Онлайн газет



Күн тәртібінде: шаруаларды қолдау мәселесі

А.Шотбасова,
“Ауыл жаңалығы”.

Жуырда аудан әкімдігінің мәжілістер залында келелі мәселені қаузаған жиын болып өтті. Оған аудан әкімдігіне қарасты бірнеше бөлімдердің басшылары, ауылдық округ әкімдері, «Тараз, «Байзақ» несие серіктестіктерінің өкілдері, Байзақ ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының, кәсіпкерлер палатасының қызметкерлері,ветеринар мамандар, шаруа қожалықтарының жетекшілері қатысты.
Басқосудың басты мәселесі – ауылдағы шаруаларға жан-жақты көмек көрсету, ол үшін біріге жұмыс жасау, несие серіктестіктері мен өзге де халыққа қызмет көрсететін мекемелердің қарым-қатынасын жақсарту болатын.
Жиынды аудан әкімдігі ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы  Болат Сағынбеков ашып, бүгінде Елбасы бастап жер-жерлерде еңбек етем деушілерге ерекше қолдау жасалып жатқанын, әсіресе  «Жұмыспен қамту-2020 жол картасы», «Сыбаға», «Алтын асық», «Құлан», «Ырыс» т.б. ауылшаруашылығы саласын өркендетуге арналған мемлекеттік бағдарламалар негізінде несие  алып, шаруасын дөңгелетіп отырғандардың жай-күйі турасында әңгіме қозғады.
Мұнан соң сөз алған «Тараз» кредиттік серіктестігінің басшысы Дәулетбек Алауов, осы серіктестіктің бас маманы Әмірхан Смаилұлы және «Байзақ» кредиттік серіктестігінің басшысы Құралай Ахимовалар мемлекеттен түрлі бағдарламалар бойынша жеңілдетілген несие алып жұмыс істеудің тиімділігі, оған құжат тапсыру ережелері, Байзақ ауданынан аталмыш серіктестіктер арқылы кредит алуға өтініш білдірген шаруа қожалықтары, оның ішінде орындалғаны туралы айтып берді. Сонымен қатар, кездесетін кейбір көкейкесті проблемаларды да тілге тиек етті.
Атап айтар болсақ, мемлекет тарапынан берілетін жеңілдетілген несиеге қол жеткізу үшін ауыл шаруасы көптеген кедергілерге кездеседі екен. Яғни, өтініш иелері құжат жинағанда халыққа қызмет көрсету, салық басқармасы, ауыл әкімдері және ветеринария, жер қатынастары бөлімдері тарапынан берілетін анықтамаларда жіберілетін қателіктердің салдарынан  кредитті дер кезінде алуға мүмкіншілік болмайтын көрінеді. Сондықтанда несие серіктестіктерінің өкілдері болашақта мұндай олқылықтарға орын бермес үшін мемлекеттік органдармен бірлесе жұмыс жасау қажеттігін алға тартты. Қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.
Жиында тақырып төңірегіндегі өз ойларымен Байзақ ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы басшысының орынбасары А.Ажмаханов, Жамбыл облысы кәсіпкерлер палатасының Байзақ ауданы бойынша филиалының директоры Д.Нұралиев, аудан әкімдігі кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімінің басшысы Д.Наурызбаевтар бөлісті.
Ал соңында «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ-ның Жамбыл облысы бойынша аймақтық филиалының менеджері Ж.Есжанов аталмыш қордың мүмкіншіліктері жайлы түсіндіріп өтті.

Обновлено 19.11.2015 16:34
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін851
mod_vvisit_counterКеше1190
mod_vvisit_counterОсы аптада851
mod_vvisit_counterӨткен аптада8564
mod_vvisit_counterОсы айда15927
mod_vvisit_counterӨткен айда45913
mod_vvisit_counterБәрі2267596

Серіктестер