Онлайн газет



САРЫКЕМЕРДІҢ БАС ЖОСПАРЫ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

 

М.Манекеев,
«Ауыл жаңалығы».

Дүйсенбі күні аудан әкімдігінің мәжілістер залында қала құрылысы кеңесінің кеңейтілген мәжілісі өтіп, онда аудан орталығы Сарыкемер ауылы маңындағы аймақтарды дамытудың бас жоспары

таныстырылды.
Аудан әкімінің орынбасары Ә.Қилыбаевтың төрағалығымен өткен бұл мәжіліске Жамбыл облысы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы басқармасы бастығының орынбасары Ж.Көрпетаев, аудан әкімдігінің бөлім, мекеме басшылары мен қызметкерлері,  аудандық ардагерлер кеңесінің мүшелері, қала маңындағы  аймақтардағы құрылыстың барысын бақылайтын мемлекеттік комиссияның  жұмыс органының мүшелері, аудан тұрғындары мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. Жиын қатысушыларына Р.Шалимбетов жетекшілік ететін алматылық «Milon Compony Group» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жасаған Сарыкемер ауылы  маңындағы  аймақтарды дамытудың бас жоспары таныстырылды.
Аудан әкімінің орынбасары Әзімхан Қилыбайұлы алдымен мәжілістің күн тәртібіне шығарылып отырған мәселенің маңыздылығына тоқталып, Сарыкемердің бас жоспары 1985 жылы соңғы рет жасалғанын, содан бері жергілікті бюджеттен қаражат бөлінбегендіктен  бас құжат  жасалынбағанын айта келе, сөз кезегін Жамбыл облысы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы басқармасы бастығының орынбасары Ж.Көрпетаевқа берді. Жақсылық Көрпетаев қазіргі таңда облыстағы өзекті мәселелердің бірі – қалалар мен аудан орталықтарының, елдімекендердің бас жоспарын және нақты жайғастыру жобаларын әзірлеу болып отырғандығын жеткізді. Бас жоспар дегеніміз – елдімекендердің негізгі төлқұжаты болып есептелетінін, құрылыс жұмыстарының қандай түрі болмасын (күрделі, қайта жарақтандыру, инфрақұрылымдар жүргізу) бас жоспарсыз жүзеге аспайтынын алға тартқан ол, облыс аумағындағы төрт қала мен 379 елдімекеннің басым көпшілігінің бас жоспарларының мерзім кезеңдерінің өтіп кеткенін айтты. Сондай-ақ облыстағы елдімекендердің бас жоспарларының болмау салдарынан аудандардағы елдімекендерде тұрғын үйлер мен кейінгі кезеңде соғылған немесе тұрғызылып жатқан құрылыс нысандарының ретсіз орналасуы байқалып отыр. Осыған сәйкес 2011-2013 жылдар аралығында облыстық бюджеттен қаржы қарастырылып, барлық аудан орталықтарының бас жоспарын әзірлеу жоспарланған. Нәтижелі жұмыстың арқасында бүгінгі күнге Тараз, Қаратау, Жаңатас қалалары мен Қордай, Төле би, Құлан ауылдарының бас жоспарлары бекітілген. Ал, ағымдағы жылы Шу қаласы мен Луговой стансасына, Сарыкемер мен Аса ауылдарының бас жоспарына жобалау жұмыстары жүргізілген.
Мәжіліс барысында Сарыкемер ауылының бас жоспарына қатысты «Milon Compony Group» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас сәулетшісі Л.Әлімбекова жан-жақты түсінік берді. Ол өз сөзінде жыл бойына жалғасқан жобалау жұмыстары барысында қолдау көрсеткен аудандық бірқатар мекеме, бөлім басшылары мен қызметкерлеріне шынайы алғыс сезімін білдірді.  
Сарыкемердің бас жоспарында  қоныстандыру жүйесіндегі  елдімекеннің орналасу сұлбасы,  аумақты кешенді  қала құрылыстық бағалау, қаланың негізгі қоныстандыру аумағының қазіргі кезде пайдалану жоспары, қала құрылысының аймақтандыру  сұлбасы, электр қуатымен жабдықтау және телефон желісінің сұлбасы, аумақты вертикальды  жайғастыру және инженерлік дайындау сұлбасы, қоршаған ортаны қорғаудың сұлбасы, көше-жол торабы мен  көліктің сұлбасы, сумен жабдықтау және канализация, жылумен және газбен  қамсыздандыру сұлбасы  анық та дәл көрсетілген.
Сонымен қатар өз кезегінде әрбір жобалау бөлімі бойынша «Milon Compony Group» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жетекші сәулетшісі Қ.Абылгазиев, сәулетші Қ.Оразбаев, жобаның бас инженері С.Надеждина, жүйелер бойынша жетекші маман Г.Бердниковалар жиын қатысушыларына түсіндіріп отырды.
Жалпы алғанда 2013-2017 жылдар мен 2018-2027 жылдар аралығын қамтитын екі кезеңнен құралған Сарыкемердің бас жоспары бойынша аудан орталығының аумағы 147 гектарға ұлғаятын болады.
Таныстырылым барысында оған қатысушылар тарапынан туындаған сауалдарға жобаны дайындаған мамандар тиісті жауаптар қайтарды. Аталмыш бас жоспар енді тиісті жоғары орындардың қарауына ұсынылады.

 

 

Фото: А.Алдабергенов

Обновлено 12.12.2012 16:21
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін48
mod_vvisit_counterКеше627
mod_vvisit_counterОсы аптада1697
mod_vvisit_counterӨткен аптада3329
mod_vvisit_counterОсы айда9647
mod_vvisit_counterӨткен айда12548
mod_vvisit_counterБәрі1027679

Серіктестер