Онлайн газет



Ердің жеңісі-елдің жеңісі

А.Шотбасова,
«Ауыл жаңалығы».

Ел өміріндегі елеулі оқиға Елбасын таңдау науқаны мәресіне жетіп, ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстан Республикасының Президенті болып қайта сайланды. Осынау жеңісті ұлықтауға арналған айтулы мерекелік шаралар апта басынан республикамыздың жер-жерлерінде

ұйымдастырылуда.
Тыныштық пен тұрақтылық, береке мен бірлік үшін дауыс беріп, сайлау күні ерекше белсенділік танытқан байзақтық жұртшылық та бұл шарадан тыс қалмай, дүйсенбіде аудан орталығындағы алаңға жиылды.
Онда алғаш болып сөз сөйлеген аудан әкімі, «Нұр Отан» партиясы Байзақ аудандық филиалының төрағасы Мұратхан Шүкеев баршаны осынау ұлы жеңіспен құттықтап, еліміздің өсіп-өркендеуін-дегі Елбасының ерен еңбегін сөз етті. Сайлау күні аудандағы 47 170 сайлаушының 45 889-ы дауыс бергенін мәлімдеп, айтулы науқанға біркісідей қатысып, азаматтық парыздарын орындаған  тұрғындарға алғысын жеткізді.
Ердің жеңісі – елдің жеңісі екендігін аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Рәш Шәметұлы ауызға алса, ақын-сазгер Қасқырбай Нарбатыр кезекті сайлауды жеңіспен аяқтап отырған Елбасына арнап жазған жалынды жырын оқып берді. Ал, аудандағы түрік этномәдени орталығының жетекшісі Мехия Раджамов сан ұлттың ұл-қыздары мекен еткен Қазақстан, оның қарышты қадамдары, ұлтаралық татулық пен бірлікті бекемдей түскен Нұрсұлтан Әбішұлының көреген саясаты жайында сөз етті.

 


Халық қалаулысы, аудандық штабтың қоғамдық қабылдау бөлмесінің меңгерушісі Рабат Сарсенов және Н.Назарбаевтың сенімді өкілі Жұманғали Құмғанбаев елі сүйген ердің қайта Елбасы болып сайлануы оның еңбегінің бағасы әрі жетістіктерінің қорытындысы деп білетіндігін жеткізсе, 18-ге жаңа толған жас сайлаушы, №3 Байзақ колледжінің 2-курс білімгері Ерсұлтан Сәрсенов тәуелсіз елімізде жастардың алаңсыз білім алуына жағдай жасалғандығын тілге тиек ете, жарқын болашақ үшін жасалған таңдауының – дұрыс шешім болғандығын айтты.
Мерекелік шарада ауданымыздың жезкөмей әншілері «Қазақстан», «Көк тудың желбірегені», «Сарыарқа”, “Туған жер”  тағы да басқа патриоттық бағыттағы әсем әндерді  шырқап, көпшілікке көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

Обновлено 30.04.2015 10:02
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін445
mod_vvisit_counterКеше1189
mod_vvisit_counterОсы аптада445
mod_vvisit_counterӨткен аптада10587
mod_vvisit_counterОсы айда40635
mod_vvisit_counterӨткен айда34753
mod_vvisit_counterБәрі2248021

Серіктестер