Онлайн газет



Мүгедек балалардың мүмкіндігін ұштау

Ж.Нарбатырова,
әлеуметтік қызметкер.

Тағдырдың тауқыметіне тап келген мүмкіндігі шектеулі мүгедек балалардың өмірге бейімделуі де, өнерде өздерін көрсетуі де

оңай емес. Мұның барлығы үлкен қамқорлықтың, зор қолдаудың, тынымсыз баулудың арқасында ғана іске аспақ. Осыны ескерген төрт ауылдың әлеуметтік қызметкерлері бірігіп, Мырзатай ауылдық клубында «Жайдары күз, жарқын күз, Аяулы күз, алтын күз» тақырыбында мүмкіндігі шектеулі мүгедек балалармен олардың ата-аналары арасында қолөнер бұйымдары мен өнер сайысын өткізді. Бұған Мырзатай,Бурыл, Жалғызтөбе, Мәдімар ауылдық округтерінде тұратын мүгедек балалар қатыстырылды.
Мырзатай ауылдық клубында өткен іс-шараның ашылуында сөз сөйлеген аудан әкімдігі жұмыспен  қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бастығы Б.Абдрахманова мүмкіндігі шектеулі жандарға жасалып жатқан қамқорлықтар, олардың қоғамның белді мүшесі болып кетуіне беріліп отырған мүмкіндіктер жайлы айтып, сайыс қатысушыларына сәттілік тіледі. Сондай-ақ,  Мырзатай ауылдық округінің әкімі  Н.Есімов, «Нұр Отан» ХДП Байзақ аудандық филиалы Мырзатай ауылдық бастауыш ұйымының төрайымы А.Диханбаева сөз сөйлеп, игі тілектерін білдірді.
Сайыстың басты шарттары күздік сән үлгісі, ән-биден өнер көрсету, қолөнер бұйымдарын, тамақ әзірлеу, тағы басқалар болды. Әрине, басты мақсат мүмкіндігі шектеулі балалардың бейімдіктерін анықтау, шығармашылық қабілеттерінің ашылуына қолдау көрсету, эстетикалық тәрбие беру.
Мүмкіндігі шектеулі балаларға мұндай мүмкіндіктер үнемі туа бермесі белгілі. Сондықтан балалар да, олардың  ата-аналары да бұл іс-шараға жан-жақты дайындалған. Бұған осы ауылдардағы әлеуметтік қызметкерлер де атсалысқаны белгілі.  Содан болар қарапайым өмірде тартыншақтық танытатын мүгедек жандар сайыстың қай түрінен болса да мүмкіндігін көрсетуге тырысты. Әсіресе, ән-би өнерінде өздерін көрсетуге күш салып, басқа жақтарынан да озып шығуға әрекет жасады. Оларға Мырзатай ауылдық  клубының өнерпаздары музыкалық жағынан қолдау көрсетіп, әндер орындады. Жалпы сайыс нәтижесінде көрме ұйымдастырудан ынтымақтық А.Сапаралиева көзге түссе, тамақ әзірлеуден Бурыл мен Мырзатай ауылының балалары озып шықты. Осылай басқа  түрлерінен де жеңімпаздар анықталып жатты. Бір сөзбен айтқанда, сайысқа қатысқан 17 баланың барлығы да өз мүмкіндіктерін көрсетуге күш салды.
Мүмкіндігі шектеулі мүгедек балалар сайысының қорытындысында жеңімпаздар жүлде алса, басқалары да сыйлықтан құр қалған жоқ. Әрине, мұның барлығы демеушілердің қолұшын беруінің арқасында болғаны белгілі. Мырзатай ауылдық округінің әкімі Н.Есімов, Ынтымақ ауылдық округінің әкімі М.Ноғаев, көкталдық шаруа қожалығының жетекшісі Н.Қожақов, Мырзатай ауылының тұрғыны, Байзақ ауданының Құрметті азаматы Қ.Нарбатыр, «Нұр Отан» ХДП аудандық партия филиалы “Мырзатай” бастауыш ұйымының төрайымы А.Диханбаевалар демеушілік көрсетіп, көптің алғысына бөленді.




 

Обновлено 05.11.2012 10:44
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін136
mod_vvisit_counterКеше601
mod_vvisit_counterОсы аптада1858
mod_vvisit_counterӨткен аптада4952
mod_vvisit_counterОсы айда7372
mod_vvisit_counterӨткен айда18846
mod_vvisit_counterБәрі1090909

Серіктестер