Онлайн газет



ҚАРЫШТАП ДАМЫҒАН ҚАЗАҚСТАН

М.Манекеев,
«Ауыл жаңалығы».

Тәуелсіздік – ең басты құндылығымыз. Бұл күнге сан ғасыр бойы армандап жеттік.  Қазіргі Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасып, даму жолына үңілетін болсақ, бұдан жиырма үш жыл бұрынғы бұл оқиғаның еліміздің кемел келешегі үшін шын мәнінде аса маңызды болғанын байқаймыз. Кеңес Одағының әлі де болса кесірткідей қауқары бар  сол тұста билік басына жергілікті ұлттың өкілі келді. Бұл қайсар еліміздің жігеріне жігер қосты. Іс жүзінде ол кезең, яғни 80-ші жылдардың аяғы мен 90-шы жылдардың басы дәурені аяқталып келе жатқан Одақ құрамындағы барлық елдердің азаттыққа ұмтылған, жылдар бойы бір жүйенің мойынға таққан  бұғауынан босауға бет бұрған уақыт болды. Түйіндеп айтқанда, ол заман қазіргі посткеңестік кеңістіктегі басқа да елдердегідей сияқты Қазақстан үшін де  үлкен бетбұрыстардың уақыты болды. Жұртшылықтың санасында қайта құру және қоғамдық жаңғырту тәрізді идеялар етене сіңе бастаған сәтте халық мұндай жұмысты істей алатын көшбасшысын жыға таныды.
Кейіннен бұл оқиға тағы бір тарихи оқиғаның орын алуына ықпал етті. 1990 жылғы қазанның 25-інде  сол кездегі Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің депутаттары еліміздің дербестігінің негізін қалаған құжатқа - Егемен мемлекет туралы декларацияны қабылдады. Бұл еліміздің тәуелсіздігі тарихындағы жаңа белестерді ашқан тарихи күн болды, ол ресми түрде мемлекеттік мереке деп жарияланды. Қазақстанның мемлекеттік  егемендігі туралы декларация еліміз Конституциясының негізіне айналған республиканың тұңғыш  заң актісі болып табылады. Бұл құжатта Қазақстан «халықаралық қатынастардың дербес субъектісі болуға, сыртқы саясатты өз мүдделеріне сай белгілеуге, халықаралық ұйымдардың қызметіне қатысуға құқығы бар» егемен мемлекет деп жарияланды. Одан кейін 1991-інші жылғы желтоқсанның 16-сында Қазақстан өз Тәуелсіздігін жариялады. Осылайша әлем картасында Тәуелсіз Қазақстан атты жаңа мемлекет пайда болды. Оның тұңғыш Президенті болып Н. Назарбаев сайланды. Сөйтіп Қазақстан Коммунистік партиясы Орталық комитетінің ХV пленумы қабылдаған шешім қазақ қоғамына түбегейлі өзгерістер енгізді. Н.Назарбаев Тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш Президенті болғаннан кейін қол қойған алғашқы Жарлықтарының бірі - 1991 жылғы тамыздың 29-ындағы «Семей полигонын жабу туралы» Жарлық болды. Елбасының осы тарихи шешімі, батыл қадамы бүгінде дүниежүзіне  мәлім тарихи фактіге және біздің ұлттық мақтанышымыздың мәніне айналды.
Барша қазақстандықтар үшін Тәуелсіздіктің мәні де, маңызы да айрықша. Өйткені біз Тәуелсіздіктің арқасында тарихымызды түгендеп, тілімізді, дінімізді және ділімізді қайта оралттық. Мемлекетіміздің ұлттық рәміздері қабылданып, ұлттық салт-дәстүрімізді жандандырдық.
Тәуелсіздіктің  23 жылы тарихта өз ерекшеліктерімен қалды. Біз бүгін осы атаулы жылдарға үңіліп көрсек.
-1990 жылы қазанда Қазақ  КСР Жоғарғы Кеңесі республиканың  егемендігі туралы Декларация қабылдады.  
-1991 жылы тамыз айындағы Мәскеуде өткен дүмпуден кейін, Коммунистік партия таратылып,  қоғамдық мүлік билікке берілді.  
-1991 жылы 24 тамызда Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі «Ағымдағы жағдайды бағалау және Республика егемендігін нығайту шаралары туралы» Қаулы  қабылданды.
-1991 жылдың 29 тамызындағы  Қазақ КСР Президентінің «Семей ядролық сынақ полигонын жабу туралы» Жарлығы болды. Қазақ жерінде  40 жылдан астам уақыт бойы сынақ жүргізілген ядролық қаруға нүкте қойылды.
-1991 жылы 10 желтоқсанда  Қазақ  КСР Жоғарғы Кеңесі «Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының  атауын өзгерту туралы» Заң қабылданды. Осы  заңға  сәйкес  жаңа құрылған тәуелсіз мемлекет Қазақстан Республикасы деп аталды.
-1991 жылы 16 желтоқсан күні - «Қазақстан Республикасының мемлекеттік  тәуелсіздігі туралы» Қазақстан  Республикасының Заңы қабылданды.  Қазақстанның бұл қабылданған Заңы бұрынғы КСРО елдерінің  ішінде ең соңғы заңы болып табылады.
-1991 жылы 12 желтоқсан күні  - «Қазақстандағы 1986 жылғы желтоқсанның 17-18-індегі оқиғаларға қатысқаны үшін жауаптылыққа тартылған азаматтарды ақтау туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы қабылданды.
-1991 жылы 21 желтоқсанында Алматы қаласында бұрынғы КСРО құрамына енген он бір тәуелсіз мемлекет басшылары Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығын (ТМД) құру туралы Алматы Декларациясына қол қойды.  
-1991 жылы Ресей Федерациясы Қазақстан Республикасының мемлекеттік  егемендігін таныды.
-1992 жылы   10 қаңтарда  «Қазақстан Республикасында ішкі әскерлері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы қабылданып, мемлекеттің тәуелсіздігін қамтамасыз ету мақсатында еліміздің ішкі істер әскері құрылды.
-1992 жылы 30 қаңтарда Қазақстан Еуропадағы Қауіпсіздік және Ынтымақтастық ұйымына кірді.
-1992 жылы 18 ақпанда Қазақстан балаларының мейірімділік қоры «Бөбек» дүниеге келді.
-1992 жылы Алматы қаласында  Дүниежүзі қазақтарының І-ші Құрылтайы өтті.
-1992 жылдың  2 наурызында Қазақстан БҰҰ-на мүше болып, оның халықаралық қатынастар жүйесінде дербес субъект сапасында ықпалдасуы басталды.  
-1992 жылы 8 мамырда  ҚР-ның дербес Қарулы күштері құрылды. 
-1992 жылы 15 мамырда ТМД-ның 6 мемлекетінің (Армения, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан, Өзбекстан) мемлекет басшылары Ұжымдық қауіпсіздік туралы шартқа қол қойды.
-1992 жылы 22 мамырда  Қазақстан  ЮНЕСКО құрамына енді.
-1992 жылдың 4 маусымында «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы туралы»  және «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік әнұранының музыкалық редакциясы туралы» заңдар күшіне енді.  11 желтоқсанда «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік әнұранының мәтіні туралы» заң қабылданды.
-1993 жылғы қаңтардың 28-інде Қазақстан Республикасының тұңғыш Конституциясы қабылданды. Негізгі Заң 4 бөлімнен, 21 тараудан, 131 баптан тұрды.
-1993 жылы 26 ақпанда республика аймағының  тұтастығын, біркелкілігін,   өзгешелігін дәлелдейтін «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы» Заңы өз күшіне енді. 
-1993 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев «Болашақ» бағдарламасын  тағайындады. Осы жылы «Болашақ» бағдарламасы бойынша шетелге жастарды оқыту басталды.
-1994 жылы 16 ақпанда Қазақстан ядролық қаруы жоқ ел ретінде Ядролық қаруды таратпау туралы шартқа қол қойды.
-Ата Заң негізінде 1994 жылы наурыз айында алғаш рет парламенттік сайлау өткізілді.  Сол жылы парламент таратылды.
-1994 жылы 27 мамырда Қазақстан рамалы құжатқа қол қойып, НАТО-ның «Бейбітшілікке арналған серіктестік» бағдарламасының  19-шы қатысушы мемлекеті болды.  
-1994 жылы 6 шілдеде Жоғарғы Кеңес депутаттары астананы Ақмола қаласына көшіруге шешім қабылдады.
-1994 жылы 5 желтоқсанда  Будапештте Ұлыбритания, Ресей және Америка Құрама Штаттарының басшылары Қазақстан Республикасының қауіпсіздігіне кепілдік беру туралы Меморандумға қол қойды.
-1995 жыл – Абай жылы болып жарияланды.  
-1995 жылы 1 наурызда Президент Жарлығымен Қазақстан халықтарының Ассамблеясы құрылды.
-1995 жылы  29 сәуірде  өткізілген бүкілхалықтық референдумда сайлаушылардың 95,4% Президент өкілеттілігінің мерзімін 2000 жылдың 1 желтоқсанына дейін ұзартуды жақтап дауыс берді.
-1996 жылы 25 мамырда Қазақстан Республикасы және Ресей Федерациясы  арасында Достық, Ынтымақтастық және өзара көмек туралы шартқа, сонымен қатар Байқоңыр ғарыш айлағын  пайдалану тәртібі туралы келісімге қол қойды.
-1996 жылы 30 қыркүйекте Қазақстан Ядролық сынақтарға жаппай тыйым салу (ЯСЖТ) шартына қосылды.
-1996 жылы Алматыдағы Республика алаңында Қазақстан тәуелсіздігінің бес жыл толуына байланысты 16 желтоқсанда «Тәуелсіздік монументі» ашылды.
-1997 жылы 11 шілдеде «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» ҚР Заңы қабылданды.
-1997 жылы 8 қарашада  мемлекеттік рәміздер мен Қазақстан Президентінің байрағын Алматы қаласынан Ақмола қаласына табыс ету салтанаты  өтті.
-1997 жылы қазан айында Президент Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан-2030» стратегиялық Жолдауы жарияланды.
-1997 жыл – халықтық жалпы келісім мен саяси репрессия құрбандарына арналған жыл болып, «Қуғын сүргіндерді еске алу жылы» деп аталды.  
-1998 жылы 6 мамырда Ақмола қаласының жұртшылығының  тілегі ескеріліп, ҚР Үкіметі жанындағы ономастикалық комиссияның қорытындысы негізінде  Ақмола атауын Астана қаласы деп  өзгерту туралы Президент Жарлығы шықты.
-1998 ж. 1 маусымында - Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің Әуе қорғанысы күштері құрылды.
-1998 жылы 10 маусымда  тұңғыш рет жаңа Астананың ресми тұсаукесері болып, Астана күні тойланды.
-1998 жыл – Ұлттық тарихы мен бірлігі жылы. 
-1999 жыл – Ұрпақтар бірлестігі мен сабақтастығы  жылы.  
-"НҰР ОТАН" Республикалық саяси партиясы 1999 жылғы қаңтарда құрылды, ал сол жылдың 12 ақпанында Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде тіркелді. Төраға – Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. Төрағаның 1-ші орынбасары - Нығматулин Нұрлан Зайроллаұлы.
-1999 жылдың 10 қаңтарында өткізілген мерзімінен бұрын болған президенттік сайлауға қатысқан дауыс берушілердің 79,78 %-ы Н.Ә.Назарбаевты қолдады.
-Қазақстанда, тәуелсіздік алғаннан кейін, 1999 жылы бірінші санақ өтті . 
-2000 жыл – «Мәдениетті қолдау жылы» деп аталды.
-2000 жылы 29 маусымда Семей ядролық сынақ полигоны біржола жабылды.  
-2001 жыл 21 ғасыр бастамасы. 2001 жыл – осы жаңа ғасыр тұсында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10 жыл толды.
-2001-2010 жылдары –Тілдерді қолдану мен дамытудың он жылға арналған мемлекеттік бағдарламасы және Мемлекет басшысының  бастамасы бойынша «Тілдің үш тұғырлығы» ұлттық мәдени жобасы іске асырылды. 
-2001 жылы 14 маусымда «Шанхай бестігі» Өзбекстанмен толығып, «Шанхай ынтымақтастық ұйымы» құрылды.
-2001 жыл автомобиль жолдары жылы болып жарияланды. Трансевразиялық магистраль «Батыс Еуропа —Батыс Қытай» жобасы басталды.
-2002 жыл – «Денсаулық жылы»  деп жарияланды.  
-2002 жылы  25-26 қыркүйегінде  - Ежелгі  Тараз  қаласының  көптен күткен 2000 жылдық мерей той мерекесі ЮНЕСКО көлемінде аталып өтті.
-2002 жылы 23-24 қарашада Түркістан қаласында қазақтардың Екінші Бүкіләлемдік құрылтайы өтті.  
-2002 ж. Евразияның кіндігі — Астананың төрінде, сулы жасыл-желекті бульвар орталығынан -  шыңына алтын шарды көтерген күміс түсті жарқыраған мұнара – «Бәйтерек» монументі пайда болды.
-2003-2005  жылдары –«Ауылды қолдау жылы» деп жарияланды.
-2003 жылы  Астана қаласында Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының Бірінші съезі болды.                                                                                                                  
-2004 жылы Астанада Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің Музейі ашылды.
-2004 жылы 13 қаңтарда ҚР Президенті «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы туралы Қаулыға қол қойды.
-2004 жыл – Ресейдің Қазақстандағы жылы. 
-2005 жылы 9 мамырда Ұлы Отан Соғысы Жеңісінің 60 жылдығы мерекеленді.
-2005 жылы Ресейде «Абай жылы» аталып өтті.
-2006 жылдың қаңтарында республиканың жаңа әнұраны қабылданды. 
-2006 жылы 11 қаңтарда «Ақорда» резиденциясында Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың  ресми түрде қызметіне кірісуіне арналған салтанатты рәсім  өтті.
-2006 жылы 15 қарашада теңгеміз жаңа басылыммен қайта шықты.
-2006 жылы Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 15 жыл толды.
-2006 жылы -  Желтоқсан көтерілісіне 20 жыл толды.
-2007 жылы «Қазақ тілін қолдау» жылы.
-2008 жылы Астананың сол жағалауындағы әсем де зәулім ғимараттар қатарын «Қазақ елі» монументі толықтырды. Идеяның негізгі авторы — Елбасы Н.Назарбаев. Монументтің биіктігі 91метр.
-2008 жылы 2 желтоқсанда – 2009-2011 жылдарға арналған  «Нұрлы көш» бағдарламасы ҚР Үкіметінің қаулысымен бекітілді. 
-2008 жыл – Украинаның Қазақстандағы жылы.
-2009жылы қаңтар  айында –ҚР –да ұлттық халық санағы өтті.
-2010 жылы Қазақстан Республикасының Елбасы  Н.Ә.Назарбаев  Европадағы Қауіпсіздік және Ынтымақтастық жөніндегі ұйымға (ЕҚЫҰ) төрағалық қызметіне кірісті. 
-2010 жылы 1-2 желтоқсанда  -Астанада Еуроатлантикалық және Еуразиялық кеңістікте кең ауқымды, бөлінбейтін және кооператтивті қауіпсіздік құрудың көкейкесті мәселелерін талқылау үшін Ұйымға қатысушы елдер Мемлекет және үкімет басшыларының Саммиті өтті. 
-2010 жылдың  31 желтоқсанда және  2011 жылдың  7  қаңтар аралығында VII  Қысқы Азия Ойындары  Астана –Алматы   қалаларында өтті. 
-2011 жылы – Тәуелсіздіктің 20 жылдығы кеңінен аталып өтілді.
-Еліміздің 2011 жылы Ислам Конференциясы Ұйымының сыртқы істер министрлігі Кеңесіне төрағалық етуі мемлекетіміздің ЕКЫҰ-на төрағалық еткен соң, көпқырлы дипломатияны жалғастыруға, мұсылман әлемі елдерімен ынтымақтастықты кеңейтуге және республиканың беделі мен рөлін күшейтуге деген ұмтылысы болып табылады.
-2012 жылы қазақ халқының біртуар перзенті Д.Қонаевтың туғанына 100 жыл.
- 2012 жылғы 4 маусымда  Қазақстан Республикасының мемлекеттік Туы, Елтаңбасы және Әнұранына 20 жыл (1992) толды.
-2013 жылғы 28 қаңтарда Тәуелсіз, егемен Республикасының Қазақстанның алғашқы Конституциясының қабылданғанына 20 жыл (1993) толды.
-2014 жылы Астана күні қарсаңында Елордада жаңадан салынған Ұлттық музей ашылды.
-2014 жылы “Нұр Отан” партиясының құрылғанына 15 жыл толды.
-2014 жылдың тамыз айында Елбасы Ұлытау жерінде сұхбат беріп, еліміздегі негізгі мәселелерге байланысты көзқарастарын білдірді.
-2014 жылдың қазан айында Елбасы Астана қаласының белсенділерімен кездесу кезінде 2015 жылы қазақ мемлекеттілігінің 550 жылдығы атап өтілетіні жайлы мәлімдеді.
-2014 жылдың ең негізгі саяси оқиғасы атанған «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты Жолдауында Президент әлем дағдарыс салдарынан жаһандық сынақ уақыты болатынын атап өтіп, осындай қиын кезеңнен тиімді шығудың тетіктерін жариялады. Нақтырақ айтқанда, тәуелсіз тарихымызда екінші рет Ұлттық қор қаражаты ел мүддесі үшін жаратылатын болып шешілді.


 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін680
mod_vvisit_counterКеше1189
mod_vvisit_counterОсы аптада680
mod_vvisit_counterӨткен аптада10587
mod_vvisit_counterОсы айда40870
mod_vvisit_counterӨткен айда34753
mod_vvisit_counterБәрі2248256

Серіктестер