Онлайн газет



Қайта түлеген мәдениет үйі

Г. Әбдіқұлова,
«Ауыл жаңалығы».

Мәдениет-рухани мәйек. «Мәдениет-ұлттың бет-бейнесі, рухани болмысы, жаны, ақыл-ойы, парасаты. Өркениетті ұлт, ең алдымен, тарихымен, мәдениетімен, ұлтын ұлықтаған ұлы

тұлғаларымен, әлемдік мәдениеттің алтын қорына қосқан үлкенді-кішілі үлесімен мақтанады. Сөйтіп, тек өзінің ұлттық төл мәдениетімен ғана басқаға танылады» деп Елбасымыз айтқандай,  ұлттық өнеріміз бен мәдениетімізді өркендететін осы саланың қызметкерлері бүгінде уақыт талабына сай бой көтерген немесе  күрделі және ағымды жөндеу жұмыстары өткізілген мәдениет ошақтарында соны серпінмен еңбек етуде.

Қысқа жіптің күрмеуге келмейтін кезеңі, яғни өткен ғасырдың тоқсаныншы жылдары ауданымыздағы  көптеген мәдениет ошақтарының есігіне қара құлып түсті, енді бірі жекешенің қолына өтіп кетті. 2000 жыл Елбасының Жарлығымен «Мәдениетті қолдау жылы» болып жарияланысымен өмірімізбен өзектес бұл салада оң өзгерістерге қадам жасалды. Елдімекендердегі жабылып қалған клуб, кітапханалар қайтадан ашылып, өз оқырмандарын қабылдап, көрермендеріне қызмет көрсете бастады.
Дихан ауылдық округінің орталығындағы мәдениет үйі 1984 жылы пайдалануға  берілген  болатын. Нарықтың өтпелі кезеңінде жекеменшікке өткен ғимарат  2010 жылы мемлекет меншігіне  қайтарылған-ды. Жиырма сегіз жылдан бері жөндеу көрмеген ғимаратқа республикалық бюджеттен бөлінген 45 млн. 317 мың теңгеге жүргізілген  күрделі жөндеу жұмыстары аяқталды деуге болады. Жөндеу ісін «Дәурен» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (директоры Қуаныш Күзенбаев) атқарып, жергілікті жерден 12 адам жұмысқа тартылды. Іші-сырты түгел жаңарған 200 орындық мәдениет үйін жылыту үшін арнайы қазандық та орнатылды.
Алдымен екі қабатты ғимараттың шатыры  қызыл черепицамен жабылды. Нысанның ішкі бөлмелері мен  ғимараттың сыртқы жағы түгелімен  әрленді. Бөлмелерге  ағаш есіктер ал сыртқы есіктер темірден, сонымен қатар, пластикалық терезелер орнатылды. Едендерге линолеум төселген. Ал,көрермен  отыратын  залдың едені ағаш еденмен алмастырылып, 200 орындық  пен сахна шымылдығы да жаңарған. Мұндағы мәдениет үйіне кіреберіс те пластикалық  төртбұрышты  терезелермен көмкерілген. Қос қабатты мәдениет үйінің екінші қабатына орын тепкен ауыл кітапханасын безендіру жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Ғимараттың айналасы асфальтталып, төңірегіне  тазалық жұмыстары жүргізіліп жатыр екен.
-Келесі аптада есігін айқара  ашатын мәдениет үйінің ішкі  бөлмелерін әрлеу жұмыстары аяқталып келеді. Негізінен  жөндеу жұмыстарына отандық  құрылыс  материалдары және әрлеуге ресейлік бояуларды қолдандық. Жылыту және электр  жүйелері де алмастырылды. Мәдениет үйінің іргетасы гранитпен қапталынды.”Жол картасы” аясында  аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің келісімімен жергілікті жерден еңбекке тартылған 12 жұмысшы  және серіктестіктің 19 адамы  өздеріне жүктелген   жұмыс көлемін барынша сапалы атқарды. Жасарып, жаңарған мәдениет үйі  ауыл тұрғындарының жандүниелерін рухани азықпен сусындатар құтты орынға айналатынына  сенімдіміз,-дейді бізбен әңгімесінде серіктестіктің шебері Нұржан Алпысбаев.

Осылайша  қайта  түлеген мәдениет үйі алыстан көз қуантып қана қоймай, ауыл ажарына көрік  беруде.

 

Обновлено 12.11.2012 16:10
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін1206
mod_vvisit_counterКеше1540
mod_vvisit_counterОсы аптада5347
mod_vvisit_counterӨткен аптада10080
mod_vvisit_counterОсы айда30914
mod_vvisit_counterӨткен айда25735
mod_vvisit_counterБәрі2201644

Серіктестер