Онлайн газет



Тәуелсіздікті қастерлейік!

Н. Құмғанбаев,
аудандық әділет басқармасының бас маманы.

Тәуелсіздік-еліміздің ең басты мерекесі саналады. Қазақстанның жаңа дәуірінде қол жеткізген барлық табысының қайнар көзі-тәуелсіздік десек қателеспейміз.
Тәуелсіздіктің 23 жылында қазақ елі саясатта да, экономикада да қарыштап даму жолына қадам басқан, дүние жүзінің барлық мемлекеттерімен терезесі тең, қарым-қатынас орнатқан қуатты елге айналды. Қысқа мерзім ішінде біздің мұндай жетістіктерге жетуіміз – Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың көреген саясатының, қажырлы еңбегінің арқасы деп білеміз.
«Әлемде егемен Қазақстан бар. Оның көпұлтты, тату, ынтымақшыл халқы бар.Қуатты экономикасы, сенiмдi саяси жүйесi бар. Ең бастысы – бүгiннен нұрлы, бүгiннен кемел болашағы бар. Сол күнге берiк сенiмi бар!» деп Елбасымыз айтқандай,  тәуелсіздіктің 23 жылында еліміздің алған асуы қомақты. Бүгінде халқымыздың әл-ауқаты жақсарып,  экономикамыз қарқынды дамып келеді.
Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың: «Еліңнің ұлы болсаң, еліңе жаның ашыса, адамзаттық намысың болса, қазақтың ұлттық жалғыз мемлекетінің нығайып-көркеюі жолында жан теріңді сығып жүріп, еңбек ет. Жердің де, елдің де иесі өзің екеніңді ұмытпа!», – деген сөзі ел ертеңі-жастарды тәуелсіздікті тұғырлы ете отырып,  елімізді еңселі ету жолында  аянбай тер төгуге үндейді.  Олай болса,  ынтымағы мен бірлігі жарасқан, көп ұлтты тәуелсіз  еліміздің болашағы -жастар  ел алдында тұрған  маңызды міндеттерді жүзеге  асыра отырып, тәуелсіздігімізді нығайта беретін болады.

 

Халыққа жолдау

 

ЖАРНАМА

mod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_countermod_vvisit_counter
mod_vvisit_counterБүгін246
mod_vvisit_counterКеше1189
mod_vvisit_counterОсы аптада1435
mod_vvisit_counterӨткен аптада10971
mod_vvisit_counterОсы айда40436
mod_vvisit_counterӨткен айда34753
mod_vvisit_counterБәрі2247822

Серіктестер