оқушыларды дайындаған білікті ұстаздар Қ.Өзенбаев, Ж.Боранқұлова, Ж.Жолшыбековалар еді.

 

Обновлено 14.01.2016 11:39
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін316
mod_vvisit_counterКеше884
mod_vvisit_counterОсы аптада316
mod_vvisit_counterӨткен аптада10971
mod_vvisit_counterОсы айда39317
mod_vvisit_counterӨткен айда34753
mod_vvisit_counterБәрі2246703

Серіктестер