Онлайн газет



ЖЫЛЫЖАЙДЫҢ ӨНІМДЕРІМЕН ТАНЫСТЫ

М.Манекеев,
«Ауыл жаңалығы».

Апта ортасында ауданымызға құрамында Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығының вице-министрі Мүсілім Умирьяев,

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі 4-ші шақырылымының депутаты, экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің мүшесі Амангелді Момышев, Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Мұратбай Жолдасбаев, Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасының бастығы Абдалы Нұралиевтер бар ресми кісілер арнайы келіп, «Манат» шаруа қожалығының жылыжайымен танысты. Ресми меймандарды аудан әкімі Мұратхан Шүкеев пен аудан әкімінің орынбасары Дулат Сұлтанбеков қарсы алды.
Жалпы аумағы бір гектарды құрайтын «Манат» шаруа қожалығының жылыжай құрылысы өткен жылы комплексті жобамен қолға алынған еді. «ҚазАгроҚаржы» акционерлік қоғамының қолдауымен берілген және де өз қаражаты есебінен тұрғызылған жылыжай құрылысына 120 миллион теңге қаржы жұмсалыпты.
Мұнда голланд технологиясы негізінде «Гровина» тұқымды қияр өсіріліп отыр. Бұл қияр сабағаның ұзындығы алты метрге дейін жетеді екен. Бір гектар аумақты қамтитын жылыжайға қазан айының 20 жұлдызында 24 мың түп қияр көшеттері төрт бұрышты арнайы жасалған түбекшелерге отырғызылған. Оның әр түбі озық технология бойынша – жабық түпті тамшылатып суару әдісімен өсірілуде. Жылыжай жұмысы компьютер арқылы басқарылады. Бір ғана мысал, күніне бір-екі мәрте төбе шатыры ашылып, ауа алмастырылып, қалыпты температураға көшіріледі екен. «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасына сәйкес мемлекет қаржысы есебінен кешенге жол, электр желісі сынды коммуникациялар тартылған.
Осы жылыжайға қожалық жетекшісі Ұзақбай ақсақалдың ұлы Сахи жетекшілік етеді. С.Манатов қонақтарға жылыжай жұмысын жан-жақты таныстырды. Қысқы бақшадағы көкөністердің гүлдеп, алды түйін сала бастағанына куә болған вице-министр Мүсілім Умирьяев  шаруа қожалығының бүгінгі бағындырған биіктері мен алдына қойған бағыт-бағдарын жақсы бағалады.
– Қияр шамамен желтоқсан айының жиырмасына даяр болып қалады. Бұл біздің аудан мен қала халқына жаңа жылдық тартуымыз болмақ. Қазірдің өзінде Тараз қаласында қиярдың бір келісінің бағасы 300 теңгеден болса, Алматы қаласынан бір келісін 600 теңгеден аламыз деген ұсыныстар түсіп жатыр. Еңбегіміз жанса, әр түп қиярдан 8-9 келіден өнім аламыз деп отырмыз. Қиярдың голландтық бұл сорты 15 сантиметрге жуық болады. Қыс айында гектарынан екі-үш тоннадан, көктем мезгілінде одан екі есе көп өнім алуға мүмкіндік бар.
Бүгінгі күні мұнда 20 адам жұмыс істеуде. Барлығы дерлік жергілікті ауыл тұрғындары, яғни жастар. Қыс мезгіліне байланысты орташа жалақылары 30-40 мың теңге көлемінде. Бәріне біркелкі форма әпергенбіз. Жұмысшылар әр қатарға бөлініп, көкөністің дұрыс өсуін қамтамасыз етеді. Әзірге жылыжайды көмірмен жылытып отырмыз. Жылыжайдағы жұмыс режимін қатаң бақылауда ұстаймыз. Екі аграномымыз бар. Біреуі Турциядан келсе, екіншісі өзімізден. Тәжірибе жинақтап жатыр. – дейді Сахи Ұзақбайұлы.
Елбасымыз Н.Назарбаевтың «Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» атты еңбегінде баршамызды ел игілігі жолындағы еңбекке шақырғанын жақсы білеміз. Өйткені, еңбек берекеге бастайтыны ежелден белгілі. Оның дұрыстығын осындай қарапайым адамдардың тірлігінен айқын аңғаруға болады.

 

 

Фото: А.Алдабергенов

Обновлено 21.12.2012 17:14
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін351
mod_vvisit_counterКеше894
mod_vvisit_counterОсы аптада4562
mod_vvisit_counterӨткен аптада7386
mod_vvisit_counterОсы айда18994
mod_vvisit_counterӨткен айда18737
mod_vvisit_counterБәрі1503834

Серіктестер