Онлайн газет



ТАҒЫ ДА ТІЛ МӘСЕЛЕСІ

А.Мамытқұлұлы,
Қазақстан  Журналистер одағының мүшесі,  Байзақ ауданының Құрметті азаматы.

Елбасы  Нұрсұлтан  Назарбаевтың  сындарлы саясатының  арқасында еліміз тәуелсіздігіміздің жиырма бір жылы ішінде  ғасырларға татырлық  қыруар істерді атқарып, зайырлы қоғам орнату жолына түскен. Осы кезеңде ел әлеуетін  арттыру, оның тұғырын бекіте түсу  жолында елімізде көптеген  заңдар, қаулы-қарарлар қабылданды.Солардың  бірі Қазақстан  Республикасының  1997  жылғы  11 шілдеде қабылданған  Тіл туралы заңы. Аталмыш заң мемлекеттік  және мемлекеттік емес ұйымдар мен жергілікті  өзін- өзі басқару  органдарының қызметінде тілдерді қолдануға  байланысты  туындайтын  қатынастарды  реттейтін негізгі механизм болып табылады. Мұндағы 4-бапта «Қазақстан  Республикасының  мемлекеттік тілі – қазақ тілі» деп атап көрсетілген.
Алайда, осынау заңның  щыққанына 15 жыл болғанына қарамастан күні бүгінге дейін  қолдану аясы  талап  деңгейінде болмай тұр. Әрине  оған  басқа  емес,  өзіміз айыптымыз. Мысалды алыстан емес, күнде көзіміз көріп жүрген  ауыл тұрғындарына қызмет көрсететін «Сарыкемер-Тараз»-050 бағытындағы автобустардың  бақылаушыларының  әрекетінен көруге болады. Сол автобустардың әлгі бақылаушылары  ауыл  аялдамаларының  қазақша аттарына көңіл бөлмей, “Талка”, “Больница”, “ОРС”, “Электросеть”, “Фурманов”, “Чапаев”, “Киров” деп, келмеске кеткен кеңестің таңған атуларын  айтудан танбайды. Бұл туралы аудандық газетте бұдан бұрын да әлденеше рет сыни мақала жазылған болатын. Өкініштісі сол, бұл жанайқайға  тиісті  орындар құлақ аспақ түгіл пысқырып та қарамайды. Құлақ асса көлік қатынастары  басқармасының  аудандағы өкілі  автобустардың жүргізушілері мен бақылаушыларына  тіл туралы заң талаптарын басшылыққа алу туралы нұсқау берер еді. Бұл ескерілмей қалып келеді. Сонда өз тілімізді өзіміз құрметтемесек, кім  құрметтемек.
Алайда мен жақында  бір  жақсылықтың нышанын көрдім. Аюбеков Батырхан жүргізетін «050»  автобусына отырғанымда  бақылаушысы  Салижан  Каримов  ретіне қарай «Медеулов атындағы аялдама (басқалар Талка деп тасыраңдайды), келесісі аудандық аурухана аялдамасы» деп хабарлады. Дәл сондай  «Жапар  Дидарбеков  аялдамасы, келесі  Шекербек Алтаев аялдамасы» деп саңқылдап келеді. Осылай барлық аялдаманың да қазіргі қазақша атауларын  атап жатты. Сондағы риза болғанымды-ай. Япыр-ай, мына игі іс  өзге бақылаушыларға да жұғысты болғай деп қоямын. Солай болуға тиісті ғой, өйткені заң соны талап етеді.
Осы заңда  оның орындалуын  құқықтық тұрғыдан қорғау мәселесі де қарастырылған. Мысалы, заңның 24- бабында  «Қазақстан  Республикасының тіл туралы заңдарының  бұзылуына кінәлі,... кез келген меншік нысанындағы  ұйымдардың бірінші басшылары, сондай-ақ, заңды және жеке тұлғалар  Қазақстан Республикасының  заңдарына сәйкес жауапты болады»  деп атап көрсетілген. Сондықтан  жұмыс орнында  тілге мән бермеген  автобус жүргізушілері мен бақылаушыларынан  заң талаптарын сақтауды қатаң талап етіп, олай болмаған жағдайда кінәлілерді жауапқа тартуға дейін  шара көргені мақұл болмақ. Бұлай етпесек осы заңның қолданысқа енгеніне  15 жыл толғанына қарамастан әлі күнге дейін бойкүйездіктен арыла алар түріміз жоқ.
Тоқсан ауыз әңгіменің тобықтай түйіні осы мақаланы  жазуға түрткі болған  Салижан Каримовқа алғыс айта отырып, оның өнегесі өзге  әріптестеріне де жұғысты болса екен  дейміз.

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін1547
mod_vvisit_counterКеше1876
mod_vvisit_counterОсы аптада7564
mod_vvisit_counterӨткен аптада10080
mod_vvisit_counterОсы айда33131
mod_vvisit_counterӨткен айда25735
mod_vvisit_counterБәрі2203861

Серіктестер