Онлайн газет



Қазақ хандығының 550 жылдығына арналды

Үстіміздегі жылы Қазақ хандығының 550 жылдығы аталып өтілмекші. Егемендік пен елдікті, татулық пен тұрақтылықты, отансүйгіштік пен патриотизмді насихаттайтын атаулы мерекенің маңызын  өсіп келе жатқан ұрпаққа түсіндіру, олардың бойында  өзінің  туған жері мен  өткен тарихына, ел басқарған хандары мен  батырларына деген құрметті қалыптастыру  мақсатында ауданымыздың барлық   білім ошақтары мен  кітапханаларында іс-шаралар өткерілуде.

Жақында Ботамойнақ ауылдық округіне қарасты  Байзақ ауылдық кітапханасында  «Қазақ хандығының құрылғанына 550 жылдығына” орай  кітапхана меңгерушісі Г.Бозғұлова «Ұлы даланың Ұлы тұлғалары» атты тарих сағатын өткізді.
Маңызды шараға клуб меңгерушісі Ш.Тоқболатова, С.Абланов орта мектебінің тәлімгері Г.Баяділова, “Жастар орталығының” маманы Н.Есіргенов, С.Абланов орта мектебінің 6-8 сынып оқушылары және балалар мен жасөспірімдер шығармашылығы орталығының оқушылары қатысты.
Тәрбие сағатында кітапханашы қазақ елінің тарихынан сыр шертіп, қазақ елін біріктірген Керей мен Жәнібек ханның елі үшін атқарған ұлан ғайыр еңбегі, сол дәуірдегі қиындықтар туралы кеңінен мағлұмат берді. Сонымен қатар  “Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама” кезінде  халқымыздың басы түскен ауыртпалық слайд арқылы көрсетіліп, «Қазақ хандығының құрылуы” дәуірінен  кеңінен  ақпарат берілді.
Шара соңы  «Қазақ хандығының құрылуы -ел тұтастығының кепілі» атты кітап көрмесіне ұласты.

Өз тілшіміз.

Обновлено 23.04.2015 10:33
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін343
mod_vvisit_counterКеше884
mod_vvisit_counterОсы аптада343
mod_vvisit_counterӨткен аптада10971
mod_vvisit_counterОсы айда39344
mod_vvisit_counterӨткен айда34753
mod_vvisit_counterБәрі2246730

Серіктестер