Онлайн газет



Мемлекеттік қызмет-абыройлы міндет

С. Медеубеков,
Жалғызтөбе ауылдық округінің әкімі.

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Ұлт жоспары-қазақстандық  арманға бастайтын жол” атты  еңбегінің  екінші бөлігі «Мемлекетті кәсібилендіруге, яғни осы мемлекеттік аппараттың тиімділігін арттыруға бағытталған. Осы қадамдар арқылы мемлекеттік қызметкерлерге қойылатын талаптар,  мемлекеттік қызметшілерді ынталандыру,  мансаптық өсу баспалдағы, мемлекеттік қызметшіге еңбекақы төлеудің жаңа жүйесі, жалпы  мемлекеттік қызметті жаңғыртудың негізгі қырлары айтылған.
Бүгінде елімізде мемлекеттік қызметті жетілдіруге бағытталған реформалар жүргізіліп, жыл өткен сайын мемлекеттік қызметшілерге қойылатын талаптарды қатаңдату арқылы халыққа қызмет етудің сапасы артып келеді. «Мемлекеттік қызмет туралы» 1999 жылы 23 шілдеде заң қабылданған болатын. Қолданыстағы осы заң бүгінгі күнге дейін бірнеше рет өзгертіліп, толықтырулар енгізілді.  2013 жылы 23 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 20 қаңтардағы №3827 «Қазақстан Республикасындағы кәсіптік және өзге де мерекелер туралы» Жарлығымен  23 маусым-Қазақстан Республикасында «Мемлекеттік қызметшілер күні» болып жариялануына байланысты өзгерістер енгізілді. Бұдан басқа, 2013 жылы 19 ақпанда Мемлекет басшысының Жарлығымен «Үздік мемлекеттік қызметші» төсбелгісі бекітілді.
Мемлекет басшысының “Ұлт жоспары-қазақстандық  арманға бастайтын жол” атты  мақаласынан қазақстандық мемлекеттік қызметті дамытудың жаңа кезеңінің бастау алғандығын сезіндік. Елбасының  Жарлығымен Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі министрлік, оның құрылымында – Жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың ұлттық бюросы құрылып отыр.  Негізінен Мемлекеттік  қызмет туралы жаңа заң мемлекеттік қызметтің жаңартылған моделінің негізгі шеңберлерін және  мемлекетті басқарудың барлық жүйесінің тиімділігін күшейту бойынша одан арғы іс-қимылдардың рет-тәртібін айқындайды.
Қазіргідей күрделі де сындарлы кезеңде мемлекет алдында тұрған маңызды мәселелерді жүзеге  асыратын мемлекеттік қызметшілер дейтін болсақ, қателеспейміз. Мемлекеттік қызмет пен оның кәсіби аппараты басқа қызмет түрінен асқан жауаптылығымен,  қатаң талап  қоюымен ерекшеленеді. Сондықтан ”Мемлекеттік саяси қызметші болу-мәртебелі міндет»,-деп Елбасымыз  атап өткендей, халыққа қызмет көрсетіп, халықтың қызметшісі атану үлкен абырой екендігін ұмытпайық.

Обновлено 13.01.2016 10:48
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін50
mod_vvisit_counterКеше1189
mod_vvisit_counterОсы аптада1239
mod_vvisit_counterӨткен аптада10971
mod_vvisit_counterОсы айда40240
mod_vvisit_counterӨткен айда34753
mod_vvisit_counterБәрі2247626

Серіктестер