Онлайн газет



Байзақтықтар сайлауда белсенділік танытты

А.Қайыпназарқызы,
“Ауыл жаңалығы”.

26 сәуір. Ел тарихындағы ерекше күн. Ертеңімізді сеніп тапсыратын Елбасын таңдау – жауапты іс дейтін болсақ, осынау маңызды сәтте барша байзақтықтар белсенділік танытты. Таң азаннан бастап кеш батқанға шейін ауданымыздағы барлық сайлау учаскелерінде қарбалас жұмыс, кезекке тұрған тұрғындар өз таңдауын жасап жатты.
Сарыкемер ауылы. Аудан орталығы Сарыкемер ауылында бұл күні бірден бірнеше сайлау учаскесі тынымсыз жұмыс істеп тұрды. Аудандық әл-Фараби атындағы мәдениет үйінде орналасқан №126 сайлау учаскесіне алғашқылардың бірі болып зейнеткер Камал Беспаев пен Назарбаев зияткерлік мектебінде физика-математика бағыты бойынша 12-сыныпта білім алып жатқан Қызжібек Іскендірова  және Әнел Айдарбекова кіріп келді.
Алдымен қазыналы қария К.Беспаев баршаға сәттілік тілеп, өз ақ батасын берсе, жас сайлаушылар Қ.Әбдуәліқызы, Ә.Айдарбекова ел азаматшасы ретінде ең алғаш рет дауыс беріп отырғандықтарының үлкен мақтаныш екендігін айтты.
Дәл осы сайлау учаскесінде аудан әкімі М.Шүкеев те өз жанұясымен бірге келіп таңдау жасады.
Сарыкемер орта мектебіндегі №147 сайлау учаскесінде 1478 сайлаушы тіркеуде тұр.
Біз барған сағат 8.00 шамасында 400-дей азамат өз таңдауын жасап үлгеріпті. Ал, мұнда ТМД бойынша Қырғыз Республикасынан келген халықаралық бақылаушы Л.Кутуеваның айтуына қарағанда учаскеде сайлаушыларға барлық жағдайлар жасылынған және ешқандай заң бұзушылық әрекеттер анықталмаған. «Елдің бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарып, ұйымшылдық таныта бірінен соң бірі келіп дауыс беріп жатқаны ерекше таңғалдырды. Бұл Қазақстанда ауызбірлік пен тұрақтылықтың мықтап қалыптасқанын аңғартады» дейді Людмила Амантаевна.
Сайлау күнін Қостөбе ауылындағы №120, Қызыл жұлдыз ауылындағы  №122 және  Бурыл елдімекеніндегі №139 сайлау учаскелеріндегі сайлаушылар мерекелік көңіл-күйде өткізді. Ел, жер, Отан жайындағы әндер айтылып тұрған сайлау орындарында халықтың қарасы көп болды. Әртүрлі ұлттың өкілдері тұрып жатқан аталмыш үш ауылда түрі бөлек болғанымен тілегі бір ұлыстардың үлкен-кішісі айтулы күннен сырт қалмай, кемел келешек үшін дауыс беруге асықты.
Ең бірінші және алғаш рет дауыс берген азаматтарға сайлау учаскесі атынан сый-сияпаттар табысталды.
Көктал ауылындағы №135-ші сайлау учаскесінде таңғы сағат 7.00-де  ауыл тұрғыны Тілеухан Құлманбетұлы, жас сайлаушылар Бейсенбі Асылбек, Рысбек Дулат алдыңғылар қатарында сайлау жәшігіне таңдау қағаздарын салды.
Саяси науқаннан аудан кәсіпкерлері де шет қалмады. Қостөбедегі «Р.Мамбетова» жеке кәсіпкерлігі мен Көкталдағы М.Тұрмаханбетова жетекшілік ететін “Жамбыл Құс” жауапкершілігі шектеулі серіктестігі және жекелей кәсіпкерлер өз ауылдарындағы сайлау учаскелері маңында сауда-саттық ұйымдастырып, тұтынушыларға сапалы өнімдерін ұсынды.
Дихан ауылдық округіне қарасты Мәдениет үйіндегі №134 сайлау учаскесінде де ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауы жоғары деңгейде өткерілді.  Таңғы сағат  7.00-де  сайлау учаскесіне бірінші болып келген еңбек ардагері Д.Дүбіралиев ақсақал   егемен еліміздің өміріндегі маңызды науқан жөнінде ойымен бөлісіп, өз таңдауын жасады.
Бірінші рет дауыс беріп отырған Шуақ Әбдіқұл мен Олеся Свередюкке сайлау учаскесі атынан тарту жасалынды.
Ал, кешкі 20.00-де дауыс беру аяқталды. Байзақ аудандық аумақтық сайлау комиссиясының мәліметіне сәйкес:  Қазақстан Республикасы Президентігіне үміткерлер Ә.Құсайыновқа -  328, Н.Назарбаевқа - 45 053, Т.Сыздықовқа - 252 дауыс берілген екен.

Обновлено 30.04.2015 10:07
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін889
mod_vvisit_counterКеше1189
mod_vvisit_counterОсы аптада889
mod_vvisit_counterӨткен аптада10587
mod_vvisit_counterОсы айда41079
mod_vvisit_counterӨткен айда34753
mod_vvisit_counterБәрі2248465

Серіктестер