Онлайн газет



ҚЫЗМЕТІНЕ ҚАРАЙ ҚҰРМЕТ

С. Қалмұратов,
“Ауыл жаңалығы”.

Аудан әкімінің ұсыныс хатына сәйкес шақырылған бесінші сайланған аудандық мәслихаттың кезектен тыс ХІ сессиясында бір мәселе қаралды. Ол ауданның әлеуметтік-экономика-лық дамуы жолында түрлі салаларда еңбек еткен

азаматтарға «Байзақ ауданының Құрметті азаматы» атағын беру туралы мәселе болатын.
№4 Сазтерек сайлау округінен депутат С.Рапилбековтің төрағалығымен өткен мәслихат сессиясы жұмыс тәртібі мен регламентін бекітіп алған соң  мәжіліс қатысушылары аудан әкімінің орынбасары, «Байзақ ауданының Құрметті азаматы» атағына ұсыныс енгізу бойынша құрылған комиссияның төрағасы М.Демесиновтың хабарламасын тыңдады. Оның баяндауынша аталмыш, комиссияның қарауына еңбек ұжымдары, түрлі қоғамдық ұйымдар, бірлестіктерден т.б. салалардан 12 ұсыныс келіп түскен. Комиссия өз отырысында әрбір ұсынысты,  яғни әрбір азаматтың өмірбаянын, еңбек жолын жан-жақты («Жамбыл облысының, қаланың, ауданның Құрметті азаматы» атағын беру туралы облыстық мәслихаттың бекіткен Ережесіне сәйкес) қарап, олардың көп жылдық еңбектерін, ауданның қоғамдық (қайырымдылық, шығармашы-лық) жұмыстарына және басқа да тыныс-тіршілігіне белсене араласып жүрген азаматтарға «Байзақ ауданының Құрметті азаматы» атағын беру туралы қаулы қабылдағанын баяндай келе, олардың әрбірінің өмірбаянына, еңбек жолдарына жеке-жеке тоқталды.Сонымен қатар Мақсат Аманжолұлы ұсыныс түскен басқа азаматтардың кандидатуралары келесі жылғы комиссия отырысында қаралатындығын жеткізді.
Мәслихат депутаттары мәжілістің  жарыссөз бөлігінде аты аталған азаматтардың кандидатуралары тұрақты комиссия отырысында қаралғандықтан төмендегідей, атап айтқанда:  “Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы” Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабына сәйкес, аудан әкімінің 2012 жылғы 6 желтоқсандағы №12-1818 қаулысының негізінде Айтқұл Мамытқұлұлына (еңбек ардагері),  Мәжібаев Сұлтанкерей Сепбергенұлына (еңбек ардагері), Шаухари Нұрмахан Тұрғымбекұлына (еңбек ардагері), Мұстафин Асқарбек  Байсұлтанұлына (еңбек ардагері), Бозай Оразалы Төлендіұлына (еңбек ардагері), Әміров Досжан Сарманқұлұлына (Маңғыстау облыстық сотының төрағасы) және Мырзалиев Шаймерденге  (Байзақ аудандық мәслихаты аппаратының құқықтық қызмет және құжаттама бөлімінің бастығы) “Байзақ ауданының Құрметті азаматы” атағы берілсін деген шешім қабылдады.
Бұдан соң мәселеге қатысты сөз алған мәслихат депутаттары өз ұсыныстарын айтты. Мәселен, №7 Қостөбе сайлау округінен депутат Т.Кадимова  ауданның құрметті азаматы атағын беру кезінде  аудан экономикасын дамытуда еңбегі сіңген әйел азаматшалары да ескерілсе екен деген,ал №11 Әуезов сайлау округінен депутат Ж.Есенқұлов бұл атаққа тек қана басшылық қызметте жүрген азаматтарды ғана емес, әр салаларда жемісті еңбек еткен қарапайым жұмысшыларды, сала мамандарын  да енгізу қажет деген ойларымен сын ескертпелерін  айтты.  Тиісінше айтылған ұсыныстар қабылданды.
Сессия төрағасы мәслихат депутаттарын алдағы сессияның күн тәртібімен таныстырды. Сонымен кезектен тыс өткен аудандық мәслихаттың ХІ сессиясы өз жұмысын аяқтады.
Сессия жұмысына қатысқан аудан әкімі Мұратхан Жүнісәліұлы Шүкеев ауданның Құрметті азаматы атанған азаматтарды құттықтаумен қатар, мәслихат мәжілісінің күн тәртібіне талқылауға түскен мәселенің мән-жайына жиын қатысушыларының назарын аударып, «Құрметті азамат» атағының қадірін кетіріп алмау үшін мәселеге үлкен жауапкершілікпен қарау қажеттігін баса айтты.

Фото: А.Алдабергенов

 

Обновлено 12.12.2012 16:56
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін410
mod_vvisit_counterКеше675
mod_vvisit_counterОсы аптада2807
mod_vvisit_counterӨткен аптада4952
mod_vvisit_counterОсы айда8321
mod_vvisit_counterӨткен айда18846
mod_vvisit_counterБәрі1091858

Серіктестер