Онлайн газет



Құқық бұзушылықтың алдын алу - басты міндет

Г. Әбдіқұлова,
“Ауыл жаңалығы”.

Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу- қоғамдағы қылмыстың алдын алудың

аса маңызды аспектісі болып табылады. Заңды, әлеуметтік пайдалы қызметке және қоғам мен өмірге ізгілікті көзқарас қалыптастырып, жастарды қылмыстық қызметке жол бермейтін қағидаларға тәрбиелеу мақсатында республикалық деңгейде өткен “Зорлық-зомбылықсыз және қатыгезсіз балалық шақ” атты акция  шеңберінде  ауданымыздың барлық білім ошақтарында «Түнгі ауылдағы балалар, «Көше», «Жасөспірім» атты рейдтік шаралар, “Алаңсыз балалық шақ» атты тақырыпта іс-шаралар ұйымдастырылды.
Алдымен  Жамбыл атындағы орта мектептің базасында «Жастар және қылмыс» тақырыбында аудандық білім бөлімінің жоспарына сәйкес оқушылар  арасында дөңгелек үстел өткізілді. Былтырғы оқу жылында аталмыш  мектепте орын алған оқушылар арасындағы  бопсалау оқиғаларына байланысты алдын алу жұмыстарын ұйымдастыруды көздеген  шарада  кәмелетке толмағандар арасындағы тәртіп бұзушылық пен қылмыстың жағдайы туралы аудандық ішкі істер бөлімінің кәмелетке жасы толмағандар бөлімшесінің бастығы, полиция майоры  Д.Сағыновтың баяндамасы тыңдалып, аудан әкімдігі білім бөлімінің әдіскері И.Спаналиева «Жастар арасындағы қылмыстың себеп-салдары және оның алдын алу мәселелері» тақырыбында оқушылармен әңгіме жүргізді. Құқықтық оқуды  ұйымдастыру және сапалы өткізу хақында ой қозғады. Мектеп  директоры Р.Жұмасаева бопсалауға қатысты оқушылармен жеке жұмыс жүргізіліп қана қоймай,  оларды әртүрлі үйірмелерге тарту барысында атқарылған жұмыстар   жөнінде есеп берді. Оқушылар тарапынан туындаған сұрақтарға жауаптар қайтарылды. Дөңгелек үстел мектеп  психологтарының ұйымдастыруымен өткізілген «Ашуды жеңу қолымыздан келеді!» деген тренингпен қорытындыланды.
«Бақытты болашақ-жастардың қолында» атты тақырыппен Ю.Гагарин атындағы орта мектепте  өткен алқалы жиында  аудан әкімдігі білім бөлімінің әдіскері И.Спаналиеваның жастар арасындағы қылмыс және құқықтық білім беру бағытындағы жұмыстар, ата-ананың, оқушының міндеттері мен құқықтары туралы баяндамасы  мазмұнды болды.Дөңгелек үстел шеңберінде мектеп қабырғасында жүрген кәмелетке толмағандарға қолданылатын қылмыстық жазалар туралы сауалдарға нақты жауаптар беріліп, оқушылар мен ата-аналардың құқықтық білімін көтеру қажеттілігі айтылды. Мектеп психологы Қ.Рыскелдиеваның ұйытқы өткізілген тренингте оқушылар өздерінің ойларын ашық айтып, өзара пікір алмасты.

 

Фото: А.Алдабергенов

Обновлено 12.12.2012 16:40
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін33
mod_vvisit_counterКеше627
mod_vvisit_counterОсы аптада1682
mod_vvisit_counterӨткен аптада3329
mod_vvisit_counterОсы айда9632
mod_vvisit_counterӨткен айда12548
mod_vvisit_counterБәрі1027664

Серіктестер