Онлайн газет



Реформаның бастауы-кәсіби мемлекет құру

Мұратхан Шүкеев,
Байзақ ауданының әкімі.

Тәуелсіздік алысымен еліміз өзіндік даму жолына түсті. Елбасымыздың сындарлы саясатының арқасында алған асуымыз бен  жеткен жетістіктеріміз, ұйысқан бірлігіміздің арқасында әлемге танылдық.    
Бүгінгі таңда жаһандық қаржылық дағдарыс пен дүниежүзіндегі саяси ахуал барлық мемлекеттерге өз салқынын

тигізуде. Қым-қуат кезеңдегі дағдарыстан шығудың жолдарын, одан әрі қарай дамуымызды айқындап берген Мемлекет басшысының “Қазақстан-2050” стратегиясы, “Нұрлы Жол” инфрақұрылымдық даму мемлекеттік бағдарламасы, Индустрияландырудың екі бесжылдығы, “5 институционалды реформа” және оны іске асырушы “100 нақты қадам” Ұлт  жоспарының алатын орны айрықша.
Әсіресе Елбасымыз «Ұлт жоспары – қазақстандық арманға бастайтын жол» мақаласында 2016 жылдың 1 қаңтарынан «5 институционалды реформаны жүзеге асыру бойынша 100 нақты қадам» – Ұлт жоспарын орындаудың практикалық кезеңі басталды» деп атап өтті. Шындығында да  Ұлт жоспарында - Қазақстанды кең ауқымды жаңғырту жобасында тұтас мемлекеттің дамуын жоғары әлемдік стандарттарға сәйкес белгілеу, оның ішінде мемлекетті кәсібилендіру, шығынсыз экономикаға қадам басу, инновациялық индустрияландыру негізінде елімізді тереңдете жаңғыртудың негізгі бағыттары жүйеленіп, атқарылатын нақты қадамдар көрсетіп берілген.  
Елбасымыз мемлекетті, экономика мен қоғамды дамыту үшін қағидатты жаңа құқықтық орта қалыптастыратын 59 заң күшіне енгенін және олардың біздің қазақстандық арманымыз – ХХІ ғасырда көшбасшы отыз ұлттың бірі болуға қол жеткізуімізге жол ашатынын тілге тиек етті.
Алға мақсат еткен реформамыздың біріншісі «Мемлекеттік қызмет туралы» жаңа Заң негізінде мемлекеттік аппараттың тиімділігін арттыруға бағытталған.
Қазір қазақстандық мемлекеттік қызметті дамытудың жаңа кезеңі басталып кетті. Елбасының Жарлығымен Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі министрлік, оның құрылымында – Жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың ұлттық бюросы құрылды. Осылайша, тек мемлекеттік қызмет жүйесі ғана емес, сондай-ақ, жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жасайтынтын, яғни жемқорлық көріністерінің барынша алдын алуға бағдарланған жүйе де жаңғыртылып отыр. Бұл жерде жемқорлықпен күрестің өзі барынша дәйекті бола түсті және жүйелі сипатқа ие болды.
Жемқорлыққа қарсы жаңа заңнамамен өзара байланыста және сонымен қатарласа қабылданған Мемлекеттік қызмет туралы жаңа заң мемлекеттік қызметтің жаңартылған моделінің негізгі шеңберлерін және мемлекетті басқарудың барлық жүйесінің тиімділігін күшейту бойынша одан арғы іс-қимылдардың рет-тәртібін айқындады.
Жүргізіліп жатқан реформалардың басты міндеті - кәсіби мемлекеттің аппараттың, мемлекеттік басқарудың халыққа адал қызмет етуге бағытталған үлгісін қалыптастыру. Өйткені ел басқаратын, елге қызмет ететін мемлекеттік аппараттың кәсібилігіне тікелей байланысты. Әкімшілік мемлекеттік қызметшінің мансабы оның біліктілігі және жинақтаған тәжірибесі есепке алына отырып,мемлекеттік қызметке орналасу тек кешенді іріктеу мен жұмысты тек төменгі лауазымдардан бастаудың нәтижелері бойынша жүргізіледі. Мұнымен қатар мемлекеттік қызметшінің жұмыс тәжірибесі, мансаптық ілгерілеуінің басты шарты болады және мұнда да тек конкурстық негізде жүзеге асырылады. Мемлекеттік қызметке ашық конкурс арқылы және Кадр саясаты жөніндегі ұлттық комиссияның шешімі бойынша келісімшарттық негізде мемлекеттік емес сектордағы басқарушылар қатарынан азаматтар және шетелдік менеджерлерді тартуға мүмкін болады.
Сонымен қатар, мемлекеттік қызметшіге еңбекақы төлеудің жаңа жүйесі оның біліктілігі мен атқаратын жұмысының сипатына, көлемі мен нәтижесіне байланысты заң тұрғысынан бекітіледі. Аса нәтижелі қызмет үшін бонустар төлеу қарастырылып отыр. Мұндай жүйені 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап енгізу жоспарланғаны баршамызға белгілі.
Үстіміздегі жылдың қаңтар айынан бастап «Б» корпусындағы мемлекеттік қызметшілердің еңбекақылары Елбасы Жолдауында айтып өткендей 30 %-ға жоғарылайтын болды.
Төртіншіден, заңда саяси мемлекеттік қызметшілер ауысқан кезде мемлекеттік аппараттың автономдығы мен тұрақтылығы қағидаты нақты жазылды.
Бесіншіден, шенеуніктер ортасында этикалық нормаларды бұзуға әкелетін және жемқорлық құбылыстар туындататын жағдайлардың алдын алу бойынша қатаң шаралар қарастырылды.
Мемлекеттік қызметшілердің жұмыс пен тұрмыстағы жүріс-тұрысының қалыптары регламенттелген Мемлекеттік қызметшілердің жаңа этикалық кодексі қолданысқа енгізілді.
Сондай-ақ, Елбасымыз жаңа институт – этика бойынша өкілетті өкілдер институтын құруды көздеп, олар азаматтар мен мемлекеттік қызметшілерге кеңес беріп, олардың құқықтарын қорғауды қамтамасыз ететіні жөнінде заңнамада көрініс тапты.
Алтыншыдан, мемлекеттік қызмет туралы жаңа заңның маңызды қыры оның құқық қорғау органдарына да қатысты болатынымен байланысты.
Жетіншіден, жаңа заң негізінде және еңбекке ақы төлеудің жаңа жүйесі енгізілгеннен кейін «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік қызметшілерін жаңа біліктілік талаптарына сәйкестігі бойынша кешенді аттестаттаудан өткізу жоспарланып отыр.
Қызметшілердің біліктілігін 3 жылда бір реттен кем болмайтындай етіп міндетті түрде арттырыпотырузаң тұрғысынан бекітілетінін айтты.
Осылайша мемлекеттік қызметті жаңғыртудың негізгі қырларын Елбасымыз жан-жақты атап өтіп, оны Қазақстандағы барлық жаңғырту үдерісі ой-ниеті табысының шешуші тетігі ретінде қарастырып отырғанын өз мақаласында атап өтті.
Жалпы бүгінгі таңда мемлекеттік қызметшілер - мемлекеттік сала қызметін іске асыратын,  әуелсіз мемлекетіміздің негізгі құраушы бөлігі.  Аудан әкімі аппараты, әкімдіктің бөлімдері мен ауыл, ауылдық округ әкімдері аппараттарында жалпы штат бойынша 213 мемлекеттік қызметші болса, бүгінгі таңда 198 мемлекеттік қызметші еңбек етуде.
«Біз көптеген сынақтарға абыройлы төтеп бердік, шынықтық, рухымызды күшейттік. Біз жаңа Қазақстанды - Ұлы Дала Елін құрдық. Ұлт жоспарын орындай отырып, біз өзіміздің Ұлттың Өрлеу Дәуірінің көкжиектерін кеңейтеміз, өзіміз Тәуелсіздік жылдары ішінде қол жеткізген және бізге жаһандық даму берген барлық мүмкіндіктерді пайдаланамыз. Әлемде, сөз жоқ, үшінші әлемнен біріншіге қадам басқан елдердің мысалдары бар. Біз олардың жарқын тәжірибелерін зерттейміз және ескереміз.
Қазір біз экономиканың, мемлекет пен қоғам дамуының ең табысты жаһандық модельдерін өлшем ретінде аламыз. Бүгінде әлемде өзінің жалпыұлттық арманын ұмыт қалудың жүзжылдығынан шыға отырып, әлемнің ең ұлы ұлттарымен бір қатарда тұру тұрғысында бейнелейтіндер кем де кем. Біз Қазақстанның осынау тарихи тағдырына сенеміз.
Мен қазақстандықтарды Ұлт жоспарын жүзеге асыруға және реформаларды жүргізуге барынша белсенді қатысуға, олар ашатын мүмкіндіктерді пайдалануға шақырамын. Біз өзіміздің қазақстандық арманымыздың орындалуына және Қазақстанның өркендеуіне сенімді түрде қол жеткізетін боламыз!», - дейді Мемлекет басшысы.
Қазіргі жаһандық дағдарыстың салдарынан экономикамыз тап болған бүкіл қиындықтарға қарамастан, халықтың жағдайын жақсартуға бағытталған әлеуметтік қолдау  толығымен көрсетілуде. Өңірлерді дамыту, жаңа жұмыс орындарын ашу, бәсекеге қабілетті өнімдер шығару жолында ауданымызда да көптеген жұмыстар атқарылуда. Жалпы Елбасының жаңа жылдың алғашқы күндерінде жарияланған мақаласы алда тұрған қиындықтарды жеңу үшін іргелі істерді атқаруға, туған Отанымыз үшін еселі еңбек етуге үндейді.  Сондықтан, азаматтардың қажеттіліктері мен сұраныстарына жауап бере алатын кәсіби аппаратты құру бойынша алдымызда тұрған аса ауқымды міндеттер іске асқан мезетте мемлекеттік басқару жүйесіне деген халықтың сенімі ұлғая беретіндігі ақиқат.
Ал ең бастысы әлемдік дағдарыс жағдайында сын-қатерлерлің алдын алу халықтың  біртұтастығы мен  бірлігінде екені даусыз. Қоғамдық келісім мен ұлттық бірлікті нығайту арқылы бабалар даңқына даңқ қосып,  абыройын арттырып, беделін биікке көтерген сайын ел тұғыры биіктей беретін болады.

 

Обновлено 14.01.2016 11:36
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін1064
mod_vvisit_counterКеше884
mod_vvisit_counterОсы аптада1064
mod_vvisit_counterӨткен аптада10971
mod_vvisit_counterОсы айда40065
mod_vvisit_counterӨткен айда34753
mod_vvisit_counterБәрі2247451

Серіктестер