Онлайн газет



Маңызды мәселелер сөз болды

Бүгінде біздің қоғамымызда жасөспірімдер арасында бұзақылық, ұрлық және бопсалау сияқты қылмыстық

әрекеттердің кең етек алуы өзекті мәселе болып отыр. Қылмыстық әрекеттердің өсуіне бірден-бір себеп отбасындағы тәрбиенің  әлсіздігі деп түсінеміз. Сонымен қатар, балалар арсындағы қылмыстың өршуіне жасөспірімдердің қоршаған ортасының ықпалы мен құқықтық сана-сезімнің төмен деңгейде болып отырғандығы да рас. Біздің байтақ еліміздің ежелгі тарихынан белгілі болғандай, ата-бабаларымыз өз араларындағы бұзақы, сотқарларды жөнге салып, ру, ел арасындағы тыныштықты сақтап отырған. Осыған қарап, кезінде біздің ұлтымызда құқықтық тәрбие мен жігер басым болған деп айта аламыз.
Жуырда орталықтағы мектептердің бірінде орын алған оқиғаға байланысты аудан әкімдігі білім бөлімінің ұйытқы болуымен «Қылмыс және жаза» тақырыбында Қазақстанның 40 жылдығы атындағы білім ошағында жиын өткізілді. Оған аудандық ішкі істер бөлімінің кәмелетке жасы толмағандар ісі жөніндегі бөлімшесінің аға инспекторы, полиция майоры Д.Сағынов, Жалғызтөбе ауылдық округіндегі «Ақыл ата» мешітінің имамы Д.Төлепбергенов, аудан әкімдігі білім бөлімінің әдіскері И.Спаналиева және мектеп директоры Г.Есентаева, ата-аналар комитетінің төрайымы К.Игембаева қатысып отырды.
Жиынды ашқан аудан әкімдігі білім бөлімінің әдіскері И.Спаналиева Ю.Гагарин орта мектебінде орын алған қылмыстық оқиғаға кеңінен тоқталып, осы бағытта атқарылған жедел іс-шара жоспары аясында баяндады.
Жиын барысында оған қатысушы мектептің жоғары сынып оқушылары жасөспірімдер жасаған қылмыстар бейнеленген бейнебаян бойынша пікірлесіп, олардың мұндай әрекеттерге баруының басты себеп-салдарын анықтауға тырысты.Сондай-ақ, Қазақстанның 40 жылдығы орта мектебінің «Жас жасақшылар» тобы түсірген бопсалау, ұрлық, жаппай төбелес сияқты қылмыстық әрекеттердің түрлеріне байланысты бейнекескіндер көрермен назарына ұсынылып,  талқыға салынды.
Аудандық ішкі істер бөлімінің кәмелетке жасы толмағандар ісі жөніндегі бөлімшесінің аға инспекторы, полиция майоры Д.Сағынов бейнекескіндегі қылмыстық әрекеттерге жеке-жеке тоқталып, оларға қолданылатын жаза түрлерін тарқатып айтып берсе, «Ақыл ата» мешітінің имамы Д.Төлепбергенов жастардың жат әрекеттерден бойды аулақ ұстауы жөніндегі ойларымен бөлісті. Ал, ата-аналар комитетінің төрайымы Қ.Игембаева бала тәрбиесіндегі әке-шешенің рөлі жайында айтып, жас ұрпаққа жақсы тәрбие беру жолында біріге жұмыс жасауға шақырды.
Жиын соңында мектеп психологы Н.Жарылғасынова «Ұсыныстар аукционы», «Өмір құндылықтары» тақырыптарында тренингтер жүргізді.

 

 

Өз тілшіміз.

Обновлено 05.11.2012 10:40
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін112
mod_vvisit_counterКеше601
mod_vvisit_counterОсы аптада1834
mod_vvisit_counterӨткен аптада4952
mod_vvisit_counterОсы айда7348
mod_vvisit_counterӨткен айда18846
mod_vvisit_counterБәрі1090885

Серіктестер