Онлайн газет



МЕН – ТӘУЕЛСІЗДІК ҚҰРДАСЫМЫН

Ә.Шаңғылова,
Қызыл жұлдыз ауылының тұрғыны, жас ұстаз.

Мен, Шаңғылова Әсел Қанатқызы 1991 жылы 4 шілдеде Қызыл жұлдыз ауылында дүниеге келгенмін. Қазақ КСР кезінде туылсам да, өзімді тәуелсіздіктің құрдасы деп есептеймін. Осылай атану, менің ойымша, үлкен бақыт және мақтаныш. 20 жыл бойы егеменді Қазақстанның ұрпағының қатарынан екенімді, өмірімнің қай кездері болса да, іштей сезініп жүремін.
Бір жағынан тәуелсіз Республика атанып, жаңа өмір бастаған Қазақстанмен бірге туылып, бірге өсу — үлкен сынақ. Ата-анамның айтуы бойынша, мен туылып өскенше, жас Қазақстанның басынан талай  оқиға өтті. КСРО ыдырағаннан кейін, бәрін жаңадан бастаған біздің ел жаңа үкімет құру, заң қабылдау, жұмыссыздық, тауар тапшылығы, валюта ауысуына байланысты қиындықтарды басынан өткерді.  Қазақ тілінің дамуының қарқыны да аз еді. Балабақшада қазақ бөлімінде болсам да, тәрбиешілерімнің қазақша ертегі айтатын күндері көп емес еді. Мектепте жаңа жүйе бойынша, жаңа басылған оқулықтармен оқыдық. Жалпы, қай салада болмасын, біздің ұрпақ талай жаңашылдыққа тап болды.
Бізге деген мұғалімдердердің, туыстардың, жалпы тәте-ағаларымыздың көзқарасының ерекше екенін мектеп кезінен-ақ сезіндім. Олар бір ерекше сеніммен, үміт артып қарайтын. Көп нәрсені үйреткісі келіп, «Сендер – біздің болашағымызсыңдар», — деп  айтатын. Осындай жауапкершілікті қазірге дейін сезініп, қай салада болмасын жетістікке жетуге тырысамын. 1998-2007 жылдар аралығында Намазбай Ақшабаев атындағы орта мектебінде оқып, 2007-2011 жылдар аралығында Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық колледжінде бастауыш сынып мұғалімі мамандығы бойынша білім алдым. 2011 жылдың қыркүйек айынан бастап өзім оқыған орта мектепте бастауыш сынып мұғалімі болып жұмыс істеудемін. Жас маманмын. Тараз мемлекеттік педагогикалық институтында педагогика-психология факультетінде сырттай оқып жатырмын. 2011жылдан бастап “Жас Отан” жастар қанатының мүшесі болып сайландым. Қызыл жұлдыз бастауыш бөлімшесінің атқарушы хатшысымын. Жуырда ұйымдастырылған «Байзақ аруы» байқауында ΙΙ орынды иелендім.
Иә, өмір бойы тәуелсіз Қазақстанда өсудің артықшылықтарын көріп келемін. Мемлекеттік білім грантының иегерімін. Менің ойымша, әке-шешемнің, бауырларымның, туыстарымның, мұғалімдерімнің, жалпы Қазақстан халқының сенімін ақтау – қасиетті борыш. Қолымнан бір іс келмей жатса, өзіме бүкіл елімнің қарап, демеу беретінін сезінемін.
Осындай жаста әркім өзінің ертеңін ойлап, аяғына тік тұрғысы келеді. Талай сүрініп, құлап, өмірлік тәжірибе жинап, есейе бастайды. Бүгінде біздің тәуелсіз Қазақстан әлемдік сахнада өз орнын нақ белгілеген дербес мемлекет. Әлемде соғыстар, апаттар,  қайғылы оқиғалар болып жатқанда, аспаны ашық, тәуелсіз елде туылып, өскеніме Аллаға сансыз алғыс айтамын. Бізді тәуелсіздікке жеткізу үшін жанын құрбан еткен  ата-бабаларымыз, аға-әпкелерімізге айтар алғысым шексіз.
Арманым — тәуелсіз Қазақстанның дамуына үлес қосу, біздің елдің бетке ұстар азаматы болу. Биыл Қазақстанның тәуелсіздігіне 21 жыл толып отыр, енді ол жаңа деңгейге шығуға дайын-ақ. Сол деңгейге көтеріп, туын асқақтатар – біз, тәуелсіз Қазақстанның жастары.

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін443
mod_vvisit_counterКеше894
mod_vvisit_counterОсы аптада4654
mod_vvisit_counterӨткен аптада7386
mod_vvisit_counterОсы айда19086
mod_vvisit_counterӨткен айда18737
mod_vvisit_counterБәрі1503926

Серіктестер