Онлайн газет



Дихандықтар көгілдір отынға қол жеткізді

А.Алдабергенов,
«Ауыл жаңалығы».

Жуырда Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті күніне орай Мырзатай ауылдық округіне қарасты Дихан ауылының тұрғындары көгілдір отынға

қол жеткізді. Күздің алғашқы айында Дихан ауылының Жүзбай және 9- мамыр көшелерінің тұрғындары ауызбіршілік танытып, ұйымдаса жасаған әрекеттерінің арқасында бүгінгі таңда көгілдір отынның игілігін көрмек.
Ауыл тұрғындарына газ құбырын пайдалануға беру салтанатында Мырзатай ауылдық округінің әкімі Н.Есимов, ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы А.Әлімбаевтар қатысып, құттықтау сөз сөйледі. Өз сөзінде ауыл әкімі мемлекет тарапынан қолға алынып отырған игілікті шаралар жөнінде ой қозғап, газ құбырын жүргізу жұмыстарында көрсеткен қолдаулары үшін «ҚазТрансГазАймақ» акционерлік қоғамы Жамбыл өндірістік филиалының бастығы М.Садуақасовқа,  «ҚазТрансГазАймақ» акционерлік қоғамы Жамбыл өндірістік филиалы Байзақ газ учаскесінің бастығы Шыңғыс Әшімге ауыл жұртшылығы атынан ризашылық сезімін білдірді. Ауыл тұрғындарын Қазақстан Республикасы тұңғыш Президентінің күні мерекесімен және газдың кіруімен құттықтаған ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы А.Әлімбаев газдың үйге кіруінің тұрмыс-тіршілікті жеңілдетуімен қатар, қаржы жағынан да тиімді екенін атап өтті.
Осылайша өз қаражаттары есебінен ауылдағы 171 жанұя көгілдір отынмен қамтылды. Жалпы газ құбырын жүргізу үшін ауылдағы әрбір жанұя 261 000 теңгеден қаржы жұмсаған. Оның 150 000 теңгесін алдын ала төлесе, қалған 111 000 теңгесі он екі айға несиеге беріліп отыр.  Оның ішінде газ қазандығы, газдандыру жұмыстары мен есептегіш құралдары да қарастырылған. Бұл да болса қарапайым ауыл халқы үшін қомақты қолдау екені белгілі.
Дихан ауылы тұрғындарының қуанышында шек жоқ. Үйлеріне газ кіріп, шаруалары жеңілдеп қалған дихандықтар шынайы алғыстарын білдіріп жатты. Енді көмір жағып, күл шығарудан қолы босайтын ауылдағы 171 тұрғын үй көгілдір отынның игілігін көретін болады.

 

 

Фото: А.Алдабергенов

Обновлено 11.12.2012 19:51
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін439
mod_vvisit_counterКеше675
mod_vvisit_counterОсы аптада2836
mod_vvisit_counterӨткен аптада4952
mod_vvisit_counterОсы айда8350
mod_vvisit_counterӨткен айда18846
mod_vvisit_counterБәрі1091887

Серіктестер