Онлайн газет



Қозы Көрпеш пен Баян сұлуға ескерткіш қойылды

Г. Әбдіқұлова,
“Ауыл жаңалығы”.

Тәуелсіздік  мерекесі қарсаңында аудан орталығындағы  Астананың 10 жылдығы атындағы  саябақта  Қозы Көрпеш пен Баян сұлудың ескерткіші бой көтерді.  Ескерткіштің ашылуында аудан әкімі М. Шүкеев сөз сөйлеп, адамзат  өмірінде   сүйіспеншіліктің алатын орнына тоқталды.  Махаббаттың символы атанған Қозы Көрпеш пен Баян сұлудың кіршіксіз сүйіспеншілігі  талай ұрпаққа үлгі болып келе жатқандығын, елімізде 1999 жылдан бері 15 сәуір-“Қозы Көрпеш-Баян сұлу»-Ғашықтар күні ретінде тойланатындығын,  бұл ескерткіш болашақта жаңадан шаңырақ көтерген жас жұбайлардың тағзым ететін, ал саябақ аудан жастарының серуендейтін орнына  айналсын деген тілегін айтты. Бұдан соң сөз алған аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Р. Шәметов  ұлы сезімді қадірлеу, адалдық пен  сертке берік болудың маңызын  сөз  ете отырып, батасын берді.  «Жастар орталығының» мүшесі Н. Оңғаров  «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» ескерткіші жаңадан шаңырақ көтерген жас жұбайлардың тағзым ететін сүйікті орнына айналатындығын мәлімдеді.Осындай тамаша сәулет  туындысының ауданымызда бой көтергендігіне  ұйытқы болған аудан басшысына жастар атынан алғысын  айтты.
Қос ғашыққа қойылған мүсіннің астындағы тұғыр тасқа:
“Құр қалма Құдай берген шапағаттан,
Арайлап ғашықтарға атады ақ таң.
Әлемді ұстап тұрған сүю ғана,
Дүние  жаратылған махаббаттан»!  деген  белгілі ақын Қайыпназар Шотбасовтың жыры қашалып жазылыпты.
Жиын барысында Сарыкемерге сән берген, жастар үшін маңызы зор  ескерткішті мүсіндеген сәулетші Айдархан Сихаевқа алғыс айтылды.

Обновлено 19.12.2014 10:42
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін285
mod_vvisit_counterКеше1189
mod_vvisit_counterОсы аптада1474
mod_vvisit_counterӨткен аптада10971
mod_vvisit_counterОсы айда40475
mod_vvisit_counterӨткен айда34753
mod_vvisit_counterБәрі2247861

Серіктестер