Онлайн газет



Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес тақырыбына арналған дөңгелек үстел

А.Ергалиева,
“Ауыл жаңалығы”.

Жуырда, Байзақ ауданы төтенше жағдайлар бөлімінің мекемесінде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес» тақырыбында жеке құраммен қызметтік тәртіпті қатаң сақтау қажеттігі туралы дөңгелек үстел отырысы өтті.  Байзақ ауданы ТЖ бөлімінің аға инженері, өртке қарсы қызмет  капитаны Ж.Танабаев  төрағалық еткен шараға осы саланың ардагері, Байзақ ауданының құрметті азаматы А.Зәуірбеков, «Нұр-Отан» партиясы аудандық филиалы жанындағы жемқорлыққа қарсы әрекет жөніндегі қоғамдық кеңес төрағасы Р.Сарсенов, аудандық прокуратураның аға прокуроры Б.Қалыбаев,  аудандық ІІБ-ң  кадр жұмысы жөніндегі орынбасары Т.Төребеков, Байзақ ауданы  өртке қарсы қызмет гарнизоны жеке құрамы   қатысты.   Күн тәртібінде   «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы»  жеке құраммен қызметтік тәртіпті қатаң сақтау қажеттігі мен жеке құрам тарапынан жол жүру ережелерін дөрекі бұзу, соның ішінде мас күйінде көлік жүргізу фактілерінің жиі болуы мен заңнаманы толық елемеу салдарының алдын алу сынды қаралған мәселелер бойынша «Нұр-Отан» партиясының жанынан құрылған жемқорлықтың алдын алу бөлімінің басшысы  Р.Сарсенов аудан аумағында жыл басынан әр түрлі жағдайлар бойынша азаматтардан және заңды тұлғалардан келіп түскен арыз, шағым және өтініштерді заң талаптары бойынша қабылданып, уақытысында қаралып тиісінше партия өкілдерімен дұрыс шешімдер қабылданып жатқанын жеткізді. Одан соң сөз алғандар  аудандық прокуратураның аға прокуроры Б.Қалыбаев пен аудандық ІІБ-ң  кадр жұмысы жөніндегі орынбасары Т.Төребеков жемқорлық фактілері тек қана пара алу мен пара беру ғана емес ҚР-ның «Жемқорлыққа қарсы күрес туралы» заңының бірқатар талаптары бойынша кінәлі болатыны туралы маңызды ақпараттар мен бөлісті. Жиынды Байзақ ауданы ТЖ бөлімінің бастығы өртке қарсы қызмет подполковнигі, жиын төрағасы  Е.Мырзакулов қорытындылады.

Обновлено 14.10.2015 10:09
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін348
mod_vvisit_counterКеше884
mod_vvisit_counterОсы аптада348
mod_vvisit_counterӨткен аптада10971
mod_vvisit_counterОсы айда39349
mod_vvisit_counterӨткен айда34753
mod_vvisit_counterБәрі2246735

Серіктестер