Онлайн газет



ҚҰрмет көрсетілуде

Г. Әбдіқұлова.
“Ауыл жаңалығы”.

Семей полигоны-Қазақстанның ядролық қасіреті деп жатады.Өңірде жалпы саны 456 ядролық және термоядролық жарылыс жасалыпты. Семей ядролық полигонында әуеде және жер бетінде сынақтан өткізілген ядролық зарядтардың жалпы қуаты 1945 жылы Хиросимаға тасталған атом бомбасының қуатынан 2,5 мың есе көп екен.
Сынақ алаңының зардаптары орасан болғандықтан  “Нивада-Семей» антиядролық қозғалысы  ұйымдастырылып, біраз шаруалардың  тындырылғаны белгілі.
1992 жылы тамызда әлемдегі ең ірі ядролық полигонның бірін жабу туралы Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың Жарлығы шықты. Төрткүл әлемдегі  4-ші ядролық қару-жарақ қоймасын жою туралы тарихи шешім қабылдаған Қазақстанның қадамы әлемді ядролық қарудан азат  етудің  жарқын үлгісі ретінде тарих бетіне жазылды.Аса қауіпті аймақта әскери міндет өтегендердің басын  бір ұйымға ұйытқан «Ерекше тәуекелді солдаттар» «Жеңіс қаһарманы» қоғамдық бірлестігінің жұмысы көңіл қуантады.
Жақында аталмыш бірлестіктің Байзақ аудандық филиалының төрағасы Н.Псибаевтың  ұйытқы болуымен  келелі  жиын өткізілді.
Ұйым төрағасы Ұлы Жеңістің 70 жылдығы-айтулы мереке екендігін, ел басына күн туған шақта қолына қару алып, елін, жерін жаудан азат еткен ардагер аталарымызды құрметтеп, қадірлеудің маңызына тоқталды. Бұдан соң сөз алған “Ерекше тәуелді солдаттар» қоғамдық бірлестігі «Жеңіс қаһарманы» Жамбыл облыстық филиалының төрағасы Мәлік Тұрлымбеков   өз сөзінде қаһарман аталарымыз бен тыл  еңбекерлерінің Жеңіске қосқан үлесін әңгімелей отырып,  Семей сынақ алаңында азаматтық  борышын өтеген ерлер-бүгінде ел экономикасына өзіндік үлес қосып отырғандығын айта келе,  аудандық орталық ауруханада еңбек етіп жүрген Қайрат  Даулетбековке  “Семей полигонының жабылғанына 20 жыл“  және Бауыржан Момышұлының 100 жылдық медалін табыстады.
Мұнан соң Байзақ аудандық филиалы атынан  Семей және Чернобыль апат аймағында  әскери  борышын өтеген жауынгерлерге  көрсетіліп жатқан медициналық көмектері үшін аудандық  орталық аурухананың бас дәрігері Р. Сапарбеков пен бас дәрігердің орынбасары Г. Маханбаевалар  Алғыс хатпен марапатталды.
Алқалы жиында осы қоғамдық бірлестіктің облыстық және аудандық  филиалы төрағасының орынбасарлары С. Қуантаев және А. Бесбаев, мүшесі Н. Нұртаев сөз алып, Семей және Чернобыль жеріндегі ядролық сынақтардың  қоршаған орта мен ондағы тұратын  халықтың денсаулығына  келтірген зияны жөнінде  өздерінің ойларымен бөлісті.

Обновлено 30.04.2015 09:54
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін156
mod_vvisit_counterКеше1189
mod_vvisit_counterОсы аптада1345
mod_vvisit_counterӨткен аптада10971
mod_vvisit_counterОсы айда40346
mod_vvisit_counterӨткен айда34753
mod_vvisit_counterБәрі2247732

Серіктестер