Онлайн газет



Ауыл тынысы

Сарыкемер ауылдық округі

Ш.Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап  ғылыми кітапханасы жариялаған «Аудандық әдістемелік  кабинет» облыстық байқауына қатысушы аудандық орталықтандырған кітапханалар жүйесінің әдістемелік кабинетіне жауапты Г.Сапаралиева өз жұмысын қорғап шықты. Шараға қатысқан  облыстық әмбебап  ғылыми кітапханасының директоры Э.Абдинова, кітапхана ісін дамыту бөлімінің меңгерушісі Б.Жеңсікбаева және құжаттарды өңдеу және жинақтау бөлімінің меңгерушісі Ж.Қапаровалар әдіскер Г.Сапаралиеваның  ауылдық кітапхана қызметкерлері арасында Қазақ хандығының 550 жылдығына орай өткізілетін  іс-шаралар жайындағы  кеңестерін, шеберлік сынып сабағын тыңдады, өз бағаларын берді. Жиын одан әрі «Ел көркеюінің күретамыры – Қазақ хандығы» тақырыбындағы тарихи-танымдық кешке ұласты. Кешті аудандық орталық кітапхананың оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің меңгерушісі  Н.Сапаралиева мен  аға кітапханашы Р.Күздеубаева ұйымдастырды.  «Жас толқын» клубының мүшелері А.Ерғалиева, А.Сатыбалдиев, Н.Бегенов, Н.Қалқабаев, Е.Сугеров, Н.Сыдиков, М.Аббасовтар өз өнерлерін ортаға салса, Р.Күздеубаева «Қазақ хандығының құрылуы-ел тұтастығының кепілі» атты кітап көрмесінің жанында әдебиеттерге шолу жасады. Тарихи тағылымы мол шара соңында аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің  директоры С.Өмірбекова «Жас толқын» клубының мүшелеріне  Грамоталар табыс етті.

Бәйтерек ауылдық округі

Республикалық «Ұлтын сүйген ұланбыз» атты патриоттық тақырыптағы шығармаларға арналған байқауда аудандық балалар мен жасөспірімдер орталығының «Көркем оқу» үйірмесінің оқушысы Р.Сарманбек «Қазақ хандығына 550 жыл» және М.Жұмабаевтың «Туған жер» өлеңін оқып, бас жүлде иегері атанды. Сонымен қатар, аталмыш жарыста «Көркем оқу» үйірмесінің оқушысы Рахманқұл Сымбат бас жүлдені қанжығасына байлады.
Сондай-ақ «Қолөнер» үйірмесінің оқушысы Т.Жолдасова «Қазақ хандары», «Мәңгілік Ел» тақырыбында жасалған бұйымынан бас жүлде, Ж.Боранбайқызы екінші орын иегері  атанды.

Ботамойнақ ауылдық округі

Байзақ ауылының жастары да жақында жүлдемен оралды.  Ж.Аликулов басшылық ететін «Балалар мен жасөспірімдер шығармашылық орталығының» шәкірттері Ә.Нұрдәулет пен Ә.Ережепова Алматы қаласында өткен республикалық «Ұлтын сүйген ұланбыз» атты байқауда үздік үштіктің қатарынан көрінді. Қос талант егелері қасиетті домбырамызда «Ерке сылқым», «Табалдырық», «Ақжелең», «Қос алқа» күйлерін тамылжыта орындап, топ жарды.
Байзақтың балғындары республикалық «Балауса жұлдыздар» сайысынан да жақсы нәтижемен оралды. Жас әнші Ж.Тасболат аталмыш жарыста «Елге сәлем», «Мерекем» әндерін жоғары деңгейде орындап, ІІ орынды қанжығасына байлады. Айта кету керек жас таланттарды өнерге баулыған ұстаздары Ж.Абилчаева мен Қ.Жартыбаев екен.

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін841
mod_vvisit_counterКеше1190
mod_vvisit_counterОсы аптада841
mod_vvisit_counterӨткен аптада8564
mod_vvisit_counterОсы айда15917
mod_vvisit_counterӨткен айда45913
mod_vvisit_counterБәрі2267586

Серіктестер