Онлайн газет



ҮЛесімізді қосайық

Р. Шәметов, 
Байзақ ауданының Құрметті азаматы.

Елбасымыз  Н.Назарбаевтың «Ұлт жоспары – қазақстандық арманға бастайтын жол» атты  саяси мақаласын тыңғылықты  оқып шықтым.
“Әр ұрпақтың өз арманы бар, оларда тек жеке және отбасылық игіліктерге ғана ұмтылыс көрініс таппайды.
Оларда қашанда туған жерге деген сүйіспеншілік сезімі, өз халқы мен Отанының бақыты туралы аңсар айқын көрінеді.
Ата-бабаларымыздың көптеген ұрпақтары үшін Қазақстанның Тәуелсіздігі асыл арман болып келді.
Біз олардың азат және тәуелсіз Отанды аңсаған көп ғасырлық қиялдарын

іс жүзіне асырдық.
Біз, қазіргі қазақстандықтар үшін Тәуелсіздік көпэтносты қоғамымыздың нақты жоғары өмірлік құндылығына айналды” деп басталатын құжатта Елбасымыз  ел алдында тұрған ауқымды  істерді жүзеге асырудың жолдарын   нақтылап көрсеткен екен.
Қай халық үшін де тәуелсіздік-қастерлі ұғым.Өйткені тәуелсіздіктің жолы қиындыққа толы болатындығы тарихтан белгілі. Халқымыз талай аумалы-төкпелі замандарды бастан кешті, осы ауыртпалықтың бәрін көтере білді, жасымайтын жігер танытып, асқақ арманға ұмтылды. Ата-балаларымыз тәуелсіздік үшін ғасырлар бойы күресті.  Сол бабалар аңсаған тәуелсіздікке 1991 жылы 16 желтоқсанда қолымыз жетті. Өткен ғасырдың тоқсаныншы жылдарындағы қиындықтарды еңсере білген көп ұлтты қазақ елі  қуатты елге айналды. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың көреген саясатының, қажырлы еңбегінің арқасында еліміз төрткүл әлемге танылды.
Тәуелсіздік алысымен мемлекеттік шекарамыз айқындалып, елдің тұтастығы, жердің бүтіндігі қамтамасыз етілді. Сарыарқаның төсінен көтерген Астана  қаласы бой көтеріп, ел мақтанышына айналды. Мәдениетіміз бен тарихымыз, тіліміз, дәстүр-салтымызбен қауыштық.
“Біз көптеген сынақтарға абыройлы төтеп бердік, шынықтық, рухымызды күшейттік. Біз жаңа Қазақстанды – Ұлы Дала Елін құрдық.
Ұлт жоспарын орындай отырып, біз өзіміздің Ұлттың Өрлеу Дәуірінің көкжиектерін кеңейтеміз, өзіміз Тәуелсіздік жылдары ішінде қол жеткізген және бізге жаһандық даму берген барлық мүмкіндіктерді пайдаланамыз” деп Елбасымыз айтқандай, тағдырдың жазуымен  қазақ жеріне қоныстанған сан түрлі ұлт өкілдері арманы ортақ біртұтас халыққа айналды. Қазақстан халқын бір атаның баласындай бір шаңырақ астында бауырластырып, олардың әрқайсысына туған тілін, дінін, мәдениетінің гүлденуі мен ұлт ретінде ұйыса дамуына еркіндік  берген Елбасы жаңа заманның тарихын жасады, жаңа мемлекеттің келбетін қалыптастырып, халқын ұлы істерді атқаруға   жұмылдырып отыр. Бірлігі берекелі, тірлігі мерекелі, ынтымағы жарасқан  елімізде 2015 жылы айтулы мерекелер аталып өтілді.
Әлемдік экономикалық дағдарысқа, табиғи апаттарға  қарамастан елімізде  тыныштық пен татулық салтанат құрған.  Ендігі жерде  Қазақстан дамуының негізгі бағыттары айқындалып,  көрсетілген Ұлт Жоспарын, онда көрсетілген маңызды реформаларды іске асыруға атсалысайық, ағайын!

 

Обновлено 13.01.2016 10:51
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін456
mod_vvisit_counterКеше884
mod_vvisit_counterОсы аптада456
mod_vvisit_counterӨткен аптада10971
mod_vvisit_counterОсы айда39457
mod_vvisit_counterӨткен айда34753
mod_vvisit_counterБәрі2246843

Серіктестер