Онлайн газет



Тәуелсіздік мерекесі тойланды

А.Шотбасова,
«Ауыл жаңалығы».

Мемлекетіміздің мерейлі мерекесі – Тәуелсіздік күніне арналған іс-шаралардың бастауы ретінде сәрсенбінің сәтін сала аудандық әл-Фараби атындағы мәдениет үйінде

«Тәуелсіз елдің жастары» атты жастар форумы болып өтті.
Оның шымылдығы мектеп оқушыларының арнайы дайындаған композициялық көрінісімен ашылып, сұлу да сымбатты биші қыздарымыз мың бұрала би биледі. Қалыптасқан дәстүрге сай мемлекеттік Әнұранымыз шырқалғаннан кейін,  сахна төріне «Жас ұлан» ұйымының ұл-қыздары көтеріліп, Отан, туған жер, Қазақстан, Елбасы, Тәуелсіздік тақырыптарында өлең-тақпақтарды нақышына келтіріп оқыды.
Форумға жиылған жастарды Тәуелсіздік мейрамымен құттықтаған аудан әкімінің орынбасары М.Демисинов ел егемендігін алған жылдардан бергі жеткен жетістіктеріміз, оның ішінде аудан бойынша атқарылып жатқан жұмыстар жайында сөз қозғап, келер күннің егелерінен көп үміт күтетіндігін жеткізді. Ел-жұртқа денсаулық, аспанымыздың ашық, тәуелсіздігіміздің тұғырлы болуына тілектестігін білдірді.
Мұнан соң Ғ.Мұратбаев мектеп-гимназиясының жас ұстазы Е.Әбілдаев мінбеге көтеріліп, жастарды жарқын мерекемен құттықтаса, 1986 жылғы желтоқсан оқиғасының куәгері Ұ.Керімқұлова ызғарлы жылдардан естеліктер айтты. Жастарды жақсы оқып, білім алуға, ел ертеңі жолында еңбек етуге шақырды.
Соңында аудан әкімдігі ішкі саясат бөлімінің жанынан құрылған «Жастар орталығы» мемлекеттік мекемесінің директоры А.Абдуалиев мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыруға үлес қосқаны үшін бір топ жас буынды Алғыс хатпен марапаттады. Форум өңіріміздің өнерлі өрендері қойған концерттік бағдарламамен өз жалғасын тапты. Жас жеткіншектер Р.Қалыбаева “Бұлқынды жүрек”, А.Каленбай “Туған жер”, Е.Жақсымұратов “Жаса, қазақ!”, А.Өмірзақова “Жастар гимні” әндерін әуелетсе, Қазақстанның 40 жылдығы орта мектебінің оқушылары “Егеменді Қазақстан” хорын орындап, мерекенің мәртебесін арттырды.


Фото: А.Алдабергенов

Обновлено 21.12.2012 16:42
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін1658
mod_vvisit_counterКеше1540
mod_vvisit_counterОсы аптада5799
mod_vvisit_counterӨткен аптада10080
mod_vvisit_counterОсы айда31366
mod_vvisit_counterӨткен айда25735
mod_vvisit_counterБәрі2202096

Серіктестер