Онлайн газет



Жыр арқауы-Тәуелсіздік

Қайыпназар ШОТБАСОВ.
ақын,
Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі.

ТӘУЕЛСІЗДІК

Бабалардың бастан арман-мұраты,
Тәуелсіздік – шырын сөздің шұраты.
Кең далада еркін тірлік сүрген ел,
Егемен – бұл ер қазақтың бір аты.

Сан ғасырды аңсай жүріп өткерген,
Қуғын-сүргін, қияметті көп көрген.
Қазақ үшін тәуелсіздік шын бақыт,
Халқымызды мақсатына жеткерген.

Осы күнге құмар болған бар текті,
Оның үшін азапты да сан шекті.
Абылайлар арпалысы тек емес,
Қабанбайлар бүгін үшін қан төкті.

Мақсат жоқта өміріңде мән кәне?
Тәуелсіздік сондықтан да ән көне.
Махамбеттің мерт болуы сол үшін,
Соның үшін басын тікті хан Кене.

Талай жылдар тыңдап өстік жат үнді,
Жаттың үні улады анық ақылды.
Егемендік аңсағаны үшін де,
«Алашымның» асылдары атылды.

Ызғырынды күндер өтті ызғыған,
Сан кіжіндік, бойда талай қызды қан.
Қайраттардың қиып қыршын өмірін,
Желтоқсанда жеттік әзер біз бұған.

Енді қайтсек қазақ болып қаламыз.
Болашаққа қай деңгейде барамыз?
Бодандықтан арылды ма санамыз?
Бір он жылда берілмес бар бағамыз.

Ойланатын бірақ көп іс бар тағы,
Тіліміз де, діліміз де жарты әлі.
Егемендік еншімізге тиген бұл,
Мойнымызға ауыр міндет артады.

Өмір анық түбегейлі өзгерді,
Өзгергенін көңіл ұқты, көз көрді.
Тәуелсізбіз, не күтеміз өзге енді?
Ойлан, қазақ, шын сыналар кез келді!

Тәуелсіз елдің ұланы

Ж.Әйтбек,
Н.Киікбаев атындағы орта мектебінің 10-сынып оқушысы,


Қазақ деген кең байтақ жерім бар,
Қазақ деген көңілі дарқан елім бар.
Күмәнім жоқ мен бақытты ұрпақпын,
Қазақ деген кең пейілді халқым бар.

Елім үшін еңбек етсем әрқашан,
Елі үшін еңбек етсе бар адам.
Болмас еді еш қиындық ешқашан,
Тату-тәтті болар еді бар ғалам.

Елі үшін жасаса тек жақсы қадам,
Елім деп соқса бар адамның жүрегі.
Бейбіт өмір сүрсек бар ғалам,
Болмас еді халқымыздың тілегі.

Ақтасам халқымның сенімдерін,
Сенім артар ұланы боп елімнің.
Болмас еді еш арманым бұл өмірде,
Мақтанышы болсам қазақ жерімнің.

Биікке самғап ұшсам қанат қағып,
Болмайды арман-тілек бұдан артық.
Мақтанышы боп тәуелсіз елімнің,
Сенім артар бүкіл қазақ жерімнің.

Әлем елдері қызығар қазақ жеріне,
Қызығар тату-тәтті қазақ еліне.
Тұғыры биік тәуелсіз елімізге,
Көпұлтты атамекен жерімізге.

Мақтанамын Қазақстан елімен,
Мақтанамын ата-баба жерімен.
Мақтанамын тәуелсіз елде туылдым мен,
Ұрпақпын мен тәуелсіз, егемен.

Үлес қоссам дамуына елімнің,
Мақтанышы болсам қазақ жерімнің.
Мақтаныш етсем тәуелсіз елімді,
Себебі мен ұланымын тәуелсіз елімнің.

Қазақ елім қазақ жерім, Отаным,
Ұлы далам, асқар биік, шыңдарым.
Еліміздің сенім артар ұрпағы,
Біз боламыз тәуелсіз елдің ұланы.


ЕЛІМ  ДЕП  СОҚҚАН
ЖҮРЕГІ

Бексұлтан Көштаев,
Чапаев орта мектебінің 11-сынып оқушысы.

Елім деп соққан жүрегі,
Халықтың болған тірегі.
Халқы үшін өмір сүретін,
Асыл ердің бірі еді.

Мың жылда бір туатын,
Қазақылық тұмары жүрегінде тұратын.
Жұрты сыйлап иілген,
Мәңгі өшпейді «Нұр» атың.

Білімі Еділ-Жайық арнасындай,
Басқа елде Президент бар ма осындай?
Кешегі хан Абылай, Тәукелердің,
Бүгінгі бейнесі мен жалғасындай.

Даңқы үстем, рухы биік,
Әр қазақты жаны сүйіп.
Дүниедегі жақсылықты
Өн бойына қойған жиып.

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін592
mod_vvisit_counterКеше1189
mod_vvisit_counterОсы аптада592
mod_vvisit_counterӨткен аптада10587
mod_vvisit_counterОсы айда40782
mod_vvisit_counterӨткен айда34753
mod_vvisit_counterБәрі2248168

Серіктестер