Онлайн газет



Азаматтық борыштарын өтеді

Адам денсаулығының жақсы болуы немесе нашарлауы денедегі қан құрамының тазалығы, оның мөлшері т.б. жағдайларына байланысты екендігі ежелден белгілі. Жалпы қанның адам ағзасындағы атқарар рөлі өте зор. Сонымен қатар, ол күнделікті өмірде де әртүрлі апаттардан жарақат алған, күйіктерден зардап шеккендерге немесе қан ауруымен ауырытындарға операция жасағанда тағы басқа да көптеген жағдайларда аса қажет болары сөзсіз.
Сондықтан да донорлық (қан тапсыру) қызметтің маңызы өте зор.
Бұл қайырымдылық іс кешегі кеңес дәуірінде де қоғам қажеттілігіне байланысты кеңінен насихатталып, азаматтардың өз еріктерімен тапсырған қандары (компоненттері) оған мұқтаж болған науқастарға құю үшін немесе медициналық препараттарды алу үшін жан-жақты пайдаланылғаны белгілі. Кейбір статистикалық деректерге жүгінер болсақ, жер шарының әрбір үшінші тұрғыны өмірінде, бір рет болса да, донорлық қанға мұқтаж болатын көрінеді.
Бұл тәжірибе бүгінгі күнде де өз өзектілігін жоғалта қойған жоқ, керісінше көкейкесті мәселенің біріне айналып барады.
«Қан тамшысы» атты осындай бір қайырымдылық акциясы ағымдағы жылдың 20 қазанында Жамбыл облысы бойынша экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінде (қаржы полициясы) өткізілді.
Аталмыш департамент қызметкерлері өз еріктерімен қан тапсырып, өздерінің азаматтық борыштарын өтеді.
Бұндай қайырымдылық акциялары алдағы уақыттарда да өз жалғасын табатын болады.

Жамбыл облысы бойынша (ЭСЖКД қаржы полициясы).







 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін1653
mod_vvisit_counterКеше1540
mod_vvisit_counterОсы аптада5794
mod_vvisit_counterӨткен аптада10080
mod_vvisit_counterОсы айда31361
mod_vvisit_counterӨткен айда25735
mod_vvisit_counterБәрі2202091

Серіктестер