Онлайн газет



Қазақ елі, Қазақстан жасасын!

ҚАСҚЫРБАЙ НАРБАТЫР,
Байзақ ауданының “Құрметті азаматы”.

Жер шарының зерделесек тәртібін,
Бейбіт күннің сезінеміз дәл құнын.
Сиыса алмай адамдары бір елдің
Бір-бірінің бүріп жатыр алқымын.

Бір жерлерде нан тауып жеу жалпы мұң,
Аштықпенен өткереді әр күнін.
Оқ атудан оңбай жатыр бір елдер,
Не боларын кім біледі артының?

Соғыс, аштық тигізбестен салқынын,
Әлем қашан алар екен сәл тыным?
Біреулерде ойлап көрсең Отан жоқ,
Көптігіне қарамастан халқының.

Татуы бар абырой мен даңқының,
Жөнін білер тәуелсіздік шартының.
Басқаларға бас шайқатқан бүгінде,
Өз елімнің табысына тәнтімін.

Біздің көңіл бүгін қайда алаңдар,
Бейбіт тірлік, ақжарылқап  заман бар.
Қой үстіне жұмыртқалап бозторғай,
Той үстінде қауышады адамдар.

Артта қалды біраз белес-белеңдер,
Бірақ, бірақ кемшілік жоқ демеңдер.
Ең жақсысы дұрыс дамып келеміз.
Ең бастысы көшбасшымыз  кемеңгер.

Ет бауыры езілетін ел десе-
Шыңға шықты аты озып Ер кеше.
Қазақстан Нұрсұлтанмен қуатты,
Дауысымызды дұрыс бердік ендеше!

Болды елге осы сайлау аса сын,
Бұдан артық қандай шаттық тосасың?
Назарбаев тағы бірге бізбенен,
Қазақ елі, Қазақстан жасасын!

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін396
mod_vvisit_counterКеше1189
mod_vvisit_counterОсы аптада1585
mod_vvisit_counterӨткен аптада10971
mod_vvisit_counterОсы айда40586
mod_vvisit_counterӨткен айда34753
mod_vvisit_counterБәрі2247972

Серіктестер