Онлайн газет



Елбасымыздың ел қамын ойлауы- ұлылықтың белгісі

Н.Бейсенов,
ардагер.
Түймекент ауылы.

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлт жоспары-қазақстандық арманға бастайтын жол» атты мақаласын теледидардан естіп, мақаламен жан-жақты таныстым. Мақала маған үлкен ой салды.
Қазіргі әлемдік дағдарыс заманында, Елбасымыздың ел қамын ойлап, мұндай қадамға баруы-құптарлық іс, қуанышты хабар дегім келеді.
Жаңа жылдан бастап дәрігерлер мен мұғалімдердің жалақылары 28-29 пайызға көтерілді. Барлық зейнеткерлердің зейнетақысы өседі, мемлекет қызметкерлерінің жалақысы да көтеріледі. Мұндай қамқорлықтар  қызметкерлерді алдағы уақытта  сапалы жұмыс істеуге жігерлендіріп, ілгері жылжуымызға жол ашады.
Қазіргі таңда көптеген шет елдерде, қаржылық күйзелістің әсерінен толқулар, ереуілдер бой көтеруде. Ал біздің елімізде, басқа салаларды айтпағанның өзінде, әлеуметтік саланы жақсарту бойынша іс-шараларды жүзеге асыруда, Елбасы Жолдауларындағы көрсетілген міндеттерді орындауда әр қазақстандық күш салуда.
Құдайға шүкір, қазір Қазақстанда тыныштық, бейбітшілік орнаған. Ата-бабамыз айтқандай, «Қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған заман» болып тұр. Мұның барлығы Елбасымыздың көреген, сарабдал сара саясатының арқасы деп білеміз.  Әрі еліміздің ынтымағы мен бірлігі, татулығының нәтижесі. Бір сөзбен айтқанда, мақаланы оқи отырып түйгенім, Ұлт жоспары ұлы істерге бастайды. Онда Елбасы дүниежүзілік дағдарыстан шығудың нақты жолдарын, қалай шығу қажеттігін жан-жақты айтып берді. Енді тек қана, сол міндеттерді абыроймен орындау ғана қалды. Ендеше, ел болып бірлігімізді бекемдей түсіп, игі істерге қарай ұйысайық!

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін196
mod_vvisit_counterКеше884
mod_vvisit_counterОсы аптада9594
mod_vvisit_counterӨткен аптада11524
mod_vvisit_counterОсы айда39197
mod_vvisit_counterӨткен айда34753
mod_vvisit_counterБәрі2246583

Серіктестер