Онлайн газет



Сот жүйесіндегі оң өзгерістер

Д.Тасыбаев,
Байзақ аудандық сотының төрағасы.

Өткен 2015 жыл мерейлі мерейтойлармен ел халқы үшін есте қаларлықтай болғаны белгілі. Биылғы жыл да жағымды жаңалықпен басталғалы отыр. Қазақстандықтар Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жуырда жариялаған «Ұлт жоспары – Қазақстандық арманға бастайтын жол» атты мақаласын ерекше ықыласпен қабылдады.
Елбасы бұл жолы да елдік мәселелерге мән берген. Мақалада үстіміздегі жылдың 1 қаңтарынан бастап «5 институттық реформаны жүзеге асыру бойынша 100 нақты қадам» Ұлт жоспарын орындаудың практикалық кезеңі басталатындығы айтылып, мемлекетті, экономика мен қоғамды дамыту үшін қағидатты жаңа құқықтық орта қалыптастыратын 59 Заң күшіне енетіндігі мәлім етілді.
«Ұлт жоспары – Қазақстандық арманға бастайтын жол» атты аталмыш мақалада сот жүйесіне барынша сенім арттырылған.
Оның ішінде «Құқық тәртібі және заңдылық» бөлімінде Қазақстанның бүкіл құқық қорғау жүйесінде азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету, заңдарды қатаң орындау және құқық тәртібін нығайту біздің басты ұстанымымыз болуы керектегі айтылып, бұл тұрғыда Азаматтық іс жүргізу кодексі мен «Жоғары Сот Кеңесі туралы» Заң қабылданғандығын, сонымен қатар «Сот жүйесі және судьялардың мәртебесі туралы» Конституциялық заңға, Қылмыстық іс жүргізу кодексіне және Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске қажетті өзгерістер енгізілген. Мұндай жаңартулар әлбетте сот жүйесіне сенімділікті нығайтып, әділ соттың салтанат құруына ықпал ететіні анық. 
Ұлт көшбасшысы бұл саладағы басты кемшіліктерді де атап өтті. Айталық, мақаладағы «Қазақстан соттарын реформалаудағы темірқазық мәселе – сапалы судьялар корпусын жасақтау, Судьялыққа кандидаттарды іріктеудің қатаң тетігі мен оларға қойылатын жоғары біліктілік талаптары заң тұрғысынан қарастырылған» деген сөздер сот жүйесінің жақсаруына оң әсер етеді деп білеміз.
Нұрсұлтан Әбішұлының: «сот төрелігін үлкен өмірлік тәжірибесі бар және жоғары моральдық ұстанымдарға ие ең лайықты әрі барынша дайындалған кәсіби шеберлер жүзеге асырулары тиіс» деуі уақыт талабынан туындаған міндет деп есептеймін. Бұл орайда, ендігі жерде Жоғары Сот судьялыққа үміткерлерге қойылатын біліктілік талаптары да күшейтілетін болды. Әрі судьяларды іріктеу мен тағайындау ашық түрде өткізіледі.
Мақалада сот төрелігінің бес сатылы жүйеден үш буынды жүйеге өтуі де айтылған. Тек бірінші, аппеляциялық және кассациялық инстанциялар қалады және олардың рөлдері күшейтіледі екен. Соттағы істің әділ өтуіне әсер ететін тағы бір жағдай ол, сот ісі – аудио және видеожазулардың аппаратураларымен жарақтандырылады және жазбаларды тоқтатуға немесе редакциялауға мүмкіндік берілмейді. Әрине, бұл қадамға бару арқылы қарапайым халық сот процесінің әділ өткендігін байқай алады.
Жалпы, мақаладағы әрбір мәселе, оның ішінде сот саласына қатысты түйіткілді жаңартулар адам және оның құқықтарымен бостандықтарын қамтамасыз етуге тікелей бағытталған деуге болады. Бұдан байқайтынымыз, ұлтты ұлы істерге ұйыстыратын Ұлт жоспары шындығында да ұлы арманға бастайтын жол.

Обновлено 14.01.2016 11:29
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін914
mod_vvisit_counterКеше884
mod_vvisit_counterОсы аптада914
mod_vvisit_counterӨткен аптада10971
mod_vvisit_counterОсы айда39915
mod_vvisit_counterӨткен айда34753
mod_vvisit_counterБәрі2247301

Серіктестер