Онлайн газет



100 нақты қадам – қарышты даму жолы

«Нұр Отан» партиясының ХVІ съезінде ұсынған Елбасының бес институттық реформасы – заман талабына бағытталған  маңызды құжат екендігі рас. Оның  басты бағыты – қоғамдағы заңның үстемдігін арттыру, заманауи мемлекет құру, орнықты экономиканы көздейтін индустрияландыру және экономикалық өсу, болашағы біртұтас ұлт қалыптастыру болып табылады.
Осылайша ҚР Президенті  Н.Ә.Назарбаев халыққа жолдаған «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты Жолдауында, оның құрамдас бөлігі, заңды жалғасы бес халықтық реформасы мен «100 нақты қадамында» жан-жақты баяндап, қоғам алдындағы жаңа міндеттер мен мақсаттарды нақтылай айқындап берді. Осы ретте жуырда ауданымыздағы Ғ.Мұратбаев мектеп-гимназиясында «Жастарға  бағдар берген жоба» атты кездесу ұйымдастырылды.

Білім ошағының жоғары сынып оқушылары мен ұстаздар, ата-аналар қатысқан жиында сөз сөйлеген мектеп-гимназияның директоры Г.Жаманова Елбасы ұсынған бес институционалдық реформа ел бірлігін бекемдеп, тұрақтылықты нығыздай түсетіндігін айтып, ондағы әрбір мәселені тереңірек түсіндіріп өтті. Бұл орайда жұмыла жұдырық болып жұмыс жасау - әрбір қазақстандық азаматтың парызы екендігін атап өтті. Бес халықтық реформасы мен 100 нақты қадамына  жан-жақты тоқталып өтті.
Мұнан соң сөзге шыққан Сарыкемер ауылдық округінің жастар ісі жөніндегі нұсқаушысы Ә.Құрманалиев жиынға қатысушы жас буынға елімізді ілгері жылжытуда жүктелер міндет турасында әңгімелеп берді. Оның ішінде «100 нақты қадамында» келтірілген тапсырмаларға жеке-жеке тоқталып өтті. 
Соңында баяндамашыларға  оқушылар тарапынан сұрақтар қойылып, оларға тиісті жауаптар қайтарылды.

Өз тілшіміз.

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін1010
mod_vvisit_counterКеше884
mod_vvisit_counterОсы аптада1010
mod_vvisit_counterӨткен аптада10971
mod_vvisit_counterОсы айда40011
mod_vvisit_counterӨткен айда34753
mod_vvisit_counterБәрі2247397

Серіктестер