Онлайн газет



«Халықтық IPO» халық игілігі үшін

- Толқынай Дүйсебаева жалпы, «Халықтық IPO» акциясы туралы теледидарда, басылым беттерінде жиі айтылып жүргендігі

рас. Сонда да аудан тұрғындары тағы бір рет таныс болсын, бұл қандай бағдарлама? Оның мән-мағынасы жайында айта кетсеңіз?
- «Халықтық IPO» өзінің жалпы түсінігінде мемлекеттің ұлттық байлығын олардың азаматтары арасында бөлу дегенді білдіреді. Көптеген дамыған батыс елдері, мысалы, Ұлыбритания осындай бағдарламаларды ойдағыдай өткізді. IPO (Initial Public Offering) –«алғашқы жария ұсыныс» деп аударылады. Бұл термин қаржы операциясын білдіреді, оның барысында компания алғаш рет кең жұртшылыққа өз акцияларын сатып алуды ұсынады.  Халықтық акция ең алдымен жеке тұлғаларға – Қазақстан азаматтарына сатылады дегенді білдіреді.
«Халықтық IPO» бағдарламасына қатысу үшін барынша тұрақты компаниялар іріктелді, олардың басым көпшілігі өз табысын елдің ішіндегі қызметі есебінен қалыптастырады, яғни әлемдік нарықтардағы жағдайларға тәуелді емес. Биыл «Халықтық IPO» бағдарламасына  «ҚазТрансОйл» Ақ-ы қатысуда. Бағдарлама халық қолдауына ие болып жатса, яғни келер жылдардан бастап 2013 жылы – «KEGOC» АҚ, «Эйр Астана» АҚ, «ҚазТрансГаз» АҚ, «Самұрық-Энерго» АҚ және «Казморттрансфлот» АҚ-ы, 2014-2015 жылдары «Қазақстан темір жолы»ҰК», «Қазтеміртранс» АҚ, «Қазатомпром» АҚ және «ҚазМұнайГаз» Ақ-ы қатысады.
- Ал, оның мақсаты қандай?
-«Халықтық IPO» бағдарламасының басты мақсаты – елдегі көшбасшы компаниялардың жеткен жетістігіне тұрғылықты халықтарға да қолжетімді болуға атсалысу. Ерекше айта кетерлік жәйт, қазақстандықтарға мемлекет компаниялардың барынша ірі, тұрақты әрі перспективалық әл-ауқаты күшті деген акциялар ұсынылмақ. Олардың акционері болған кез келген азамат әрине оның сеніміне кіріп, ондағы кірістің бір бөлшегіне ие болу мүмкіндігін ала алады. Негізінен акцияның тағы бір тиімді тұсы бар. Ол қаржылық сектордың дамуын қамтамасыз етіп, жергілікті халықты ел ішіндегі инвестициялық мәдениетке тарту.
- Жоғарыда акцияға қазақстандықтар қатыса алады деп атап көрсеттіңіз, ол үшін азаматтар қайда барып өзіне керекті мағлұматтар ала алады? 
Акция жайлы www.halyk-ipo.kz сайтынан толық ақпарат алуға болады  немесе 250 70 00 (Алматы үшін) және 8-800-080-50-70 (өңірлер үшін) телефондары бойынша хабарласуға болады. Эмитент-компанияға жүгініп, Сіз акцияларды олардан тікелей сатып ала алмайсыз. Сізге Қазақстан қор биржасындағы операцияларға қатысуға құқығы бар қаржы мамандары көмектеседі, олар сізбен арнайы шарт жасасады. Өкінішке қарай, бүгінгі таңда делдалдық ұйымдар негізінен Астана мен Алматы қалаларында орналасқандықтан «Қазпошта» бөлімшелері олардың өңірлердегі агенттері болмақ. Сондықтан бағдарламаға қызығушылық танытқан кез-келген  тұрғын «Казпошта» акционерлік қоғамы аудандық пошта байланыс торабына, сонымен қатар, Түймекент, Бурыл, Қызыл жұлдыз, Байзақ ауылдарының тұрғындары өздерінің  тұрғылықты жері бойынша пошта бөлімшелеріне барып қажетті ақпаратты білулеріне болады. Аталмыш ауылдарда брокерлік шот ашуға да болады. Дәл осылай өзге де өңірлеріміздегі пошта бөлімшелерінен керекті мағлұматтарды алуға болады.
- Акцияға қатысу үшін қандай құжаттар қажет?
-Алдымен оған қатысамын деп ниеттенген азамат делдалдық компанияны таңдайды. Одан кейін онымен шарт жасасады. Ол үшін азаматтың қолында жеке куәлігі (төлқұжат) және СТН болуы керек. Шарт жасалғаннан кейін Сіздің Орталық депозитарийде жеке шотыңыз ашылады. Бұл шот қазақстандық қор биржасында қаржы операцияларын жүзеге асыруға, яғни акцияларды сатып алуға және сатуға мүмкіндік береді.
- Қарашаның 6-сынан бастап «Халықтық IPO» акциясына қатысуға өтініштер қабылдана бастағаны белгілі. Тіпті ел-жұрт теледидар арқылы танысып-білісіп жатыр, алғашқы қатысушылар да анықталуда.
-Иә, қарашаның 6-сынан бастап «Халықтық IPO» акциясына қатысуға өтініштер қабылдана бастады. Өтініш беру желтоқсанның 5-нде аяқталады.
- Акция бағалары да белгілі болған деп естудеміз, ол қаншаны құрайды?
-«Халықтық IPO» бағдарламасы бойынша қазақстандықтарға арналған акция бағасы бекітілгені рас. Ол, баршамызға да қолжетімді 725 теңге болып отыр.
- Акцияны түсіндіру, ел-жұртқа насихаттау жолында ауданда қандай іс-шаралар атқарылды?
- Мен «Халықтық IPO» бағдарламасы бойынша «Казпоштаның» Жамбыл облыстық филиалында ұйымдастырылған оқуға қатысып келдім. Өткен тамыз айында, «Нұр Отан» ХДП аудандық филиалының ғимаратында бағдарламаны түсіндіру бойынша семинар болып өтті. Оған облысымыздан арнайы осы мәселемен айналысып жүрген мамандар келіп қатысты. Әрине, онда бұл акцияның  пайда болу себептері, оның жүргізілу барысы егжей-тегжейлі айтылды. Жергілікті «Қазпошта» бөлімшелері делдалдық ұйымдардың өңірлердегі агенттері болғандықтан, жақында пошта бөлімшелерінің басшыларымен бас қосып, өзара түсіндірме жұмыстарын жүргіздік. Осындай шара кеше, жұма күні де өткізілді. Қазіргі таңда, акцияға өтініш қабылдау науқаны басталғандықтан, ауданымызға қарасты барлық пошта бөлімшелерінің басшыларын жинап алып, келесі кезеңдерде атқаралатын жұмыстар жайын талқыладық.
- Аудан халқының акцияға атсалысу деңгейі қаншалықты?
- Акцияға өтінім беру жоғарыда айтып өткеніміздей жақында ғана басталды. Әрине, ел-жұрт қазірдің өзінде екіойлы болып жүргендігі рас.  Десекте акцияның құны аса көп емес, баршамызға қолжетімді баға. Бүгінгі таңда 9 брокерлік шот ашылып отыр. Өкінішке орай, акцияға қатысу туралы өтініштер әлі  келіп түскен жоқ.  Ауданымызда өз кәсіптерін дөңгелетіп отырған жеке кәсіпкерлер, шаруа қожалықтарының иегерлері бар екендігін ескерер болсақ, бағдарламаға атсалысатындар әлі де алда болады деп үміттенеміз. Өйткені, акция олар үшін де өте тиімді.
-Біз де соған тілектеспіз. Әңгімеңізге рахмет, жұмыстарыңызға табыс тілейміз.

 

 

Сұхбаттасқан А.Шотбасова.





Обновлено 12.11.2012 16:13
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін1355
mod_vvisit_counterКеше1876
mod_vvisit_counterОсы аптада7372
mod_vvisit_counterӨткен аптада10080
mod_vvisit_counterОсы айда32939
mod_vvisit_counterӨткен айда25735
mod_vvisit_counterБәрі2203669

Серіктестер