Онлайн газет



ТӘУЕЛСІЗДІК – ЕЛ ДАМУЫНЫҢ ТҰҒЫРЫ

М.Манекеев,
«Ауыл жаңалығы».

16 желтоқсан, ұлық мереке - Тәуелсіздік күні. Қазақстан халқы азаттық алып, аңсаған арманына жеткен айтулы күнді 23-інші рет қарсы алып отыр. Егемен еліміз үшін мейрам мен тойдың атасы - Тәуелсіздік күні екені даусыз.
XІ ғасырда өмір сүрген Жүсіп Баласағұн: «Икемді де, ойлы саясат және билеушінің мемлекетті басқарудағы сан қилы әдістерді игеруі, алуан мінезді қоғамды біріктіре алуы мемлекеттің гүлденуіне жағдай жасайды» деген екен. Кеңес одағы ыдырағаннан кейінгі аумалы-төкпелі кезеңде Қазақстанның тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ойлы саясатты пайымды парасатқа үйлестіріп, халқымыздың басын біріктіріп, мемлекетімізді шынайы тәуелсіздікке жетудің тар жол, тайғақ кешуінен сүріндірмей аман алып шықты.
“Тәуелсіздіктің бәрімізге артар міндеті мол. Енді еңселі ел болудың жолына шындап түсуіміз керек. Әлеуетіміздің асуы да, дәулетіміздің тасуы да өз қолымызда. Кең-байтақ жеріміздің байлығы осы даланың түпкілікті халқына да, тағдыр қосып, бірге өмір сүріп жатқан өзге ұлт өкілдеріне де молынан жетеді. Тарих көші ұзақ. Асықсақ та аптықпайық. Қазақстанның көп ұлтты халқының жұлдызы жоғары болатынына, туған елімізде дәулетті де сәулетті өмір орнайтынына кәміл сенемін. Сенімнен айырылмайық, бауырларым!» деп тебіренген еді Елбасы тәуелсіздік тарихындағы тұңғыш сөзінде.
Басқалармен тереземіз теңесіп, халықаралық деңгейде толыққанды мойындалған мемлекет ретінде өмір сүріп жатқанымызға тәубе десек жарасады. 23 жылда қыруар істер атқарылды. Ең бастысы - елдіктің іргетасы қаланды. Экономикалық-әлеуметтік, саяси, қауіпсіздік мәселелерінде өз ұстанымын паш ете алатын мемлекетке айналдық. Мұның барлығы Тәуелсіздіктің арқасы.
Осыған орай, аптаның дүйсенбісі күні аудандық әл-Фараби атындағы мәдениет үйінде салтанатты жиын ұйымдастырылды. Алдымен мемлекеттік Ту ортаға әкелініп, еліміздің Гимні орындалған жиында сөз алған аудан әкімі Мұратхан Жүнісәліұлы аудан тұрғындарын  мерекелерімен құттықтады.
-Халқымыздың ғасырлар бойғы арманы болған Тәуелсіздік - біздің отанымыздың әрбір азаматы үшін қастерлі мереке. Өйткені бұл күні, азаттықты аңсаған елдің түпкі мақсатының орындалып, бүгінгі Қазақстан Республикасы өз мемлекеттілігін жариялаған болатын. Бұл мереке күнтізбеде “Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы” Конституциялық заңының 1991 жылы 16 желтоқсанда қабылдануына байланысты тұрақты түрде аталып өтіледі-дей келе, аудан халқын ұлттық мерекемен құттықтаған аудан әкімі Мұратхан Шүкеев барша ағайынға ел тәуелсіздігін ұлықтауда берекелі іс, баянды бақ-береке тіледі.
Сахна төріне көтерілген ауданның экономикасы мен мәдениетін дамытуға бір кісідей атсалысқан аудандық соғыс және еңбек ардагерлері кеңесінің төрағасы Рәш Шәметұлы, тәуелсіздік құрдасы, аудан әкімдігі «Жастар орталығы» директоры Ернұр Мадияровтар егеменді елдің кешегі тарихын, бүгінгі тірлігін, жарқын болашағын тебіреніспен жеткізді.
Мемлекеттік Гимн орындалып, Ту сахнадан шығарылған салтанатты шара соңы марапаттау рәсіміне ұласып, ауданның әлеуметтік – экономикасының дамуына сүбелі үлес қосқан Бөкенбай Ізтілеуұлы, Ермахан Әбдірәліұлы, Жамалбек Қожабекұлы, Бақтыкүл Ешенқұлқызы және Еркінбек Қуатбековтер «Байзақ ауданының Құрметті азаматы» атанды. Сонымен қатар, аталмыш мерекеге байланысты өз салалары бойынша жемісті еңбек еткен бір топ қызметкерлер аудан әкімі мен аудандық мәслихат тарапынан марапаттауға ие болды. Мерекелік шара аудан мектептері мен аудандық мәдениет үйі өнерпаздарының концерттік бағдарламасымен аяқталды.

Обновлено 19.12.2014 10:38
 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін281
mod_vvisit_counterКеше1189
mod_vvisit_counterОсы аптада1470
mod_vvisit_counterӨткен аптада10971
mod_vvisit_counterОсы айда40471
mod_vvisit_counterӨткен айда34753
mod_vvisit_counterБәрі2247857

Серіктестер