Онлайн газет



Желтоқсан оқиғасының куәгерімен кездесті

Тарих бетіне өшпестей із қалдырған  Желтоқсан оқиғасы ұлт­тық рухты оятып қана қоймай,  КСРО атты алып империяның іргесін шайқалтып,  кешегі одақтас республикалардың өз егемендігін алуына мұрындық болды. 1986 жылғы Желтоқсан көтерілісі ұлт тарихында өшпес із қалдырды.  Нақақтан қан тө­гіл­геніне, жазықсыз жаза кесілгеніне қа­ра­мастан,  қа­зақтың бұғауға көнбейтін, әділетсіздікке төзбейтін қайсар халқымыздың  ұл-қыздарының  ерлігінің арқасында тәуелсіздіктің таңы атты. Үстіміздегі жылы Желтоқсан көтерілісіне  28 жыл толып отыр. Желтоқсан оқиғасы- қазақ халқының шынайы ұлттық санасының оянуы мен тәуелсіздікке қол жеткізуде үлкен рөль атқарды. Сондықтан  жыл сайын желтоқсанның 16-мен 17 аралығында Желтоқсан құрбандарын еске ала отырып,халық бостандығы мен елдігі үшін күрескен сол үшін құрбан болған ағалар ерлігіне құрметпен қарап,  сол оқиғаға қатысқандармен жүздесу үрдіске айналған. Жақында осы оқиғаның куәгері Ұлбике Сейдуалиевамен  Мырзатай орта мектебінің оқушылары мен “Алтын ұя” балалар бақшасының ұжымы  кездесті.
Бүгінде Мырзатай ауылында  клуб меңгерушісі болып  қызмет ететін Ұлбике  1986 жылы Алматы қаласына қысқы сессия тапсыруға барған кезде  5 құрбысымен  М. Әуезов  аудандық ішкі істер бөліміне түсіп қалғанын, онда  көрген қорлықтары туралы жалпы, желтоқсан оқиғасының  ел тәуелсіздігін жақындатуға  мұрындық  болғаны, кеңестік қызыл империяның іргесін шайқалтқан жалынды жастардың толқуы жайлы әңгімеледі.
Жүздесуде Желтоқсан батырлары туралы ақындардың өлеңдері  оқылып, әндер шырқалды.
Желтоқсан оқиғасына қатысқан Ұлбике апайға сый-сияпат көрсетілді.

Өз тілшіміз.

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін635
mod_vvisit_counterКеше1189
mod_vvisit_counterОсы аптада635
mod_vvisit_counterӨткен аптада10587
mod_vvisit_counterОсы айда40825
mod_vvisit_counterӨткен айда34753
mod_vvisit_counterБәрі2248211

Серіктестер