Онлайн газет



Құрылыс қарқыны қуантады

А.Қайыпназарқызы,
«Ауыл жаңалығы».

Ел егемендігін еңсергелі бері мемлекет көлемінде көптеген игі бастамалар қолға алынуда. Әсіресе, тіліміз бен дінімізге мейлінше көңіл бөлініп,

мәдениет, білім, денсаулық, спорт салаларына қажетінше қамқорлық жасалуда.
Иә, тәуелсіздік туы желбіреген тұстан бастап тозығы жеткен өнер ордалары түзетілсе, спорт кешендері көптеп салынуда, қаланы былай қойғанда, ауыл-ауылдарда менмұндалған емдеу мекемелері мен білім ошақтары, балабақшалар бой көтеріп келеді. Біздің ауданның өзінде бір жылдың ішінде бірнеше нысан халық қолданысына берілді. Алла бұйыртса, алдағы күндері тағы бір екі ауылда балаларға арналған балабақшалар өз есіктерін айқара ашпақшы. Одан бөлек, алдағы жылдың еншісінде аудан орталығы Сарыкемер ауылында 280 орындық зәулім балабақша елге қызмет етпекші.
Газетімізде аталмыш балабақша құрылысы туралы талай рет сөз еткен болатынбыз. Араға күндер салып апта басында құрылыс жүргізіліп жатқан нысанға тағы да табан тірегенімізде, қызу жұмыстың үстінен түстік.
2 қабатты, 3 блоктан тұратын балабақша құрылысын «Береке Құрылыс Холдинг» ЖШС-і жүргізіп жатыр екен. Мердігер компанияның құрылысшыларынан бөлек, мұнда жергілікті жердің жігіттері де жұмысқа тартылған. Бас-аяғы 250-дей адам қабырғасы көтерілген ғимараттың бүгінде төбесін жабу істерін қолға алған. Мұнымен қоса, бөлмелерді сылау, еденді тегістеу, ғимаратқа жылу, жарық кіргізу, яғни ішкі жұмыстар да қоса атқарылуда. Жылу демекші, балабақшаның жылу қазандығы да толығымен тұрғызылып бітіпті.
Заман талабына сай, соңғы үлгімен тұрғызылып жатқан жаңа балабақшада балалар үшін барлық жағдай жасалынбақшы. Ойын бөлмесінен бастап, жатын, мейірбекелерге арналған жайлар мен спорт, ән-күй залдары, асхана, әжетхана бөлек-бөлек орналастырылуда. Осы істердің мән-жайымен бізді таныстырған құрылыстың прорабы Қанат Түсіпбеков әңгіме барысында: «483 млн 125 мыңға бағаланған нысанның құрылысы қазіргі таңда нағыз қызған шақта. Осы қарқынмен іс істей түссек, межеленген мерзімде табыстау қиынға соқпайды. Бүгінде бұл жұмысқа өзіміздің құрлысшыларымызбен қатар, 3 автокран, 1 жүк тиегіш, 1 трактор және 3 КамАЗ көліктері жұмылдырылды. Әрине, жұмыскерлеріміздің де еңбегі елеулі ғой. Ә.Нұрымбетов, Б.Қожабергенов, А.Төлебаев сынды жігіттеріміз белсенділік танытып жүр», -деді.
Жалпы, құрылыс қарқыны қуантады. Болашақтың егелері балаларға арналып салынып жатқан балабақшаның қызығын бұйыртса алдағы мамыр айында көретін боламыз.


Фото: А.Алдабергенов

 

Обновлено 21.12.2012 20:07
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін448
mod_vvisit_counterКеше894
mod_vvisit_counterОсы аптада4659
mod_vvisit_counterӨткен аптада7386
mod_vvisit_counterОсы айда19091
mod_vvisit_counterӨткен айда18737
mod_vvisit_counterБәрі1503931

Серіктестер