Онлайн газет



Дүбірлі дүние


Шақалақты ажалдан арашалаған ит

«Ит – адамның досы» деп бекер айтылмаса керек. Қорғаушы, үй күзетуші, із кезуші болумен қатар, қожайынын өлімнен құтқарып қалған талай итті естіп жүрміз. Ал, жақында Бразилияда тұратын бір ит қоқыстың ішінен жаңа туған нәрестені тауып алып, оны аузымен тістеп, аман-есен күйінде үй иесіне жеткізген. Ал, үй иесі болса нәрестенің жаңа туылғандығын байқап, жақын маңдағы ауруханаға апарады. Дәрігерлер алдымен Алланың, одан кейін иттің көмегімен аман қалған баланың денсаулығы толықтай жақсы деп отыр. Шақалақты ажалдан арашалаған ит осылайша адамның айнымас жолдасы екенін тағы бір рет дәлелдеді.

Ханшайым қоқысшыға бас иді

Осыдан біраз бұрын Тайландта сұлулық байқауы өтті. Сайыстың бас жүлдесін «Сұлулық ханшайымы» аталымын 17 жастағы бойжеткен жеңіп алады. Сұлулығымен қатар ақылы да асқан әлгі бойжеткен ханшайым атанғаннан кейін үстіндегі киімін шешпестен қоқыс жинайтын анасына алғысын айтуға асығыпты, келіп бас иіпті. Әрине, ана бала үшін барлық ауыртпалықты көруге дайын ғой. Қоқыс жинап, қызын өсірген екен. Сөйткен қызы ең сұлулардың қатарынан табылған.
Тайландтық қыз анасының аяғына жығылған соң, дереу биік өкшелі аяқ киімін жай табанды аяқ киімге ауыстырып, анасына көмектесуге кірісіпті. Сұлу ханшайымның анасы бұдан былай қоқыс жинамайтыны анық.

Баланы сабаққа қызықтырудың әдісі

Биология пәнінің мұғалімі Дебби Хиркенс оқушыларды сабаққа қызықтырудың жаңа бір тәсілін ойлап тауыпты. Ол биология сабағына қаңқаның суреті салынған майка киіп келеді екен де, сабақты түсіндіреді. Әрине ол бұл үшін мектеп басшысынан алдын-ала рұқсат сұраған. Оның айтуынша балаға бұлайша сабақ үйрету ұстаз үшін де, оқушы үшін де тиімді екен.  Яғни балаға ауызекі айтқаннан, көрсетіп түсіндірген әлдеқайда қызығырақ. Шындығында да ұстаз Дебби Хиркенстің сабағынан бірде бір бала қалмайды екен. Әрі оны асыға күтетінге ұқсайды.

9 жасында компания басшысы атанған

Әлемде  көптеген ерекше дарынды балалар бар. Жас математик, суырыпсалма ақын бала, би билеп, ән айтқанда талайды тамсандыратын кішкентай ұл-қыздар өсіп келеді. Ал, үнді елінің 3-сынып оқушысы Рубен Пол қалта телефондарына арнап қосымша шығаратын «Прудент Гэймс» компаниясының бас директоры атаныпты.
Бар болғаны 9 жасында-ақ үлкен мекемені басқарып отырған бұл бала киберқауіпсіздігі мәселелері жөніндегі конференцияларда сөз сөйлеп, үлкендердің аузын аштырып жүр. Ең қызығы, баласы басшылық жасайтын компанияның бизнес  әріптесі оның әкесі екен.
Айрықша қарым-қабілетін Рубен Пол 5 жасында-ақ байқата бастапты. Сол кезден бастап Scratch программасында еркін жұмыс істеп, мектеп есептерін шығаратын өзінің алғашқы қосымшасын ойлап шығарыпты.

Адам асқазанынан шыққан заттар

Асқазаннан шыққан әртүрлі заттардың көптігі жөнінен әлемдік рекорд 1960 жылы АҚШ-та жасалған көрінеді. Сол жылы бір емделушінің асқазанынан 258 ұсақ-түйек заттар шығыпты. Соның ішінде 88 монета, 39 тырнақ қырнайтын егеу, 26 кілт және үш таспиыққа жететін ұсақ моншақтар шыққан. Қызық, оны әлгі адам қалай, қай кезде жұтып үлгерген екен?
Әртүрлі басылымдардан алынды.

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін805
mod_vvisit_counterКеше1190
mod_vvisit_counterОсы аптада805
mod_vvisit_counterӨткен аптада8564
mod_vvisit_counterОсы айда15881
mod_vvisit_counterӨткен айда45913
mod_vvisit_counterБәрі2267550

Серіктестер