Онлайн газет



ҰЛАҒАТТЫ ҰСТАЗДАР ҰЛЫҚТАЛҒАН КҮН

М.Манекеев,
«Ауыл жаңалығы».

Жыл сайын қазан айының бірінші жексенбісінде елімізде мұғалімдер күні аталып өтіледі. Осы бір мерейлі мерекеге орай, биыл да  аптаның дүйсенбі күні аудандық әл-Фараби атындағы мәдениет үйінде салтанатты жиын өтіп, оған ұстаздар қауымы жиналды.

Ұстаз–өмірдің шамшырағы! Осы бір керемет атауды арқалаған жандарға ұлағатты ой иелері де, арман оты жүрегінде алаулаған жеткіншектер де, парасатты қоғам қайраткерлері де қарыздар. «Қазіргі заманда білім деңгейі жоғары ұлт қана жаһандану талаптарына жауап бере алады. Сондықтан білім саласы – елдің ертеңін айқындайтын, оның бәсекелестік қабілетіне ықпал ететін аса маңызды сала» - деп Елбасымыз айтқандай, егемен елдің болашағын нұрландыратын, тәуелсіздігімізді тұғырландыратын өскелең ұрпақты тәрбиелеуші мұғалімдердің кәсіби мерекесі өзіндік сән-салтанатпен кеңінен аталып өтілді.
«Ұстаз деген мәңгі ұлы мамандық» атты салтанатты шараға аудан әкімі Мұратхан Шүкеев, аудандық мәслихат хатшысы Н.Үкібаев, аудан әкімінің орынбасарлары, сонымен қатар, аудандағы барлық орта білім беру ордалары мен балабақшаларының басшылары мен мұғалімдері, бірқатар бөлім, мекеме басшылары мен жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Салтанатты шараны құттықтау сөзімен ашқан аудан басшысы, елімізде білім саласына мемлекет тарапынан барынша қолдау көрсетіліп отырғанын, ауданның білім беру саласына бөлінген қаржының жылдан-жылға өсіп келе жатқанын айта келіп, ұстазынан озар шәкірттерінің көбейе беретініне сенімді екенін жеткізді. «Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың: “Еліміздің ертеңі – бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры – ұстаздардың қолында”,- деген сөзі, бірегей тұлға - ұстазға деген құрмет пен ықыластың ерекше екендігін білдіреді. Біздің елімізде мұғалім әрқашан үлкен құрметке  бөленген. Ұлы Абай адам бойындағы барлық жақсылық мұғалімнен дариды деп нақты айтқан. Педагогтың негізгі міндеттерінің бірі - қоғам мен өз Отанына пайда әкелетін, шығармашыл ойлайтын, еңбексүйгіш және жауапкершіл азаматты тәрбиелеу болып қала береді. Өйткені, мектеп қабырғасынан адамның еңбекке көзқарасы қалыптасады, оның ішкі дүниесі мен жауапкершілігі  тәрбиеленеді»- дей келе, ұрпақ тәрбиесіне бар саналы ғұмырын арнап келе жатқан ардақты ұстаздардың дендеріне – саулық, еңбектеріне - табыс, отбастарына-амандық тіледі. Құттықтау сөзден соң, аудан әкімі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің, облыс әкімінің марапаттарын салтанатты түрде тапсырды. Сондай-ақ, білім саласында ұзақ жылдан бері талмай еңбек етіп, табыстарға қол жеткізіп жүрген бірқатар ұстаздарды аудан әкімінің Құрмет грамоталары мен Грамоталары, Алғыс хаттарымен марапаттады.
Осындай марапаттаулар аудандық білім қызметкерлері кәсіподақ комитеті атынан да берілді. Марапатты ұлағатты ұстаздарға М.Қалабаев табыс етті. Бұл күні мерекелік жиынның арнайы қонақтары–ардагерлерге де ерекше құрмет көрсетіліп, сыйлықтар мен гүл шоқтары тарту етілді.
Салтанатты шараның соңы аудандық балалар мен жасөспірімдер орталығы өнерпаз жастарының ұстаздарына тарту ретінде әзірлеген концерттік бағдарламасына ұласты.

Обновлено 14.10.2015 11:18
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін703
mod_vvisit_counterКеше884
mod_vvisit_counterОсы аптада703
mod_vvisit_counterӨткен аптада10971
mod_vvisit_counterОсы айда39704
mod_vvisit_counterӨткен айда34753
mod_vvisit_counterБәрі2247090

Серіктестер