Онлайн газет



ЕРЛІК - ЕЛГЕ МҰРА, ҰРПАҚҚА ҰРАН

А.Шотбасова,
«Ауыл жаңалығы».

12 қараша 2011 жыл. Тарих беттеріне осы бір күн ерекше із қалдырды. Бұл күн бүкіл қазақстандықтар, оның ішінде әсіресе Тараз тұрғындары есінде мәңгі сақталары анық. Өйткені дәл осы күні облысымызда ойламаған жерден

оқыс оқиға орын алып, жат пиғылды жауыздың қолынан алты бірдей азамат қаза тапты. Оның екеуі қарапайым қала тұрғындары болса, қалған төртеуі құқық қорғау саласының қызметкерлері еді. Солардың бірі, жерлесіміз, облыстық жол полициясының взвод командирі, полиция капитаны Ғазиз Әбдібекұлы Байтасов ел басына күн туған сын сағатта ерекше ерлік  көрсетіп, жауызды кеудесімен тоқтата білді.
Сол сәттегі Ғазиздің батыл қадамы  жас  ұрпаққа өнеге болары сөзсіз. Бүгінде біз ел болып ер ұлымызды ескерусіз қалдырмауға тырысып –бағудамыз. Елбасының өзі бас болып Ғ.Байтасовқа «Халық қаһарманы» атағын берсе, ол қызмет еткен орта - облысымызбен туып-өскен жері - Байзақ өлкесінде де біршама игі істер атқарылды.
12 қараша 2012 жыл.  Тараз қаласындағы қанды терактінің болғанына бір жыл толып отыр. Аудандық әкімдікте әр дүйсенбі сайын өтетін аппарат кеңесі бұл күні терроршыл лаңкесті кеудесімен жауып, бейбіт өмір сыйлаған марқұм Ғазиз Байтасовты бір минут үнсіздікпен еске алумен басталды.
Дәл осы күні аудан әкімдігінің ішкі саясат бөліміне қарасты «Жастар орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі мен аудан әкімдігі білім бөлімінің бастамасы негізінде Түймекент орта мектебінің ұжымы ұйытқы болуымен батырдың дүниеден өткеніне жыл толуына орай «Ерлік – елге мұра, ұрпаққа ұран!» атты еске алу шарасы ұйымдастырылды.
Оны Түймекент орта  мектебінің директоры Қ.Бәйтен ашып, осыдан 1 жыл бұрын болған қанды қырғын  жайын еске ала отырып, кеудесін оққа тосқан қаһарман ұлдың ерлігі өзгелерге өнеге екендігін атап өтті. Мұнан соң шараға жиылған жұртшылық Ғ.Байтасовты бір минут үнсіздікпен еске алып, оның өмір жолы баяндалды.
Қазақ халқы өткен өмірде де аз қиыншылық көрген жоқ. сұм соғыс, аштық пен қуғын-сүргін, талайғы тар жол тайғақ кешулерді тілге тиек еткен аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Р.Шәметов ер ұлдың ерлігін ерекше мақтанышпен ауызға алып, жастарды жақсы оқып, ел үшін ерінбей еңбек етуге шақырса, аудан әкімдігі білім бөлімінің тәрбие ісі жөніндегі әдіскері И.Спаналиева, аудандық «Жас Отан» жастар қанатының атқарушы хатшысы Ә.Мырзабеков ерлік ешқашан ұмытылмайтындығын, «туған елім» деп жанын пида еткендерді елеп-ескеру кейінгі жас ұрпақ міндеті екендігін атап өтті.
Келесі кезеңде мектептің ардагер ұстаздары О.Бозай, С.Мамырбаев, Ш.Үкібаева шәкірттері  Ғ.Байтасов туралы, оның адамгершілік-азаматтық бейнесі жайында және ол оқыған жылдардан естеліктер айтса, мектеп мұғалімі К.Ақназаров «Жүректерде ерлік ісің, есімің» атты өлеңін оқыды.
Ғ.Байтасовты еске алу іс-шарасы барысында Түймекент орта мектебінің оқушыларынан құралған топ «Біз Отанның ұланымыз» хорын нақышына келтіріп орындаса, батырға арнап ұйымдастырылған бұрышқа гүл шоқтары қойылды.

*    *     *   *
Шараны ұйымдастырушылар мұнан кейін аудан орталығы Сарыкемер ауылындағы «Батырлар Аллеясында» орналасқан «Халық қаһарманы» Ғ.Байтасовтың мемориалдық тақтасына барып, тағзым етіп, гүл шоқтарын қойды.

 

 

Обновлено 15.11.2012 17:47
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін314
mod_vvisit_counterКеше1241
mod_vvisit_counterОсы аптада6559
mod_vvisit_counterӨткен аптада11734
mod_vvisit_counterОсы айда14200
mod_vvisit_counterӨткен айда45913
mod_vvisit_counterБәрі2265869

Серіктестер