Онлайн газет



Беделді ұйым, белсенді жұмыс

Қ.Жалғасбайұлы,
“Ауыл жаңалығы”.

Елбасының өзі төрағалық ететін елге етене жақын “Нұр Отан” халықтық-демократиялық партиясы беделі жоғары, белгілі ұйым екені шындық. Ол кейбіреулер айтып жүргендей биліктің партиясы ғана емес,

елдіктің, бірліктің партиясы екенін, халық қамын ойлап, табысқа, жеңіске бастай білетін ұйым екенін дәлелдеп те келеді. Сондықтан осы партияның біздің аудандағы филиалы да мүшесі де, қолдаушысы да көп ұйым ретінде көзге түсіп жүр. Кеше әл-Фараби атындағы аудандық мәдениет үйінде осы “Нұр Отан” халықтық-демократиялық партиясы Байзақ  аудандық филиалының кезекті ХІ есеп беру-сайлау конференциясы болып өтті. Оны “Нұр Отан” ХДП Байзақ аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Н.Тлепов ашты. Қазақстан Республикасының Әнұраны шырқалды. Мандат және редакциялық комиссиялардың құрамы сайланды. Күн тәртібі мен жұмыс регламенті бекітілгеннен кейін конференция делегаттары белгіленген мәселелерді қарап шығуға көшті.

 

Күн тәртібіндегі бірінші мәселе “Нұр Отан” халықтық-демократиялық партиясы Байзақ аудандық филиалы Саяси кеңесінің 2011 жылдың қаңтары мен 2012 жылдың қазаны аралығында атқарған жұмысы туралы есебі” бойынша партияның аудандық филиалының төрағасы, аудан әкімі М.Шүкеев баяндама жасады. Баяндамада көрсетілген деректер мен мәліметтер слайдта бейнебаян арқылы көрсетіліп отырды.
Есепті дәуірде “Нұр Отан” ХДП аудандық ұйымы белсенді қызмет ете отырып, белгілі жұмыстар атқарған. Қай салада болмасын өз қызмет міндетін адал атқарып жүрген партия мүшелері ауданның көркеюі ісінде көшбасшылық көрсете білді. Соның нәтижесінде ауданның әлеуметтік-экономикалық жағдайы анағұрлым алға басты. Өндірісте өсім, ауыл шаруашылығында алға басу анық аңғарылады. Білім беру, денсаулық сақтау, қоғамның әлсіз буынын әлеуметтік қорғау, тағы басқа салаларда да жетістіктер жеткілікті. Жаңа мектеп, балаларды мектепке дейінгі тәрбиелеу орындары пайдалануға берілді, жол, тағы басқа құрылымдарда жөндеу жұмыстары қолға алынды. Жаңадан бірнеше  жұмыс орындары ашылды. Осылардың нәтижесінде кедейлік кеміп, істеушілердің орташа жалақысы өсті, тұрғындардың әлеуметтік жағдайы жақсарды.
Жалпы саны 6134 мүшені біріктірген 38 бастауыш ұйымда ішкі партиялық жұмыстар да Жарғы талаптарына сай жан-жақты жүргізілуде. Есеп беріп отырған соңғы екі жылда оның мүшелерінің қатары анағұрлым өсті. Тек жарна жинау ғана емес, уақытылы жиналыстар өткізіліп, түйінді мәселелер талқыланып отырды. Жуықта болып өткен бастауыш ұйымдардағы есеп беру-сайлау жиналыстары да партия мүшелерінің белсенділігі өсіп, беделі артып келе жатқанын көрсетті. Ұйым тірегі болып саналатын “Жас Отан” жастар қанатының жұмысы да жандылығымен көзге түсуде. Осындай атқарылған айтулы жұмыстарды атап өтумен қатар партияның аудандық филиалының төрағасы алда тұрған міндеттерге де айрықша назар аударып өтті.  Ең бастысы қол жеткен нәтижелерге тоқмейілсімей, жұмысты одан әрі жандандыра түсу қажет.
Бұдан кейін “Нұр Отан” ХДП Байзақ аудандық филиалы бақылау-тексеру комиссиясының есебі” туралы осы комиссияның төрағасы Ж.Айтқұлов баяндама жасады. Ол өз сөзінде есепті дәуірде партия қатарының өсуіне, оның сапалық нығаюына айрықша көңіл бөлінгенін атап көрсетті. Партиялық жарнаның жиналуы, қаржы көздері және олардың жұмсалуы жайлы жан-жақты терең мәлімет берді.
Екі баяндама тыңдалып болғаннан кейін конференция делегаттары оны талқылауға кірісті. Жарыссөзге аудан әкімдігі жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бастығы Б.Абдрахманова, ұстаз, орыс ұлттық мәдени орталығының жетекшісі Л.Горр, аудандық филиалдың партиялық бақылау комиссиясының төрағасы, “Ауыл жаңалығы” газетінің редакторы С.Қалмұратов шығып, ұйым жұмысына байланысты өз ойларын ортаға салды.
Конференция делегаттары мандат комиссиясының төрайымы И.Спаналиеваның хабарламасын тыңдап, бекітті.
Осыдан кейін күн тәртібіндегі мәселелер бойынша баяндамаларды талқылау одан әрі  жалғасты. Аудандық мәслихаттағы “Нұр Отан” ХДП депутаттық фракциясының жетекшісі, Чапаев атындағы мектептің директоры Е.Есімов, Дихан ауылдық округінің әкімі Н.Дүйсенбеков, Бурыл ауылдық бастауыш партия ұйымының төрайымы Қ.Үкібаева жарыссөзге шықты. Пікірлерін білдіре отырып олар партия филиалы Саяси кеңесінің есепті дәуірдегі жұмысына қанағаттанарлық деген баға беретіндерін білдірді.
Конференция жұмысына “Нұр Отан” ХДП Жамбыл облыстық филиалы Саяси кеңесінің Бюро мүшесі Б.Егембердиева қатысып, сөз сөйледі. Конференция барысында оның жұмысына табыс тілеп, “Нұр Отан” ХДП Жамбыл облыстық филиалының, Сарысу және Талас аудандық филиалдарының Саяси кеңестерінен келіп түскен  құттықтау жеделхаттары оқып, таныстырылды.
Конференция делегаттары “Нұр Отан” ХДП Байзақ аудандық филиалы Саяси кеңесінің есепті дәуірдегі жұмысы қанағаттанарлық деп бағалай отырып, қаулы қабылдады. Сондай-ақ, партияның аудандық филиалы бақылау-тексеру комиссиясының төрағасы Ж.Айтқұловтың есебін назарға ала отырып, қаулы қабылданды.
Одан әрі делегаттар күн тәртібіндегі келесі ұйымдастыру мәселесін қарап шығуға кірісті. 25 адамнан партияның аудандық филиалы Саяси кеңесінің мүшелерін, 5 адамнан бақылау-тексеру комиссиясының құрамын сайлады. “Нұр Отан” халықтық-демократиялық партиясы Байзақ аудандық филиалының төрағасы болып аудан әкімі М.Шүкеев сайланды.
“Нұр Отан” халықтық-демократиялық партиясы аудандық филиалының Саяси кеңесіне конференцияның кейбір өкілеттіктерін беру туралы” мәселе қарап шығылды. Партия филиалының Саяси кеңесіне конференцияның кейбір өкілеттігін берген қаулы қабылданды.
Конференция қатысушылары белгіленген өкілдік нормасына сәйкес 26 адамнан “Нұр Отан” ХДП Жамбыл облыстық филиалының ХІ есеп беру-сайлау конференциясына делегаттар сайлады.
Партияның Әнұраны орындалып, конференция өз жұмысын аяқтады.

*  *  * 
Конференция жұмысы аяқталысымен “Нұр Отан” ХДП Байзақ аудандық филиалы Саяси кеңесінің алғашқы отырысы болып өтті. Онда 9 адамнан тұратын Саяси кеңестің бюро мүшелері сайланды.


Обновлено 07.11.2012 16:03
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін136
mod_vvisit_counterКеше601
mod_vvisit_counterОсы аптада1858
mod_vvisit_counterӨткен аптада4952
mod_vvisit_counterОсы айда7372
mod_vvisit_counterӨткен айда18846
mod_vvisit_counterБәрі1090909

Серіктестер