Онлайн газет



Ауыл тынысы

Сарыкемер ауылдық округі

19 қазан- Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар қызметінің құрылған күні. Осыған орай жуырда Байзақ ауданы төтенше жағдайлар бөлімі мен №8 өрт сөндіру бөлімінде ашық есік күні жарияланып, жиын өткерілді. Оған қатысқан Ю.Гагарин орта мектебінің 8-сынып оқушылары өрттің алдын алу, оқыс оқиға орын алған жағдайда өрт сөндіру құралдарын пайдалану және тұрмыстағы өрт қауіпсіздігі ережелері туралы кеңінен мағлұмат алды.
Іс-шара аясында оқушыларға өрт сөндіру тактикасы мен өрт сөндіру техникалары, құрал-жабдықтары, өртке төзімді жауынгерлік киімдер, өртке қарсы қызметкерлердің жұмыс орындарын таныстыру мақсатында экскурсия жүргізілді.

*   *   *   *   *
Жуырда, Сарыкемер ауылдық округінде “Қарттар күніне” орай, жеке кәсіпкер, «Аяулым» дүкенінің меңгерушісі Ф.Тулебаева,  «Батырбек» көлік жөндеу орнының меңгерушісі Т.Кулбаев және «Арзан» көтерме сауда дүкенінің меңгерушісі Г.Берикованың  көмегімен  10 жалғызбасты қарттарға азық-түліктей қайырымдылық көмегі көрсетілді. Сарыкемер ауылдық округі ақсақалдар алқасының төрағасы Б.Сарсенов және Сарыкемер ауылдық округінің бөлімше басшысы Б.Даулетбаевалар   жалғызілікті қарттардың үйлеріне барып, мерекелерімен құттықтады. Жалғызілікті қарттар қайырымдылық көмек көрсеткен абзал азаматтарға алғыстарын білдірді.

Үлгілі ауылдық округі

Адам бойындағы ерекше қасиеттердің бірі - қамқорлық жасау.  “Жұмыла көтерген жүк жеңіл” демекші еліміз бойынша өткізіліп жатқан “Мектепке жол” акциясынан Үлгілі орта мектебі де тыс қалмады.  Акция негізінде білім ошағында арнайы жәрмеңке ұйымдастырылып, оқушылар мен ата-аналардың қолынан жасалынған түрлі тәтті тағамдар сатылымға шығарылды. Сөйтіп жәрмеңкеден түскен қаражатқа ауылдағы аз қамсыздандырылған және мүгедек, қамқоршылықтағы, көп балалы отбасыларына азық-түліктер мен оқу құралдары әперілді. Оны мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Д.Мелдебекова, әлеуметтік педагог С.Ибадуллаева, тәлімгер Қ.Қуатбековалар табыстады.

Қостөбе ауылдық округі

Республикалық “Мектепке жол” акциясына қостөбеліктер де өз үлестерін қосуда. Осы округке қарасты Н.Гоголь атындағы орта мектепте әлеуметтік педагог К.Сартаеваның ұйымдастыруымен қайырымдылық іс-шарасы өткерілді. 
Игілікті шарада аудан әкімдігінің білім бөлімі тарапынан 9 оқушыға 90 мың теңге көлемінде көмек берсе, Қостөбе ауылдық округі әкімшілігі қызметкерлері 45 мың теңгеге 5 оқушыға, жеке кәсіпкерлер Р.Мамбетова 33 мың теңгеге 3 оқушыға, “Туғанбаева” және “Ағабек” шаруа қожалықтары 20 мың теңге көлемінде 3 оқушыға, Н.Гоголь орта мектебінің директоры Н.Телтаев 33 мың теңгеге 6 оқушыға өз қолдауларын көрсетті.
Сонымен қатар, ауылдық амбулаторияның дәрігері А.Есетова,  мектеп кітапханашысы А.Бекмұратова, ұстаз А.Күзембаевалар да демеушілік жасап барлығы 29 оқушыға мектеп формалары, спорттық киім-кешектер табысталды. Өз кезегінде қолдауға ие болған жас жеткіншектер және олардың ата-аналары жомарт жандарға алғыстарын білдірді.

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін486
mod_vvisit_counterКеше884
mod_vvisit_counterОсы аптада486
mod_vvisit_counterӨткен аптада10971
mod_vvisit_counterОсы айда39487
mod_vvisit_counterӨткен айда34753
mod_vvisit_counterБәрі2246873

Серіктестер