Онлайн газет



АУДАН ӘКІМІНІҢ ЖҮЛДЕСІНЕ АРНАЛҒАН ТУРНИР

 

М.Манекеев,
«Ауыл жаңалығы».

Өткен аптаның сенбісінде аудан әкімдігі дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен жаңадан пайдалануға берілген Сарыкемер орта мектебінің спорт залында аудан әкімінің жүлдесі үшін

тәуелсіздіктің 21 жылдығына орайластырылған волейболдан ерлер арасында аудандық турнир болып өтті.
Салауатты өмір салтын насихаттау, ауыл жастарын патриоттық рухта тәрбиелей отырып, спортпен жүйелі түрде айналысуға тарту және ауданымызда волейбол ойынын дамыту арқылы жас таланттарды іріктеу дәстүрлі аудандық турнирдің негізгі мақсаты мен міндеті болып табылады.
Қатарынан жылма-жыл ұйымдас-тырылып, дәстүрге айналып келе жатқан турнирге аудан әкімі М.Шүкеев, аудандық мәслихат хатшысы Н.Үкібаев, аудан әкімінің орынбасар-лары Ә.Қилыбаев, М.Демесинов, аудан әкімі аппаратының жетекшісі С.Кенжебаев, аудандық бірқатар бөлім, мекеме басшылары, ауылдық округ әкімдері, аудан тұрғындары мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. Турнирдің салтанатты ашылу сәтінде сөз сөйлеген аудан әкімі Мұратхан Жүнісәліұлы тәуелсіздік жылдарына қысқаша тоқтала отырып, турнирді ашық деп жариялай келе, жарыс қатысушыларына сәт-сапар тіледі. 
Бұл айтулы жарыста 17 команда бақ сынасып, өзара күштілерді анықтады. Олардың қатарында Тараз мемлекеттік педагогикалық институты, Жамбыл ауданынан келген қонақтармен қатар, аудан аумағындағы 14 ауылдық округтен жасақталған 15 команда сынға түсті. Жарыс қатысушылары төрт топқа бөлініп, жеребе бойынша өз қарсыластарын анықтап алған соң, Қазақстанның 40 жылдығы, Н.Киікбаев, Сарыкемер орта мектептері мен Ғ.Мұратбаев атындағы мектеп-гимназиясының спорт залдарында күш сынасты.
Сайдың тасындай іріктелген волейболшылар бәсекесі түс ауғанша жалғасты. Жарыс қатысушылары көрермен делебесін қоздырар сәттерімен, ерекше есте қалар ойындарымен жанкүйер қауымның ыстық ықыласына бөленді. 
Осы іс-шараның өткізілуі барысында Ынтымақ, Түймекент, Көптерек, Сазтерек, Суханбаев, Қызыл жұлдыз, Бурыл, Көктал, Мырзатай, Жалғызтөбе, Көктал және аталмыш турнирге екі бірдей командасын жасақтаған Сарыкемер ауылдық округі әкімдерінің спортқа баса көңіл аударғандығы көңілімізге қуаныш ұялатты.
Сонымен ойын барысында жүзден жүйрік танылған командалар жеңіс тұғырына біртіндеп жақындай берді. Ойын қорытындысы бойынша бірінші орынды иеленген Түймекент ауылдық округінің командасы түрлі-түсті теледидар мен ауыспалы Кубокты, екінші орынға көтерілген Көктал командасы түрлі-түсті теледидарды иеленді. Сондай-ақ жүлделі үшінші орынды қанжығаларына байлаған қостөбеліктер музыкалық орталықпен, Тараз қаласынан келген команда бейнемагнитафонмен марапатталды. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді аудан әкімінің орынбасары М.Демесинов марапаттады. Сонымен қатар, жарыстың өз деңгейінде өтуіне өзіндік үлес қосқан турнирдің бас төрешісі Қ.Ділдабаев, ойын барысында әділ төрелік еткен төрешілер С.Төребеков пен Ш.Мекебаев, Б.Қазбековтер заттай сыйлықтармен марапатталса, алты төреші аудан әкімдігі дене шынықтыру және спорт бөлімінің Алғыс хаттарымен мадақталды.

 

 

Фото: А.Алдабергенов

Обновлено 22.12.2012 12:57
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін703
mod_vvisit_counterКеше1876
mod_vvisit_counterОсы аптада6720
mod_vvisit_counterӨткен аптада10080
mod_vvisit_counterОсы айда32287
mod_vvisit_counterӨткен айда25735
mod_vvisit_counterБәрі2203017

Серіктестер