Онлайн газет



ТӘУЕЛСІЗДІК-ӨРКЕНДЕУ МЕН ГҮЛДЕНУ ЖОЛЫ

Д.Тасыбаев,
Байзақ аудандық сотының төрағасы.

Тәуелсіздік күні мерекесі бүгінгі таңда бейбіт өмір мен ынтымақта тұрмыс кешіп жатқан халқымыз үшін асыға күтер мейрамға

айналды. Бұл күн әрбір қазақстандық үшін Отанға деген сүйіспеншілік пен патриоттық сезімнің, азаматтық борыш пен жалпыұлттық келісім мен бірліктің  мерекесі ретінде дәріптеліп келеді. «Тәуелсіздік тәңірдің біздің ұрпаққа берген үлкен бақыты, халқымыздың мәңгілік құндылығы. Біз бүгінге дейінгі барлық жетістіктерімізге тәуелсіздіктің арқасында қол жеткіздік. Тәуелсіздік – бұл біздің басты байлығымыз, баға жеткізсіз жетістігіміз» деп Елбасымыз айтқандай, тәуелсіздіктің арқасында  еліміз әлемге танылды, алпауыт мемлекеттермен терезесі теңелді. 1991 жылдың 16 желтоқсанында Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі туралы Конституциялық заң қабылданған болатын. Еліміздің азаматтары үшін осы бір ерекше күн тарих бетіне алтын әріппен жазылды.
Қазақстан халқы тәуелсіздіктің алғашқы жылдарындағы өтпелі қиындықтарға төтеп берді, бірлік пен ынтымақтың арқасында жетістіктерге қол жеткізді. Бүгінде көптеген елдер Қазақстанды ресми түрде танып, дипломатиялық қарым-қатынас жасап қана қоймай, Біріккен Ұлттар Ұйымы мен Еуропадағы Қауіпсіздік және Ынтымақтастық Ұйымының толық құқылы және белсенді мүшесі болып отыр. Сондай-ақ,  еліміз Еуроодақ, Еуропалық Қайта құру және Даму Банкі, Халықаралық Валюта Қоры, Халықаралық Атомдық Энергия Агенттігі, Қызыл Крест, ЮНИСЕФ және ЮНЕСКО сияқты аса беделді халықаралық ұйымдармен ынтымақтастығын күшейтуде. Жыл сайынғы Президенттің халыққа арналған Жолдаулары мен қабылданған мемлекеттік бағдарламалар, стратегиялық бағыттардың барлығы да қарапайым халықтың тұрмысын жақсартып, тәуелсіздігімізді нығайтуға бағытталды. Елбасы өз Жолдауларында ішкі саясат, ұлттық қауіпсіздіктің 2020 жылға дейінгі негізгі мақсаттары қоғамда келісім мен тұрақтылықты сақтау, ел қауіпсіздігін нығайту екенін атап өтті.
Егемен еліміздің тәуелсіз сот жүйесін қалыптастырудағы оң өзгерістер 1991 жылдың 16 желтоқсанында қабылданған «Мемлекеттік Тәуелсіздік туралы» заңнан бастау алды. Бүкіл әлемдік қауымдастықтың алдында, Қазақстан Республикасының демократиялық дамудың сара жолына түскендігін жариялаған аталмыш заң, еліміздегі мемлекет билігінің заң шығару, атқару және сот билігі тармақтарына бөлінуін заңдастырды. Сот реформасы барысында атқарылған жұмыстар, азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғауға, сот жұмысы туралы ақпараттық ашықтығы мен айқындығына, қолжетімділігіне, сондай-ақ, Конституцияның және басқа да заңдардың, құқықтық нормативтік актілердің, халықаралық шарттардың орындалуын қамтамасыз етуге бағытталды.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 76-бабында «Сот билігі Қазақстан Республикасының атынан жүзеге асырылады және өзіне азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын, бостандықтары мен мүдделерін қорғауды, конституциялық заңдылықтардың, өзге де нормативтік құқықтық актілердің, халықаралық шарттардың орындалуын қамтамасыз етеді» делінген. Яғни, Ата Заңымызда адамның азаматтық, саяси, экономикалық құқықтары мен бостандықтарының негізі айқындалған. Конституцияның бірінші кезекте жеке адам, азамат мүддесін қорғауға бейімделуі – Қазақстан егемендігінің және оның тең құқықты мемлекет болуға ұмтылысының айғағы. Жалпы, Ата Заңымыз еліміздің демократиялық қоғам құруына негіз қалап берді. Еліміз ішінде болып жатқан оң өзгерістердің барлығы да Конституциямыздан бастау алады және заңдар арқылы жүзеге асырылады.
Бүгінде халықаралық қауымдастық Қазақстанды ортазиялық көшбасшы, шынайы әріптес, тату көрші, тағылымды дос ретінде таниды. Парламент және саяси партиялар рөлінің күшейтілуі, сот билігі тармағы тәуелсіздігінің нығаюы, мәслихаттардың күшейтілуі, жергілікті өзін-өзі басқарудың дамытылуы, құқық қорғау жүйесінде азаматтардың құқығын қорғау тетіктерінің нығаюы осы және басқа да шаралар елімізді демократияландыру жолымен айтарлықтай ілгері жылжытты.
Еліміздің тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың ойшыл, жасампаздық қабілеті арқылы тәуелсіз Қазақстан жиырма бір жыл ішінде ауқымды саяси, экономикалық және әлеуметтік реформаларды табысты жүзеге асырған мықты да көркейген  мемлекетке айналып отыр. Қазақстанның ұлтаралық бірлік пен келісім тәжірибесі көптеген елдер үшін үлгі болып табылады. Біздің жерімізде  130-дан астам ұлттар мен ұлыстар бір шаңырақ астында тату-тәтті өмір сүру  үстінде. Мемлекет басшысының  елордамызды көшіруі нағыз батыл да ерлікке пара-пар әрекет болды. Еуразияның інжу-маржаны, асқақ Астана-тәуелсіздіктің ерекше рухымен, жеңістер мен жаңа жетістіктер рухымен Қазақстанды бұрынғыдан да нығайта түсті. Бүгіндері Астана-Шығыстың да, Батыстың да мәдениетін үйлестірген бірегей қала, барша қазақстандықтардың мақтанышы, мемлекет бірлігі мен ұлттық идеяны іске  асыру символы.  Еліміздің Жалауы, Елтаңбасы, Әнұраны-мақтанышымыз, аумағымыз  нақтыланды, ұлттық валютамыз айналымға шықты.
Еліміздің жарқын мерекесі-Тәуелсіздік күні халқымыздың сан ғасырлар бойғы азаттық жолындағы күресінің, сол жолдағы көрген азаптары мен қиындықтарының жадымызда жаңғырып, жиырма жылда жеткен жетістіктеріміздің ұлықтайтын мейрамы. Қазақстандықтар өмірінде Еркіндік, Бірлік, Тұрақтылықтың бүгінгі таңда алатын орны айрықша. Олай болса, бірлігі мен тірлігі жарасқан  ел азаматтары тәуелсіздіктің қадір-қасиетін түсініп, басты құндылықты бағалай білейік дегім келеді.

 

Обновлено 21.12.2012 15:13
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін1136
mod_vvisit_counterКеше1876
mod_vvisit_counterОсы аптада7153
mod_vvisit_counterӨткен аптада10080
mod_vvisit_counterОсы айда32720
mod_vvisit_counterӨткен айда25735
mod_vvisit_counterБәрі2203450

Серіктестер