Онлайн газет



Жалғасын тапқан жәрмеңке

М.Шалғынбай,
«Ауыл жаңалығы».

Осыдан екі апта шамасында аудан орталығында ауыл шаруашылық өнімдерінің жәрмеңкесі өткені туралы газетіміздің өткен санында жазғанымыз жайында көзі қарақты оқырман қауым құлағдар. Жәрмеңкенің өз деңгейінде ұйымдастырылуын аудан басшылығы бақылауға алып, алдағы уақытта да ауыл шаруашылығы өнімдерін делдалсыз саудаға шығаруды жоспарлап отырғаны жөнінде де айтқан едік.  Міне, сөзіміздің дәлелі іспеттес кешегі сенбі күні, ӨЛКЕМІЗДЕ БҮКІЛ ЕЛ БОЛЫП ӨТКІЗГЕЛІ ЖАТҚАН ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫНЫҢ 550 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙЛАСТЫРЫЛҒАН ауыл шаруашылық өнімдерінің жәрмеңкесі қайта ұйымдастырылды. Тұтынушылар назарына аудан аумағындағы ауылдық округтерден келген жеке кәсіпкерлер, шаруа қожалықтары өз өнімдерін саудалауға мүмкіндік алды.
Аудандағы азық-түлік  бағасын  тұрақтандыру мақсатында  ұйымдастырылған жәрмеңке бағасы, базардікінен 10-15 пайызға төмен болып, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары сауда сөрелеріне шығарылды.
Халыққа көтеріңкі көңіл-күй сыйлаған жәрмеңкенің мақсаты да қолжетімді бағада тауар ұсыну. Жәрмеңкеде үш тоннаға жуық жылқы, сиыр, қой еті, отыз тоннаға жуық көкөністер сатылды. Сонымен қатар, екі тонна сүт өнімдері, тоннадан астам шұжық өнімдері, бір жарым тонна макарон және бес жүз келі кондитер өнімдері саудаланып, тұтынушы сұранысын қамтыды. Бұдан бөлек, бес мың дана жұмыртқа, үш тонна картоп, жеті тонна қарбыз, он үш тоннадан артық жем жәрмеңке көрігін қыздырды.
Қолжетімді бағамен тауар сатып алған тұтынушылар күнделікті тұтынатын картоп, қырыққабат, пияз бен сәбіздің келісі 40-50 теңгеден, жұмыртқаның он данасын 160 теңгеден, қаймақты 750 теңгеден, сүт-айран литрін 100 теңгеден, қымыз бен шұбаттың литрін 350 теңгеден, сары майдың келісін 800 теңгеден, макарон келісін 100 теңгеден сатып алса, жылқы етінің келісі 1200 теңге, сиыр еті 1150 теңге, қой еті 1000 теңгеден сатылды.
Жәрмеңке кезінде  концерттік бағдарлама ұйымдастырылып, жергілікті өнерпаздар әннен шашу шашты.

Обновлено 14.10.2015 11:13
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін32
mod_vvisit_counterКеше1189
mod_vvisit_counterОсы аптада1221
mod_vvisit_counterӨткен аптада10971
mod_vvisit_counterОсы айда40222
mod_vvisit_counterӨткен айда34753
mod_vvisit_counterБәрі2247608

Серіктестер