Онлайн газет



ӨМІРІ ӨНЕГЕГЕ ТОЛЫ

Т.Папиев,
еңбек ардагері.

Сонау ХІХ ғасырдың 30 жылдары халқымыздың көшпеліліктен тұрақтап, ауыл болып шоғырланып, орналасып жатқан тұсы еді. Аманғазы әке-шешесінің тұңғышы болғандықтан еңбекке өте ерте кірісіп, олардың қолқанаты бола білді. Тұрмыс тауқыметі оның балалық шақтың балын татып, таң атқаннан кеш қарайғанға шейін асыр салып ойнауына мүмкіндік бермеді. Базарбайұлы Аманғазы әкесіне қол ұшын созып, қалайда қарнымыз аш болмаса екен деген ниетпен шешесімен бірге жүріп шөп шашты, масақ терді. Тегістік ауылының батыс жағында Ақкөше деген шағын ауылда тұратын Аманғазы есейе келе, қолына күрек, кетпен алып, арық қазды, тоған тартып ауылға су әкелуге тікелей басшылық жасады. Жоғарыда айтылған Ақкөше ауылы екіге бөлініп, бір бөлігі Тегістік (қазіргі Амангелді колхозы) ауылына, жартысы Байзақ (бұрынғы Свердлов) колхозы болып бөлінеді.
Ол кезде колхоздың бастығын екі жыл мерзімге сайлайтын уақыт. Тағдыры ел тағдырымен тұтасып, ауылына шама-шарқына қарай еңбек сіңіре білген ол өгіз, ат арба, қол соқамен жер тартып, егін салуға атсалысты.
Кезінде еліне елеулі еңбегі сіңіп, ел басқарған Аманғазының өмірін 1941-1945 жылдары басталған Ұлы Отан соғысы тас-талқан етті. Сол жылы ол да көптің бірі болып қолына қару алып, майданға аттанды. Украина, Белоруссия төңірегіндегі қан майданда неміс шапқыншыларымен күресті. Белоруссияның орманында болған бір шайқаста неміс зеңбірегінің (осколкасы) қолына тиіп, госпитальға жеткізіледі. Бұл соғыстың 1943 жылы еді, әскери комиссия оны соғысқа жарамсыз деп танып, елге қайтарады. Ол кездегі ауылдың жағдайы белгілі. Елге оралған соң  ол кісіні ауыл ақсақалдары екінші рет колхозға бастық етіп сайлайды. Сөйтіп, әлсіреген ауылда Отан үшін, соғыстағы жерлестері үшін күн-түн демей, дамылсыз еңбек етті. Соғыс басылып, ел етегін жия бастаған кезде ағамыз Аманғазы Базарбайұлы отбасын құрды. Жары екеуі екі ұл тәрбиелеп өсірді.  Бүгінде олардың бірі Көкбастау ауылында, екіншісі аудан орталығында әке жолын жалғастырып, өнегелі ғұмыр кешуде. Өзі еңбек еткен колхоз кейіннен 1950 жылы Тегістік, Көкбастау, Жаңатұрмыс ауылдарымен бірігіп, «Амангелді» атындағы колхоз болып қайта құрылғаны белгілі.
Аманғазы Базарбайұлының өткен өмірін ескікөз қариялар Жалысбаева Күлхан және ауылдық ақсақалдар алқасының төрағасы Аюбаев Қуанышбайдан сұрап, біліп отырмыз.
Ел басына күн туған сындарлы сәтте де, бейбіт өмірде де аянбай тер төгуден танбаған Аманғазы Базарбайұлы бүгінде арамызда болмаса да, біз үшін, ұрпақтары үшін ол әркез биік парасат иесі, бойына асыл қасиеттерді сіңіре білген, қамқорлығы мол тұлға болып қала бермек.

Обновлено 23.04.2015 10:40
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін65
mod_vvisit_counterКеше1189
mod_vvisit_counterОсы аптада1254
mod_vvisit_counterӨткен аптада10971
mod_vvisit_counterОсы айда40255
mod_vvisit_counterӨткен айда34753
mod_vvisit_counterБәрі2247641

Серіктестер