Онлайн газет



Жемқорлықты болдырмау- басты міндет

Елімізде сыбайлас жемқорлықпен күрес күшейтіле бастады. Елбасы тапсырмасымен жүйелі түрде жүзеге асырылып жатқан бұл мәселе күн тәртібінен түспей, пысықталып келеді. 
Жең ұшынан жалғасқан – жемқорлықпен күресті одан әрі жалғасытыру жайында  Елбасының үстіміздегі жылдың 1 қаңтарында жариялаған  5 институттық реформаны жүзеге асыру бойынша 100 нақты қадамның  практикалық кезеңіне арналған  «Ұлт жоспары – қазақстандық арманға бастайтын жол» атты мақаласында да кеңінен айтылды.
Онда Президентіміз елімізде Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі министрлік, оның құрылымында – жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың ұлттық бюросы құрылғанын мәлімдеп, ендігі жерде жемқорлыққа қарсы іс-қимыл танытатын, жемқорлық көріністерінің алдын алуға бағдарланған жүйе жаңғыртылатындығын атап өтті.
Жұма күні «Нұр Отан» партиясы Байзақ аудандық филиалында  маңызды мәселені қаузаған жиын болып өтті.
«Нұр Отан» партиясы Байзақ аудандық филиалы жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңес мүшелері мен бастауыш партия ұйымдарының төрағалары қатысқан семинар-кеңесте сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу, оның алдын алу мәселелері кеңінен қозғалды. Жиын  барысында сонымен қатар, 2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағдарламасын іске асыру жайы да қаралды. Бұл бойынша сөз сөйлеген «Нұр Отан» партиясы Байзақ аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Н.Тлепов қоғам үшін өте өзекті мәселе – жемқорлықтың алғышарттарын жою жолында күш біріктірудің маңыздылығын әңгімеледі. Еліміздің бас партиясы «Нұр Отанның» басты ұстанымы да осы екендігін баса айтты.
Мұнан соң сөз алған «Нұр Отан» партиясы Байзақ аудандық филиалы жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңесінің төрағасы Р.Сәрсенов еліміздің ілгері жылжуына кері әсерін тигізіп отырған – жемқорлықты болдырмау басты міндет екендігін, ол үшін әрбір азамат өз құқығын білуі керектігін алға тартып «Сен берме, мен алмаймын» қағидасын ұстанудың тиімділігін тілге тиек етті.
Семинар-кеңес барысында оған қатысушылар өз ойларын ортаға салды. Құқықтық сауаттылықты арттыру, тәрбиені отбасы, балабақша, мектептен бастау, жемқорлық жайында жастар арасында түсіндірме жұмыстарын жүргізу, байқаулар ұйымдастыру мәселелері көпшіліктің талқылауына түсіп, ұсыныстар айтылды.

Өз тілшіміз.

Обновлено 13.01.2016 10:52
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін445
mod_vvisit_counterКеше884
mod_vvisit_counterОсы аптада445
mod_vvisit_counterӨткен аптада10971
mod_vvisit_counterОсы айда39446
mod_vvisit_counterӨткен айда34753
mod_vvisit_counterБәрі2246832

Серіктестер