Онлайн газет



Қылмысқа жол бермейік

Д. Нурмаханбетова,
Байзақ аудандық ПҚ бөлімінің аға инспекторы, әділет аға лейтенанты.

Қайта қылмысқа жол бермеу мақсатында Байзақ аудандық пробация қызметі бөлімінде бірқатар жұмыстар атқарылуда. Мысалы, сотталғанды есепке алған күннен бастап, пробация қызметі бөлімінің қызметкерлері жаза өтеушілерге өтеу тәртібі мен шарттарын толық түсіндіріп, сотталғанға қатысты әкімшілік құқық бұзбау туралы және қайта қылмыс жасамау туралы

әңгіме сұхбат жүргізеді.
Сонымен бірге, қайта қылмыстың алдын алу мақсатында Байзақ аудандық пробация қызметі бөлімі ҚР ІІМ реттейтін нормативтік-құқықтық актілермен бекітілген бұйрықтар, нұсқаулар бойынша сотталғандармен бір қатар жұмыстар жүргізеді. Атап айтқанда, олардың мекен-жайын тексеріп, ата-аналармен, туыстармен әңгіме-сұхбат жүргізіледі. 2015 жылы «Пробация», «Шартты сотталған» және тағы басқа республикалық іс-шаралар аясында ПҚ бөлімінің есебінде тұрған бас бостандығын айыру мен байланысты емес жазаға сотталған тұлғалар тарапынан жасалатын құқық бұзушылықтың және қылмыстың қайталануының алдын алу мақсатында көптеген жұмыстар жүргізілді. Қоғамнан оқшаулаусыз сотталғандардың тарапынан болатын құқық бұзушылықты және қылмыстың қайталануын уақытылы анықтау үшін олардың тұрғылықты жері, әкімшілік деректер базасы және ІІО-ның басқа да есептері бойынша тексерістер жүргізіліп тұрады.
Байзақ аудандық пробация қызметі бөлімінің есебінде тұрған сотталғандарды жаңадан зерделеп, Байзақ АІІБ-нің ПИУ-мен бірлесіп тексеру, оларға оңды ықпал жасайтын ата-анасы және басқа да тұлғалармен сұхбат та өткеріліп келеді.  Сотталғандардың тарапынан орын алған құқық бұзушылықтар мен жаза өтеу тәртіптерін бұзу фактілері анықталған жағдайда оларға қатысты тиісті тәртіптік шаралар қолданылатыны ескертілді.Осылардың нәтижесінде бірнеше сотталғанның тәртіп бұзушылығы анықталып, 2015 жыл басынан олардың шартты сынақ мерзімін ұзарту туралы және бас бостандығынан айыру ұсыныстары жолданды.

 

Обновлено 19.11.2015 16:39
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін95
mod_vvisit_counterКеше1190
mod_vvisit_counterОсы аптада7530
mod_vvisit_counterӨткен аптада11734
mod_vvisit_counterОсы айда15171
mod_vvisit_counterӨткен айда45913
mod_vvisit_counterБәрі2266840

Серіктестер