Онлайн газет



Болашаққа бағдар берілді

А.Қайыпназарқызы,
“Ауыл жаңалығы”.

Осымен  үшінші рет Н.Ақшабаев орта мектебінде «Бота» қоғамдық қорының қаржылық көмегімен

«Қызыл Ай» қоғамының Жамбыл облыстық комитет-филиалы «Келешектің кілті – білімде» жобасы негізінде семинар ұйымдастырды. Бұл ретте олар «Іскерлік қарым-қатынас жасасу, түйіндеме құраудың дағдылары» тақырыбында сабақ өткізіп, ауданның білім ошақтарынан жиналған аз қамтылған және көпбалалы отбасылардан шыққан отыз шақты оқушыға түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
8-9 сынып оқушыларынан құралған қатысушылар семинар барысында «Қызыл Ай» қоғамының Жамбыл облыстық комитет-филиалының тренерлеріне көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, тақырып төңірегінде еркін пікір алмасты. Жастар сонымен қатар, өз ойларымен бөлісіп, болашақ туралы, алға қойған мақсаттары жайында әңгіме қозғады. Семинардың өз деңгейінде өткізілуіне «Қызыл Ай» қоғамының Жамбыл облыстық комитет-филиалының меңгерушісі О.Тастемірова, координатор А.Бакеева және Н.Ақшабаев орта мектебінің әлеуметтік педагогтары Ж.Стамқұлова мен А.Абдешова үлкен үлес қосты. Семинар соңында оқушылар «Қандай мамандықты таңдайсың?», «Өзіңе сеніміңді бағалау» атты тест сұрақтарына жауаптар қайтарып, өз мүмкіншіліктерін байқады.
Аталмыш жоба бойынша көршілес өзге де аудандарда болған ұйымдастырушылардың айтуына қарағанда мұндай семинар-сабақтар болашақ бастауы жастардың өз ойларын еркін әрі ашық түрде жеткізуіне септігін тигізсе, келешек өмірде де  табысқа жетуге зор мүмкіншіліктер туғызады екен. Мұнымен семинарға қатысушы ұл-қыздар да келіседі.

 

Фото. А.Алдабергенов

 

 

Обновлено 12.12.2012 16:12
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін498
mod_vvisit_counterКеше1876
mod_vvisit_counterОсы аптада6515
mod_vvisit_counterӨткен аптада10080
mod_vvisit_counterОсы айда32082
mod_vvisit_counterӨткен айда25735
mod_vvisit_counterБәрі2202812

Серіктестер